Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет88/111
Дата19.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#35036
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Лопе де Веганың реалистік эстетикасының ерекшеліктері?

  2. Лопе де Вега пьесаларының жанрлық классификациясы?

  3. Тарихи драмаларындағы халық пен билеушілер бейнелері?

  4. «Севиль жұлдызы» драмасындағы дворяндыққа қарсылық сыны?

  5. Кальдерон драматургиясының кейіпкерлер жүйесі?

    1. тарау.

ХVІІ ғасырдағы француз әдебиеті


ХVІ ғасырда Францияда феодалдық озбырлыққа қарсыәлеуметтік күрестер күшейеді. Бірақ феодал зодагондар оппозицияшыл күштер ортасындағы қайшылықтарды пайдаланып, оларды таратып жібереді, бір топты екінші топқа қарсы қою және мемлекетте діни жанжалдар шығару арқылы өз билігін сақтап қалады.
ХVІ ғасыр аяғында таққа отырған Генрих ІV дәуірінде король өкіметі наразы феодалдарды бастыру және орталықтанған билікті орнату үшін көп әрекеттенеді. Людовик ХІІІ дәуірінде (ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында) мемлекетті басқару ісіне белсенді араласқан кардинал Ришелье монархиялық билікті нығайтып, провинцияларды орталыққа толық бағындырады. Мәдени өмір саласында да жеке қадағалау орнатады. Ришелье сауда мен өндірісті дамытуға ерекше көңіл бөледі, тұрақты қосын мен флот құрады, халыққа ауыр салықтар салады. Бұл жағдай шаруалар наразылығын туғызады. Людовик ХІІІ өлімінен соң, оның кәмелетке толмаған ұлы Людовик ХІV мемлекет басына келеді. Бірақ мемлекет ісін кардинал Мазарин өз қолына алады. Осы оқиғадан пайдаланып, тарихта фронди атымен аталған дворяндар оппозициясы бас көтереді, ол халық наразылығынан пайдаланып, билікке қарсы 4 жыл (1648-1652) ұрыс жүргізеді. Бұл әрекет басшыларының халық мүддесіне қайшы ұмтылыстарын сезген кедей халық одан шеттей бастайды. Мазарин өлген соң, жиырма үш жастағы Людовик ХІV- нің өзі мемлекетті еркін басқаруға кіріседі.
Людовик ХІV билігінің бірінші дәуірі фронди қарсылығын бастыру, жеке билікті нығайтумен аяқталса, екінші дәуірде король өкіметі дағдарысқа ұшырайды. Бұл дағдарыс Людовик ХІV-нің жүргізген соғыстарының сәтсіздікке ұшырауымен және Генрих ІV тарапынан гугеноттарға берілген діни еркіндік туралы жарлық күшінің жойылуымен байланысты болды. Нәтижесінде көптеген гугеноттар (өнершілер мен саудагерлер) мемлекетті тастап кетті, ауыр салықтар болса шаруаларды күйзеліске ұшыратты.
ХVІІ ғасырдағы француз әдебиеті мен өнерінде классицизм
стилі өзінің ең жоғары дамуы сатысына көтерілді. Классицизм нығайып бара жатқан және заң негізінде іс жүргізген жеке биліктің ресми әдеби стилі еді. Жеке билікті орнатушылардің бірі болған Ришелье әдебиетте қатаң формаларға бағыну керектігі туралы талап қояды. Ол осы міндетті француз академиясына жүктейді. Бұл академия тілді де мемлекетке бағындыруы және дербес француз тілінің сөздігін құрастыруы тиіс болды.
Францияда классицизмнің дамуына себеп болған екінші жағдай, осы дәуірдің ірі қайраткерлері Декарт пен Гассенди философиясының әсері еді. Декарттың рационалдық философиясы, әсіресе Гассендидің материалистік көзқарастары классицизмнің маңызды белгісіне айналады.
Декарт пікірлері материалистік рухта болғанымен, ол орта ғасырлық діни ілімнен толық қол үзе алмайды. Осыған қарамастан,ол діни-схоластиканы жоққа шығарып, ғылымның еркіндігіне сара жол ашып берді. Декарт өз рационализмінде ақиқатты тәжірибеден, заттық дүниеден емес, ал ақыл-ойдан, санадан іздеді. Оның пікірінше «сана – ақиқаттың бірден-бір өлшемі болады». Классицизм теорияшылары ақыл-ой күшіне қатты сенеді және өз пікірлерін осыған негіздейді.
Француз классицизмінің алғашқы өкілі ақын Малерб (1555-1628) «барлық нәрсе ақыл-ойға негізделуі тиіс, феодалдық алауыздықтар мемлекеттің саяси істеріне қандай зардаптарын тигізсе, сол сияқты өнерде де эмоциялы анархия жазушының пікірін бұзады, шығарманың шынайылығын, композициялық бүтіндігін жояды», деп қаламгерді ақыл әміріне бағынуға шақырады. Оның теориясы өкімет саясатына сай келеді, себебі «ақыл әмірі» жоғарыдан, сарайдан берілетін. Малерб сарай ақыны ретінде өз одаларында король (Генрих ІV) өкіметі мен саясатын мадақтайды. Феодалдық бытыраңқылықты сынға алып, адамның ақыл-ой құдіретіне сеніммен қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет