1980 жылдардың ортасына дейін қатқыл дисктердегі жинақтауыштарда
ферриттік қалпақшалар қолданылған. Олардың орнын MIG-қалпақшалар
басты (MIG —
Metall in Gap)
– саңылауында металы бар қалпақшалар,
жұқа қабықты жұмыс қабаты негізіндегі жинақтауыштарды қолдануға
мүмкіндік берді. Қатқыл дисктердің сыйымдылығына қойылатын
талаптардың артуы жұқа қабыршақ қалпақшалардың (TF —
Thin
Film
) пайда болуына əкелді. Дисктің жұмыс бетінде осы қалпақшалардың
көмегімен қалыптастырылатын дисктің жұмыс бетінде қалдық магниттелу
учаскелерінің айқын шекаралары бар, ол деректерді жазудың жоғары
тығыздығына əкеліп соғады. Жұқа қабыршақ қалпақшалардың
конструкциясы мен сипаттамаларын бұдан əріғы жетілдіру нəтижесінде
магнитрезистивті қалпақшалар пайда болды
(Magneto-Resistive
— MR),
олар қазіргі уақытта 3,5" қатқыл дисктердегі жинақтауыштардың
көпшілігінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: