323
дене және ақ қабықпен байланысады. Қырлы байлам талшықтарының аралықтарында
Фонтан кеңістіктері
деп аталатын саңылаулар орналасқан. Нұрлы қабықтың ішінде
бірыңғай салалы: дөңгелек бағыттағы
қарашықты тарылтатын бұлшықет, m. sphincter
pupillae,
және тарамдалған (радиарлы)
қарашықты кеңейтетін бұлшықет, m. dilatator
pupillae,
орналасады. Көзге түсетін жарық көбейгенде қарашық тарылады, жарық
азайғанда кеңейеді.
Кірпікті дене,
corpus сiliare,
тамырлы қабықтың ортаңғы қалыңдаған бөлігі, ол
нұрлы қабықтың артында, ақ қабық пен мөлдір қабықтың шекарасы аймағында
орналасқан. Кірпікті дененің: алдыңғы
кірпікті тәж, corona ciliaris,
және артқы ,
кірпікті шеңбер, orbiculus ciliaris,
деп аталатын екі бөлігін ажыратады. Кірпікті тәж
тамырларға бай,тарамдала (радиарлы) бағытталған 70 шамасындағы
кірпікті
өсінділерден, processus ciliaris,
түзілген. Оларда
сулы ылғал, humor aquosus,
түзіліеді.
Кірпікті тәж бен көзбұршақтың қапшығын
кірпікті белдеу, zonula ciliaris,
байланыстырып
тұрады. Кірпікті шеңбер
кірпікті бұлшықеттен, m. ciliaris,
түзілген. Кірпікті бұлшықет
жиырылған кезде
zonula ciliaris
, босаңсиды да көзбұршақтың дөңестігі ұлғаяды, ал,
кірпікті бұлшықеттің жиырылуы тоқтап, бұрынғы қалпына келген кезде, көзбұршақтың
дөңестігі кішірейіп, көздің анық көруі (аккомадациясын) қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: