120
9. Іштің көлденең бұлшықеті – m. transversus abdominis
10.Белдің шаршы бұлшықеті – m. quadratus lumborum
Кеуде және іш аймақтары
1.
Алдыңғы төстік аймақ, regio presternalis, төстің үстінде орналасқан.
2.
Бұғана астылық шұңқыр, fossa infraclavicularis.
3.
Бұғана – төстік үшбұрыш (дельта – төстік үшбұрыш), trigonum clavipectorale
(trigonum deltopectorale), дельта тәрізді бұлшықет, кіші кеуделік бұлшықет және
бұғанамен шектелген.
4.
Дельта аймағы, regio deltoidea, аттас бұлшықетке сәйкес келеді.
5.
Қолтық аймағы, regio axillaris. Қолтық шұңқыры, fossa axillaris.
6.
Кеуде аймағы,
regio pectoralis, үлкен кеуделік бұлшықетке сәйкес келеді.
7.
Кеуде астылық аймақ, regio inframammaria. Сүт без аймағының (regio mammaria)
астында орналасқан (сүт безіне сәйкес келетін кеуде аймағы)
8.
Кеуденің бүйір аймағы, regio pectoralis lateralis.
9.
Қабырға асты, hypochondrium, қабырға астылық аймақ, region hypochondriaca,
бұғаналық ортаңғы сызықтың латеральді жағында, кеуде аймағымен
транспилорикалық жазықтықтың арасында жатыр.
10.
Бүйір (бүйірлік аймақ), latus (regio lateralis). Бұғаналық ортаңғы сызықтың
сыртында, транспилорикалық және қыраралық жазықтықтардың арасында
орналасқан.
11.
Кіндік (кіндік аймағы), umbilicus (regio umbilicalis), бұғаналық ортаңғы
сызықтың ішкі жағында, транспилорикалық және қыраралық жазықтықтардың
арасында жатыр.
12.
Құрсақ үсті (құрсақ үстілік аймақ), epigastrium (regio epigastrica), бұғаналық
ортаңғы сызықтың ішкі жағында, транспилорикалық
және кеуде аймағы
арасында орналасқан.
Арқаның беткей бұлшықеттері:
1.Трапеция тәрізді бұлшықет – m. trapezius
2.Арқаның аса жалпақ бұлшықеті – m. latissimus dorsi
3.Кіші ромбтәрізді бұлшықет – m. rhomboideus minor
4.Үлкен ромбтәрізді бұлшықет – m. rhomboideus minor