141
Ауыздың дөңгелек бұлшықеті
,
m.orbicularis oris:
1 - еріндік бөлігі,
pars labialis
, еріндердің негізінде жатады;
2
- жиектік бөлігі,
pars marginalis
, ауыз аймағын жиектеп жатады да,
жақын жатқан
бұлшықеттерге ауысады;
- қызметі: ауыз саңылауын жабу.
Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықет
,
m.levator labii superioris
:
- басталатын жері: көзұяасты жиегі;
- бекитін жері: мұрын-ерін қатпарының терісі;
- қызметі: жоғарғы ерінді көтеру.
Үлкен және кіші бетсүйек бұлшықеттері
,
mm.zygomaticus major et minor:
- басталатын жері:
os zygomaticum
;
- бекитін жері: езу терісі және ұрттың шырышты қабығы;
- қызметі: езуді жоғары және латералді жылжыту.
Күлкі бұлшықеті
,
m.risorius:
- басталатын жері:
f.parotidea et masseterica;
- бекитін жері:
m.depressor anguli oris
-ке қосылады;
- қызметі: езуді латералді тартады.
Езуді түсіретін бұлшықет
,
m.depressor anguli oris:
- басталатын жері:
mandibulae
-нің төменгі жиегі;
- бекитін жері: езудің терісі;
- қызметі: езуді төмен тартады.
Езуді көтеретін бұлшықет
,
m.levator anguli oris:
- басталатын жері:
fossa canina;
- бекитін жері: жоғарғы еріннің терісі мен шырышты қабығы;
- қызметі: езуді жоғары көтереді.
Төменгі ерінді түсіретін бұлшықет
, m.depressor labii inferioris
:
- басталатын жері:
mandibula
(
foramen mentale
астында);
142
- бекитін жері: төменгі еріннің терісі мен шырышты қабығы;
- қызметі: төменгі ерінді түсіреді; оны латералді жаққа тартады.
Иек бұлшықеті,
m.mentalis:
- басталатын жері
: jugum alveolare mandibulae
;
- бекитін жері: иектің терісі;
- қызметі: иек терісін көтереді.
Ұрт бұлшықеті
,
m.buccinator:
- басталатын жері:
crista buccinatoria mandibulae; raphe pterygomandibulare
;
- бекитін жері: ұрттың, жоғарғы және төменгі еріндердің шырышты қабығы;
- қызметі: езуді артқа тарту, ұртты жиыру.
Достарыңызбен бөлісу: