Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Монитордың дизайны мен эргономикасы



Pdf көрінісі
бет72/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Монитордың дизайны мен эргономикасы. 
Монитордың биіктігі 
бойынша реттеу, жұмыс кезінде басты ию қажеттігімен байланысты 
жоғары шаршаудан құтылуға мүмкіндік береді, бірақ ол əр модельде 
болмайды. 
Монитор түйіршігінің ажыратымдылығы, пропорциясы мен 
өлшемі. 
Дербес компьютерлер үшін бұқаралық ақпарат құралдарының 
көпшілігі (бейне, ойындар, көптеген бағдарламалар мен сайттар) 16:9 
пропорциясымен жəне HD (1 366 х 768 пиксель), FullHD (1 920 х 1 080 
пиксель), WQHD (2 560 х 1 440 пиксель) жəне UltraHD (4K, 3 840 х 2 
160 пиксель) стандартты ажыратымдылықпен жобаланады. Осыған 
байланысты осындай ажыратымдылықты мониторларды таңдау 
ұсынылады — HD (шағын мониторлар), FullHD (орта жəне үлкен 
мониторлар), WQHD (орасан зор мониторлар) жəне UltraHD (үлкен 
жəне орасан зор мониторлар). 
Түйіршік өлшемі 
(экрандағы кескіннің ең кіші нүктесі) ақпаратты 
бейнелеу сапасына əсер етеді. Түйіршік өлшемі ірі болған сайын 
(түйіршіктілігі жоғары) — ұсақ қаріптер сонша жақсы оқылады, бірақ 
қалғанының бəрі дөрекілеу бейнеленеді – фото, бірқалыпты сызықтар 
жəне т.б. Түйіршік өлшемі кіші болған сайын (түйіршіктілік төмен) – 
фотосуреттер мен басқа күрделі объекттер соншалықты реалистік 
болып көрінеді, бірақ ұсақ қаріптер іс жүзінде оқылмайтын болуы 
мүмкін. 
Үдеріс 
мынадай 
болады, 
бағдарламалардың 
көбі 
масштабтауды дұрыс пайдаланады жəне сондықтан болашақта барлық 
жаңа мониторлар өте ұсақ түйіршіктермен шығарылатын болатын, бұл 
кезде кескін өте айқын жəне шындыққа негізделген болады, ал ұсақ 
қаріптер – жарамды деңгейге дейін дұрыс үлкейтілген. Көптеген 
жағдайда мониторлардың түйіршіктерінің өлшемі: 
141 


■ 
18,5 ...20,1" — ірі (0,27 ...0,30 мм); 
■ 
21 ...22" — ұсақ (0,24 ...0,25 мм); 
■ 
23" — орта (0,265 мм); 
■ 
23,6 ...24" — ірі (0,27 ...0,28 мм); 
■ 
27 ...28" — өте ірі (0,31 ...0,32 мм); 
■ 
29" аса — ортадан өте іріге дейін (0,26 ... 0,31 мм). 
Сарапшылардың пікірі бойынша, баға, диагональ мен түйіршік 
өлшемінің ең жақсы қатынасы 24-дюймдік FullHD-мониторларында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет