Оқыту ортасын дамыту құралдары Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:
компьютерлiк үйрету бағдарламалары
электрондық оқу құралдары
компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау
электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
аудио және видеоматериалдар
Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар
Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.