ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ж. Т. Қобланов
ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ
Оқулық
Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен
Алматы, 2011
Төрт бөлімнен тұратын оқулықтың алғашқы екі бөлімінде ежелгі грек және рим әдебиеті, соңғы екі бөлімде Қайта өрлеу дәуірі мен классицизм әдебиеті өкілдерінің басты шығармалары талданып, олардың өз кезіндегі рухани қызметі сараланады. Әрбір әдеби кезеңнің тарихи-әлеуметтік жағдайына, тарихи оқиғаларға шолу жасалып, әдебиеттің даму тенденциясы осы жағдайлармен байланыстырыла көрсетіледі.