■
түсірілімнің таңдалған режимдері, баптау, кескіннің өзі жəне т.б.
туралы ақпаратты дисплейге шығару жəне қалыптастыру.
Цифрлық камера процессорлары микробақылаушы құрамына
кіреді (MCU), ол процессор функциялары мен құрамында ЖЖҚ мен
ТЖҚ бар шеткері құрылғылардың функцияларын үйлестіреді.
Жады картасы
— үлкен көлемді деректерді, сонымен қатар
цифрлық камералармен алынатын кескіндерді ұзақ уақыт сақтауды
қамтамасыз ететін ақпарат тасымалдаушы. Цифрлық камераларда
ақпарат иесі əдетте флэш-жады карталары болып табылады.
Камералардың кейбір модельдерінің құрылымдық шешімдері
экспонирлеудің көпкадрлы жəне біркадрлы технологиясын бір
уақытта пайдалануға мүмкіндік береді.
Цифрлық камералардың маңызды сипаттамаларының қатарына
келесілері жатады: ажыратымдылық; интерфейстерін қолдау;
ақпарат тасымалдаушы көлемі.
Цифрлық бейнекамера
— бұл түсірілетін обьектілердің
жарықсезгіш элементте (матрица) оптикалық бейне алуға арналған
құрылғы, ол қозғалатын кескіндерді жазуға бейімделген. Әдетте ол
дыбысты параллель жазу үшін микрофонмен жабдықталады.
Цифрлық бейнекамералардың əрекет принципі мен құрылмалы
шешімдері фотокамералардын аз ерекшеленеді.
Canon, Olympus, Nikon, Sony цифрлық камералар жоғары
сапасымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: