Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Flash-жады  негізгі типтері



Pdf көрінісі
бет59/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Flash-жады 
негізгі типтері 
қолданылады: 

CompactFlash Card 
— ауыспалы жады картасы сандық 
фотокмераларда; 

SmartMedia 
Card 
жинақты 
Flash-плеерлер, 
сандық 
фотокамералар үшін; 
■ 
Multi Media Card 
мобильдік құрылғылар үшін; 

SecureDigital Card 
аудио- жəне бейнетехника, мобильдік 
құрылғылар, сандық фотокамералар үшін; 
■ 
MemoryStick Card 
— Sony сандық техникасы. 
Сонымен қоса Flash-жады сақтауды, лезде жаңғырту мен 
алынған ақпаратты буферлеуді талап ететін автожауап бергіштерде, 
факстарда жəне басқа құрылғыларда қолданылатын дəстүрлі 
модульдер – жедел жады тақталары түрінде шығарылады. 
Сыртқы түрінен бөлек осы ауыспалы жады карталарының жазу- 
оқу жылдамдығында, ең үлкен жылдамдықта, энегрия пайдалануда 
принципалды ерекшеліктері бар. 
ДК пайдаланушылары арасында 
USB-Flash 
кең таралған

Flash- 
жинақтауыштарының осы типі 2001 ж. пайда болды жəне иілгіш 
магнит дисктердегі жинақтауыштарды белсенді түрде ығыстыра 
отырып жеткілікті түрде танымал бола бастады, өйткені кішкентай 
өлшемде үлкен жады көлемі болады, деректерді жылдам 
тасымалдауға қабілетті болады, жоғары беріктілікпен ерекшеленеді. 
Жинақтауышты пайдалану үшін оны компьютердің Windows ОЖ- 
мен USB-портқа жалғау жеткілікті. 
Құрылғыларды принципиалды тұрғызу схемасы 1995 ж. бері 
өзгеріссіз қалады, ол кезде «флэшкалар» алғаш рет өнеркəсіптік 
масшатбтарда өндіріле бастады. Негізінен USB Flash-карта үш 
негізгі элементтерден тұрады: 
■ 
USB жалғағышы — флэшка мен дербес компьютер жүйесі 
болсын, мультимедиялық орталық немесе автомагнитола жүйесі 
болсын компьютерлік жүйе арасындағы интерфейс; 
115 


■ 
жады контроллері — құрылғы жадысы мен USB жалғағышының 
байланысын орнатады жəне екі жаққа да деректер тасымалдауды 
жүргізеді; 
■ 
жады микросхемасы — USB Flash-картасының ең маңызды
бөлігі. Картада сақталатын ақпараттың көлемін, деректерді оқу- 
жазу шапшаңдылығын анықтайды. 
USB Flash-карталардың негізгі сипаттамалары жылдамдық пен 
жады көлемі табылады. 2016 ж. нарықта көрсетілген флешкалар 256 
Гбайт дейін жады көлеміне ие болды жəне 28,5 Мбайт/с ең көп жазу 
жылдамдығымен (Kingston HyperX Savage), ал ең көп оқу 
жылдамдығы 132 Мбайт/с (Kingston DataTraveler 150) қамтамасыз 
етті. Қосылу интерфейстері — USB 2.0 жəне USB 3.0, сондай-ақ 
micro USB. 
Флешкалар үшін USB-жалғағыштың төрт негізгі типі 
қолданылады: 
■ 
ашық жалғағыш 
ультра кіші флешкаларда кездеседі. Оның 
артықшылықтары — флешка өлшемінің кішіреюі, ақпаратқа қол 
жеткізудің жылдамдауы. Кемшілігі болып жалғағыштың 
контактілі пластинасының қорғанысының болмауы табылады, 
ол флешканың мықтылығын біршама төмендетеді; 
■ 
классикалық қақпақша 
— USB жалғағышы үшін сенімді 
қорғаныс. Заманауи қақпақшалар пластиктан ғана емес, 
резеңкеден де дайындалады. Резеңке қақпақша жалғағышты 
ылғалдан жəне шаңнан тиімді қорғауға мүмкіндік береді, 
сонымен қатар мұндай қақпақша корпуста жақсы ұсталады жəне 
бекіткішті талап етпейді. Осындай конструкцияның кемшілігі 
қақпақшаны жоғалту мүмкіндігімен байланысты. Бірақ 
сарапшылар осындай конструкциялы флешканы бірталай мықты 
деп есептейді; 
■ 
слайдер 
— USB жалғағышы флешка корпусында тығылады жəне 
арнайы сырғымамен одан алынады. Осындай шешімнің басты 
кемшілігі — бекіткіштің мүмкін сынуы. Сынған жағдайда 
флешканы қолдану күрделі болады, USB жалғағышын 
компьютер портына орнату мүмкін емес болады. Басқа
кемшілігі USB жалғағышының шаң мен ылғалдан нашар 
қорғанысы болатынында, тек физикалық əсерлерден ғана қорғай 
алатынында; 
■ 
жақша 
— шығып тұратын USB жалғағышы бар флешка
корпусы 
тұтқамен 
жабылады, 
оның 
корпус 
ұшында 
жалғағыштан қарсы бағытта айналу нүктесі болады. Осындай 
конструкцияның кемшілігі USB жалғағышты жабатын тұтқа 
жұмсақ бекіткішпен қамтамасыз етіледі, сондықтан оған 
флешканы орналастырған кезде жылжыту керек болады. Шаң 
116
мен ылғалдан қорғау көп жағдайда болмайды. 


Ресей нарығында əйгілі компаниялардың USB Flash- карталарын 
сатумен айналысатын көшбасшылар болып табылатындар: 
SANDISK, SILICON POWER, TRANSCEND, KINGSTON, QUMO. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет