Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет39/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
Буындар (синовиалық қосылыстар) 
 
Буындар 
немесе 
синовиалық қосылыстар, 
articulationes synoviales,
сүйектердің 
үздікті қосылыстары болып табылады. Буын үш құрылымдық бөліктен: шеміршекпен 
жабылған буындық беттерден, буын қапшығынан және буын қуысынан түзіледі. 
Буындық беттер
, facies articulares,
гиалинді шеміршектің (сирек жағдайда 
талшықты шеміршектің) жұқа қабатымен (0,2-0,5 мм) жабылған. Буындық беттердің 
шеміршектерінің пішіндері және көлемдері әртүрлі болады. Кейбір буындарда олар бір-
біріне сәйкес болса (конгруэнтті), басқаларында – сәйкессіз, пішіндері мен көлемдері 
әртүрлі (инконгруэнтті) болып келеді. 
Буын қапшығы
, capsula articularis,
негізінен буындық беттердің жиегіне немесе 
олардан сәл шеттеу бекиді. Ол екі қабаттан: сыртқы – фиброзды жарғақ пен ішкі – 
синовиалық жарғақтан түзілген. 
Фиброзды жарғақ, membrana fibrosa,
көршілес 
сүйектердің сүйектік қабығымен тығыз бітісіп кетеді. 
Синовиалық жарғақ,
membrana 
synovialis, 
фиброзды жарғақты ішкі жағынан буындық шеміршекке дейін жауып 
жатады және синовиалық сұйықтық (синовия, synovia) бөледі. Синовиалық жарғақ 
жұқа, мөлдір болып келеді және 
бүрлері, villi synoviales,
болады, ал кейбір буындарда 
олардың 
қатпарлары, plicae synoviales,
және буынның сыртына шығатын 
қаптары, 
bursae
synoviales,
кездеседі. Бүрлер мен қатпарлар синовиалық сұйықтық бөледі
,
ал 
қаптар бұлшықеттің сүйек бетімен жылжуын жеңілдетеді. 
Буын қуысы
, cavitas articularis, 
буындық беттермен және буын қапшығымен 
шектелген, ішінде синовиалық сұйықтық бар, саңылау пішінді тұйық кеңістік. 
Буынның ішіндегі теріс қысым сүйектердің бір-бірінен ажырамауына жағдай 
жасайды. Синовиалық сұйықтық буындық беттерді ылғалдап, олардың үйкеліс күшін 
азайтады және оларды қоректендіруге қатысады. 
Бірқатар буындардың басқа буындарда кездеспейтін қосымша анатомиялық 
құрылымдары: диск, мениск және ернеулері болады. 
Буындық диск, discus
articularis, 
– шеміршек табақша, буын қуысын толық (өзара 
қатынаспайтын) екі бөлікке бөледі. 
Буындық мениск,
meniscus
articularis,
тізе буынында кездеседі, пішіні жартыай 
тәрізді шеміршек, буын қуысын жартылай екі қабатқа бөліп тұрады. 


84 
Буындық ернеу, labrum articulare, 
– буындық ойыстың жиегіне бекіп, оны 
тереңдете түседі. 
Диск, мениск, ернеулер буындық беттердің бір-біріне сәйкессіздігін жояды немесе 
азайтады. Дисктер және менисктер қимыл кезіндегі селкілді азайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет