109
құлауына кедергі болады. Байлам мықындық алдыңғы
төменгі қылқаннан басталып,
ұрышқаралық сызыққа бекиді.
Қасаға-ортан жілік байламы, lig. pubofemorale,
қасаға сүйектің жоғарғы
тармағынан басталып, ұршықаралық сызықтың төменгі бөлігіне бекиді.
Шонданай-ортан жілік байламы, lig. ischiofemorale,
буынның артқы жағында
орналасқан, шонданай сүйектің денесінің алдыңғы бетінен басталып ортан жіліктің
ұршықтық шұңқырына бекиді. Аталған үш байлам буын қапшығымен тұтасқан.
Дөңгелек аймақ, zona orbicularis,
– буын қапшығының
фиброзды жарғағының
ішінде орналасады, ортан жіліктің мойнын орап өтіп, мықындық алдыңғы төменгі
қылқанның астына бекиді.
Ұршық буынының
пішіні тостағантәрізді, көпбілікті буын. Фронталды білік
айналасында бүгу (105-120°) және жазу (15°-қа дейін), бүгу кезінде сан алдыға, жазу
кезінде артқа қозғалады. Сагитталды білік бойынша әкелу (35°-қа дейін) және әкету
(75°-қа дейін) қимылдары, вертикалды білік айналасында ішке айналу (пронация) және
сыртқа айналу (супинация) қозғалыстары (жалпы айналу көлемі 40-45° шамасында)
және шеңбер бойынша қозғалу (циркумдукция) іске асады.
Тіректік қызметіне байланысты ұршық буынындағы
қозғалыс көлемі иық
буынына қарағанда шектеулі, себебі: ұршық ойысы терең, яғни қосылысатын буындық
беттер көлемінің айырмашылығы аз, байламдары жақсы дамыған және буынды күшті
бұлшықеттер қоршап жатады. Осыған байланысты ұршық буынының шығып кетуі
сирек кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: