Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Троя соғысы туралы мифтерді тарихи шындықпен
салыстырыңыз.
2. «Илиада» поэмасындағы композициялық ерекшеліктерді
түсіндіріңіз.
3. «Илиада» поэмасындағы батырлар мен құдайлар
образдарына талдау жасаңыз.
4. «Одиссея» дастанының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
5. Эпопеядағы авторлық позиция қандай?
Гесиод
Гомер өз шығармаларында грек қоғамының қауымдық
кезеңiн және сонымен бiрге осы қоғамның iштей күйрей
бастаған уақытын суреттеген едi. «Илиада» заманында басталған
экономикалық дағдарыс шамамен бiздiң заманымыздан бұрынғы
VIII ғасырлардың соңы мен VII ғасырдың бастарына келiп, едәуiр
шиеленісе түседi. Соның нәтижесiнде ежелгi грек қоғамында туған
әлеуметтiк топтануға байланысты материалдық байлықтар кейбiр
жеке адамдардың, яғни тайпа басшыларының қолдарына өтедi.
Мемлекетте айқын, бiр-бiрiне қарсы екi әлеуметтiк топ, ақсүйектер
мен оларға тәуелдi төменгi топ - құлдар, жерi жоқ шаруалар, майда
және орта жер иелерi мен кәсіпкерлер пайда болды. Ақсүйектер
озбырлығының күшейiп баруы, салықтардың көбеюi, ақша
қатынастарының түбегейлi үстемдiк етуі салдарынан кедейленген
еңбекшi халықтың сол қоғамдық құрылысқа қарсы наразылығы
күшейдi. Өз заманынан түңілген шаруалар, әсiресе оның кедейленген
топтары ұзақта қалған бейғам патриархалдық дәуiрлердi аңсайды.
Мiне, осы жағдайлар жаңа әдеби жанр – дидактикалық эпосты
туғызады.
Грек әдебиетiндегi дидактикалық эпостың ең алғашқы үлгiсi –
Гесиодтың «Жұмыстар мен күндер» поэмасы.
Гомер туралы нақты деректердiң жоқтығы сияқты Гесиодтың
да өмiрi жайлы мәлiметтер сақталмаған. Гректiң ұлы тарихшысы
Геродот және басқа да ғалымдар бұл екi ақынды бiр дәуiрде
өмiр сүрген дейдi. Қазiргi ғылымның дәлелдеуiнше «Жұмыстар
мен күндер» шығармасының авторы Гомерден көп кейiн өмір
37
сүргендігін айтады. Демек, осы пiкiрлерге сүйенсек, Гесиод бiздiң
заманымыздан бұрынғы VIII ғасырдың аяғы мен VII ғасырдың
бастарында өмiр сүрген. Гесиодтың өмiрi жайлы мәлiметтер аз
болғанымен, тарих бетiнде ол туралы кейбiр деректер кездесiп
қалады. Бұл деректер оншалықты терең болмағанымен, оны
ғалымдар жоққа шығармайды. Өйткенi, оларды Гесиодтың өзi
қалдырған. Поэмада автордың айтуынша, әкесi Кiшi Азияның Ким
деген жерiнде туған, бiрнеше жылдар осы жерде жасап, соңынан
тiршiлiк қамымен Грекияға келiп, Геликон тауының етегiндегi
Беотия өлкесiне қарайтын Аскра деген жерге қоныстанған. Әкесi
қайтыс болған соң, оның дүние-мүлкi екi ұлына, яғни Гесиод пен
Перске мұраға қалған. Бiрақ Перс түрлi айла-шарғы жолымен
әкiмдердiң тiлiн тауып, Гесиодты әке мұрасынан айрылуға мәжбүр
етедi. Оның үлесiнiң барлығын Перс иемденедi. Дүние-мүлiктен
айрылған Гесиод мансаптыларға, әдiлетсiздiкке қарсы күресудiң
пайдасыз екенiн түсiнiп, өз еңбегiмен тiршiлiк етуге кiрiседi.
Көп қиыншылықпен өзiнiң дәулетiн қайта түзеп алады. Әкесiнен
қалған мол мұраны аз-ақ күнде шашып, тауысып, кедейленген
арсыз Перс Гесиодтан көмек сұрайды. Мұндай арсыздыққа қатты
ызаланған, екiншi жағынан туысқанының жағдайына ашынған
Гесиод, қиянатшылдық жолмен өмiр сүруге болмайтындығын, адал
еңбекпен тiршiлiк етудiң абзалдығын және осы мазмұндас бiрнеше
адамгершiлiк мәселелер тұрғысында iнiсiне ұлағатты сөздер айтады.
Гесиодтың поэмасы - адам еңбегiнiң ұлылығы, әдiлеттiлiктiң
жеңетiндiгi және адамның өмiр жолында кездесетiн басқа да түрлi
мәселелер туралы Перске арнайы айтылған насихаттар түрiнде
жазылған шығарма.
Осылайша, Гесиод - ежелгi грек әдебиетi ақындары арасында
тұлғасы бiзге едәуiр дәрежеде мәлiм болған алғашқы ақын.
Бұл адам бiрнеше ғасыр бұрын болып өткен оқиғалар жайлы
аңыздық шежiрелер шығарып, шығармаларында бейнеленген
оқиғаларға өзiнiң қандай көзқараста болғандығын жоғары қоятын
ақын емес, керiсiнше ол дәуiр жыршысы. Оның шығармасы
күнделiктi өмiр көрiнiстерiн, халықтың ауыр жағдайын, «жемқор»
әкiмдердiң әдiлетсiздiктерiн, байлардың зұлымдығын, жалпы
өмiрдiң қайғы-қасiретiн хикаялайды. Бұл дастан жалғыз автордың
басынан өткен қиыншылықтар хикаясы ғана емес, ол Гесиодқа
ұқсаған мыңдаған майда шаруалардың өмiрiнен алынған көрiнiс.
38
Гесиодтың Перске арнап айтқан насихаттары тек әдеби әдiс қана,
шындығында ақын бұл сөздердi озбырлық көрген шаруаларға
бағыттайды.
Олай болса, Гесиод - осы дәуiрлерде шаруалардың мүддесiн
қорғаған ең тұңғыш қаламгер, оның дастаны - адамзат тарихында
еңбектi дәрiптеген алғашқы туынды.
Гомердiң қаһармандары адамгершiлiк қасиеттердi
шайқастардан, соғыстардан, қантөгiстен iздеген, қала мен
қыстақтарды өртеудi нағыз ерлiк, батырлық деп түсiнген, еңбекпен
өмiр сүретiн адамдарға жиiркенiшпен қараған болса, «Жұмыстар
мен күндер» поэмасының авторы тiршiлiктiң бар байлығы еңбек
арқылы жаратылғандығын шығарманың басынан аяғына дейiн
бiрнеше рет қайталайды. Атақ-абыройды тек еңбекпен бағалайды,
еңбекке терең мән бередi. Шығарманың осы негiзгi дидактикалық
мазмұны да адам баласын жамандық жолдан қайтарып, еңбекке
баулиды.
«Жұмыстар мен күндер» поэмасында баяндалған адамгершiлiк
және тiршiлiктiң жаңа принциптерi, әрине ақсүйектердiң, бұл
жайлы ескi түсiнiктерiне түбегейлi қарсы болады. Бiрақ, осыған
қарамай, Гесиод ежелгi тайпа ақсүйектерiнiң жыршысы Гомердiң
әдеби тәсiлдерiнен толық қол үзiп кетпейдi. Шығармада «Илиада»
мен «Одиссея» дастандарындағыдай мифологиялық аңыздар,
эпитеттер, салыстырулар, тiптi гекзаметр өлшемi де толығымен
қолданылған. Дегенмен, «Жұмыстар мен күндер» поэмасының
авторы осы ескi форманың iшiне жаңа мазмұндағы өз дәуiрiнiң
талап-тiлегiн енгізген. Ақынның айтуынша, Зевстiң қыздары, яғни
Олимп музаларының өздерi осы шындықты дастан етiп жырлауды
рапсодқа жүктеген. «Жұмыстар мен күндер» дастаны адамның ауыр
тағдыры, қайғы-қасiретке толы өмiрi туралы аңыздардан басталады.
Жалпы алғанда, ақынның адам тағдыры туралы түсiнiктерi өте
күрделi. Оның пiкiрiнше, «құдайлар адам баласына рақымдылық,
шапағат жасамайды. Керiсiнше, адамзаттың басына ауыр азаптар
салып келедi. Еңбектiң өзi – Зевс тарапынан жiберiлген зұлматтың
бiрi». Гесиод өзiнiң бұл сөздерiн Пандора туралы аңызбен шегелейдi.
Гесиодтың адамзат тарихы туралы танымы да Пандора мен
Прометей аңызы сияқты өте қайғылы. Ақын жер бетiнде жасаған
адамдарды бес әулетке бөледi. «Бұл әулеттiң өмiр сүру тарихы
құлдырауға бағытталған. Ең алғашқы әулет жер тарихының
|