152
ақындардың барлығы дерлік өз шығармаларында Август тарапынан
орнатылған жаңа билікті мадақтайды, принципске алғыс айтады.
Сондықтан республикалық құрылыстан императорлық жүйеге
өту кезіндегі әдебиеттің негізгі ерекшелігі - мадақтау ғана. Бірақ,
осыған қарамастан, Октавиан заманы, Рим поэзиясының көркемдік
тұрғыда өте жоғары дәрежеге көтерілген
«алтын дәуірі»
болды.
Август салтанаты жылдарында еңбек еткен Вергилий, Гораций,
Овидий секілді ұлы ақындар өздерінің шығармаларымен Рим
поэзиясын грек әдебиетінің классикалық дәуірінен қалыспайтын
және кейіншелік дүниежүзілік әдебиеттің дамуына күшті ықпал
еткен әдебиет дәрежесіне көтерді. Императорлық биліктің алғашқы
дәуірлеріндегі Рим поэзиясы көркемдік жағынан қанша сұлу
болғанымен, мазмұны жағынан, саяси өзектілік, заманагөйлік,
халықшылдық тұрғысынан қарағанымызда грек әдебиетінен, б.з.б.V
ғасырдағы грек драматургиясынан өте төмен жатыр. Империя
дәуірінде сөз еркіндігіне тосқауыл қойылғандықтан, әдебиеттің
көптеген түрлері дамыған жоқ. Бұл салада шешендік өнер мүлдем
маңызын жояды. Республика жылдарындағы әдебиетке қатысты
қолданылатын «алтын дәуір» атауын поэзиядан өзге жанрларға
айту мүмкін емес. Егер де, дәл республика жылдарындағы сияқты,
императорлық дәуірде де әдебиетке көбірек еркіндік берілгенде,
Август саясатын сынайтын шығармалардың тууы күмансыз еді.
Мүмкін, мұндай шығармалар болғанда шығар, бірақ олар бізге
дейін жетпеген.
Достарыңызбен бөлісу: