Оқулық жазды. Орыс мəдениетінің көрнекті қайраткерлері А. Н



Pdf көрінісі
Дата12.12.2022
өлшемі165,06 Kb.
#56562
Байланысты:
Новая презентация



Петр Ильич Чайковский (7 мамыр 1840/25 сəуір/, Воткинск, 
Вятская губерниясы, Ресей империясы — 6 қараша 1893 ж./25 
қазан/, Санкт-Петербург) — Ресейкомпозиторы, дирижер, 
педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі.
1852 жылы Чайковскийдің отбасы Санкт-Петербург қаласына 
қоныс аударды.Алғашында Құқықтану училищесінде (1850 — 59) 
оқып, оны бітіргеннен кейін Заң министрлігінде (1859 — 63) 
лауазымды қызмет атқарды.Бірақ музыкаға деген шексіз 
ынтызарлық оны орыс музыка қоғамының музыка класына (1861 
— 62), одан кейін Санкт-Петербург консерваториясына (1862 — 
65) алып келді. Консерваторияны үздік бітірген Чайковский 
аталмыш оқу орнында комп. А.Г. Рубинштейннен тəлім 
алды.1866 ж. Мəскеу қаласына қоныс аударған ол ұстаздық етіп, 
консерваторияның проф. (1866 — 78) ретінде көп еңбектенді. 
Осы кезде 1-симфониясын (“Қысқы ойлар”, 1866) жəне 
“Воевода” операсын (1968) жазды əрі музыка сыншысы ретінде 
(1868 жылдан) танылды.Ол — Ресейде гармония туралы тұңғыш 
оқулық жазды. Орыс мəдениетінің көрнекті қайраткерлері А.Н. 
Островский, П.М. Садовский, Н.Г. Рубинштейн, т.б-лармен 
жақын, пікірлес болу Чайковскийдің эстет.-көркемдік 
көзқарасының қалыптасуына игі ықпал жасады.


1868 жылдан Чайковский “Құдіретті топ” композиторларымен шығарм. қарым-қатынаста болып, комп. М.А. 
Балакиревтің кеңесімен У.Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” трагедиясының сюжетіне увертюра-
фантазиясын жазды. Жеке отбасылық өміріндегі сəтсіздіктен арылу мақсатымен бірнеше жылға шет елге 
кетуге мəжбүр болды. Осы кезде шығарған муз. шығармаларынан Чайковскийдің көп уақытқа дейін 
музыкадағы өзіне тəн стилін таба алмағандығы байқалады. Н.Ф. фон Мекк деген əйел композиторға 
моральдық жəне материалдық көмек көрсетуі арқасында Чайковский қыруар, жемісті жұмыс істеді. 
“Опричник” (1872), “Ұста Вакула” (1874) опералары, “Аққу көлі” (1876) балеті, 2 — 3-симфониялары сияқты 
муз. туындыларынан Чайковский шығарм-ның жан-жақты толысып, өскендігі айқын байқалды. Ол өз 
шығарм-нда, əсіресе, бағдарламалық симф. музыкаға зор көңіл бөлді. Композиторлық қызметімен қатар 
Мəскеудің муз.- қоғамдық өміріне де белсене қатысты. Ч. шығарм-ның шоқтығы биік туындыларының бірі — 
4-симфониясы (1877) мен “Евгений Онегин” (1878) операсы болды. Бұдан кейін “Орлеан қызы” (1879), 
“Мазепа” (1883) опералары мен “Мəскеу” (1883) кантатасы, бірнеше сюита, концерттері өмірге келді.
Композитор таланты Бүкілресейлік ресми орындары тарапынан танылып, ол 1884 ж. Əулие Владимир 
орденімен марапатталды.Көп ұзамай Чайковский Орыс музыка қоғамы бөлімінің директоры (1885, Мəскеу 
қ.) болып тағайындалды. Бұл кезде оның есімі Ресейден тыс, шет елдерге де кеңінен танылды. Өмірінің 
соңғы жылдары Чайковский дирижерлік өнерге көп көңіл бөлді.1887 ж. 13 қаңтарда Мəскеу қаласындағы 
Үлкен театрда өзінің алғаш қойылған “Зер кебіс” операсына дирижерлік етті.1887 — 93 ж. дирижер ретінде 
Ресейдің (Мəскеу, Санкт-Петербург) жəне Украинаның (Киев, Одесса, Харьков) көптеген қалаларында, 
сонымен қатар Батыс Еуропада (Германия, Чехия, Франция, Англия) гастрольдік сапарда болды. Осы тұста 
комп. И.Брамс жəне Э.Григпен танысты. 1891 ж. АҚШ-қа барып, бірнеше симф. концерттерге дирижерлік 
етті.1892 ж. Француз ин-тының құрамындағы Əсемдік өнер академиясының корр. мүшесі, 1893 ж. Кембридж 
ун-тінің құрметті докт. болып сайланды.


1880 — 93 ж. аралығында “Сиқырлы сұлу” (1887), “Қарғаның мəткесі” (1890), “Иоланта” (1891) опералары 
мен “Ұйқыдағы ару” (1889), “Шаттауық” (1892) балеттерін, 5-симфониясын (“Патетикалық”, 1893), 
“Манфред” бағдарламалық симфониясын (1885), У.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясының сюжетіне жазған 
увертюра-фантазиясын (1888), фортепьяно мен оркестрге арналған 3-концертін, т.б. муз. шығармаларын 
өмірге əкелді.1893 ж. қазан айында Санкт-Петербург қаласында автордың басқаруымен тұңғыш рет 6-
симфониясы орындалды. Чайковский 10 опера, 3 балет, 2 драм. спектакльге музыка, 6 симфония, 20-ға 
жуық оркестрге арналған шығарма, 4 концерт, 3 кантата, 3 квартет, трио жəне секстет, 100-ден астам 
фортепьяноға арналған пьеса, көптеген романстар, əндер, т.б. жазған. Чайковский шығарм-ның ең басты 
жанры симф. шығармалар. Л. ван Бетховеннен кейін дүниежүз. симф. өнерінің дамып жетілуіне Чайковский 
шығарм-ның мəн-маңызы зор болды. Симф. музыканың асқан шебері атанған композитордың бұл 
саладағы еңбектерінің шыңы — 6-симфониясы (“Патетикалық”). Адамға деген сүйіспеншілік сезімге, 
сондай-ақ өмір қайшылықтарына қарсы наразылыққа толы бұл туынды сол кездегі алдыңғы қатарлы 
демокр. орыс өнерінің озық үлгілеріне жатады. Чайковский өз операларында небір тамаша ұмытылмас 
образдар галереясын жасады. “Евгений Онегин” операсында композитор қарапайым адамдар өмірінен 
“құпия, бірақ күшті драма” жазу идеясын іске асырды. Чайковский шығарм. балет өнерінің өркендеп, дамуы 
жолында жаңа кезең болды. Оның муз. туындылары барлық елдерде кеңінен тарап, халықтың рухани 
игілігіне айналды.


Мəскеу жəне Киев қалаларындағы консерваториялар, Пермь қаласындағы опера жəне балет театры, 
Мəскеудегі концерт залы, көптеген муз. оқу орындары (колледждер мен мектептер; мыс., 1940 жылдан 
Алматы қаласындағы музыка колледжі мен көше) композитор есімімен аталды.
1958 жылдан Мəскеу қаласында (4 жылда бір рет) П.И. Чайковский атынд. пианинода орындаушылар 
байқауы өткізіліп тұрады. Композитордың Клин қаласындағы мұражай-үйі (1894) жəне Воткинскідегі 
мемориал мұражайы (1940) бар. 1939 жылдан Қазақтың мемл. академ. Қ.Байсейітов), “Қарғаның 
мəткесі”, “Иоланта” опералары; “Ұйқыдағы ару”, “Шаттауық” балеттері
К.Байсейітова, Р.Жаманова мен Х.Қалиламбекова(Татьяна), Б.Досымжанов, М.Абдуллин мен Ə.Дінішев 
(Ленский), Қ.Жандарбеков (Ротный), Ү.Тұрдықұлова (Күтуші əйел) мен А.Үмбетəлиев (Гремин; бəрі де 
“Евгений Онегин” операсында); Ə.Үмбетбаев (Герман) пен М.Мұсабаев (Елецкий; екеуі де “Қарғаның 
мəткесінде”); Р.Жұбатұрова (Иоланта) мен опера жəне балет театрында Ч-дің “Евгений Онегин” (реж. 
қойылып келеді; кезінде осы қойылымдарға Р.Абдуллин (Онегин), К.Бейсалиев Р.Байсейітова (Одетта —
Одиллия), Р.Бапов (Зигфрид; “Аққу көлі” балетінде), З.Қастеева (Аврора), т.б. сынды əншілер мен 
бишілер қатысып, сахналық өнер биігінен көрінді.



Балалар альбомы» жинағында П. И. Чайковский əрбір пьесаға лайықты, жақсы суреттемелер берген. Бұл 
жинақтағы «Полька», «Мазурка», «Камаринская» деген пьесалар биге арналған. «Бозторғай» пьесасы 
табиғатпен, «Қуыршақтың ауыруы мен өлімі» жəне «Аттар ойыны» пьесалары балалардың ойынымен, ал 
«Əженің ертегісі» жəне «Мыстан кемпір» пьесалары ертегімен байланысты. Осы альбомнан бірнеше 
шығармаларды тыңдап көрелік
Игра в лошадки»
«Мама»
«Болезнь куклы», «Похороны куклы», «Новая кукла», «Старинная французская песенка», 
«Комаринская», «Неопалитанская песня».


Фортепианолық цикл. «Жыл мезгілдері» (Времена года).
Композитор өз шығармалары арқылы өмірге деген шексіз құштарлығын 
білдіреді. Ол туған жерінің табиғатын ерекше жақсы көрді. Айналадағы 
ортадан жақсы əсер алатын: үлкен ағаштар мен гүл шоқтары, көк аспан мен 
құстың сайрағаны, ғажайып табиғат əсемдігі оны еріксіз табындырушы еді. 
Жыл мезгілдерінің əрқайсысынан түрлі құбылыстарды сезе білетін. Қыста 
көзіне шағылысып, жылтылдап жатқан əппəқ қарды, ашық аспанды жақсы 
көретін. Көктемгі таза ауа, қар астынан жаңа өсіп шыққан алғашқы көк шөп, 
қоныр салқын желді сағынатын. Жазғы мезгілде, құстың сайрағаны, көк 
шалғын шөп пен жасыл дала көз алдына елестейді. Күздің өзіне ғана тəн 
сұлу табиғат көріністерін тамашалайтын. Композитор табиғаттың өзі 
байқаған осындай керемет сұлулығын музыка тілімен жеткізуге тырысты. 
Жыл мезгілдері» атты жинақ, жылдың аттарымен байланысты он екі 
пьесадан тұрады. Мұнда композитор əр бір айға тəн мінез - құлқын 
шығарма арқылы жəне оның атауы арқылы суреттейді. Бұл цикл 
фортепиано аспабына арналған. (шығармалар тыңдату).
1) Январь – У камелька 7) Июль – Песнь косаря
2) Февраль - Масленица 8) Август – Жатва
3) Март – Песнь жаворонка 9) Сентябрь – Охота
4) Апрель - Подснежник 10) Октябрь – Осенняя песнь
5) Май – Белые ночи 11) Ноябрь – На тройке
6) Июнь - Баркарола 12) Декабрь – Святки




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет