Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Қол сүйектерінің қосылыстары



Pdf көрінісі
бет50/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Қол сүйектерінің қосылыстары 
Қол сүйектерінің арасындағы қосылыстардың түрлері қолдың алуан түрлі қызмет 
атқаруына мүмкіндік береді. Мысалы, қолдың және аяқтың ұқсас буындарын (иық және 
ұршық буындары, кәрі жілік-білезік және сирақ-асық буындары) салыстырсақ қол 


97 
буындарындағы қимыл аяқ буындарына қарағанда ауқымды және әртүрлі болады. Қол 
сүйектерінің қосылыстары: иық белдеуінің және қолдың еркін бөлігінің буындары 
болып екіге бөлінеді. 
Иық белдеуінің қосылыстары 
1.
Төс-бұғана буыны
, articulatio sternoclavicularis,
төстің бұғаналық тілігі 
мен бұғананың төстік шеті арқылы түзілген. Буын қапшығы буындық беттердің 
жиектеріне бекиді. Буын қуысының ішінде 
буын дискі, discus articularis
орналасқан. 
Бұл буын – қарапайым, кешенді, пішіні бойынша әртүрлі: жалпақ немесе 
ертоқымтәрізді буындарға жақын болып келеді. Буынның ішінде буын дискінің 
болуына байланысты көп білікті буын ретінде қызмет атқарады. Сагитталды біліктің 
айналасында бұғананы көтеру және түсіру, вертикалды білік айналасында бұғананың 
акромиондық шетінің алдыға және артқа жылжуы, бұғананың өз білігі (фронталды) 
бойынша айналуы ( қолды иық буынында бүгу және жазу кезінде ) іске асады. 
Буынды: бірінші қабырғаның шеміршегі мен бұғананың төстік шетінің төменгі 
бетінің аралығында тартылған мықты 
қабырға-бұғаналық байлам, lig. costoclaviculare

буын қапшығының алдыңғы және артқы беттеріндегі 
төс-бұғаналық алдыңғы 
және 
артқы байламдар, ligg. sternoclavicularia anterius et posterius,
екі бұғананың төстік 
шеттерін қосатын – 
бұғанааралық байлам, lig. interclaviculare,
бекітеді. 
Бұғана қозғалған кезде онымен қосылған жауырын және қолда қимылдайды. 
Акромион-бұғана 
буыны

articulatio 
acromioclavicularis, 
– 
бұғананың 
акромиондық шеті мен акромионның буындық бетінің арасында түзілген. Буын 
қапшығы буындық беттердің жиегіне бекиді. Өте сирек жағдайда 
discus articularis
кездеседі. Буын пішіні бойынша жалпақ, қызметі бойынша көп білікті. Буындық 
беттерінің айырмашылығының жоқ дерлік болуына байланысты бұл буындағы 
қозғалыс көлемі де өте аз болады. Буын қапшығын 
акромион-бұғана байламы, lig. 
acromioclaviculare,
бекітеді. Буынды 
құстұмсықтәрізді-бұғана байламы, lig. 
coracoclaviculare
, бекітіп тұрады. Байлам processus coracoideus-тің түбірінен басталып 
бұғананың конустәрізді төмпешігі мен трапеция тәрізді сызығына барып бекитін: 
конустәрізді, lig. conoideum
(медиалды және артта орналасқан) және 
трапециятәрізді, 
lig. trapezoideum,
(латералды және алдында) екі бөліктен тұрады. 


98 
Иық белдеуі аймағында буындарға қатысы жоқ жауырынның меншікті үш 
байламы бар. Олардың біреуі 
құстұмсықтәрізді-акромиондық байлам, lig. 
coracoacromiale,
акромионның алдыңғы жиегі мен құстұмсықтәрізді өсіндінің арасында 
орналасқан ұшбұрышты, жалпақ мықты байлам. Ол иық буынының «күмбезі» болып 
табылады да, қолды сагитталды біліктің айналасында әкеткен кезде тоқпан жіліктің 
жоғары қозғалуын шектеп тұрады. 
Жауырынның жоғарғы көлденең байламы, lig. transversum scapule superius

жауырын тілігінің үстінде орналасып, тамырлар мен нервтер өтетін тесік түзеді. 
Жауырынның төменгі көлденең байламы, lig. transversum scapule inferius,
акромионның негізі мен буындық ойыстың артқы жиегінің арасында орналасқан қысқа, 
жіңішке буда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет