229
жанрлардың саф таза болуын талап етеді. Француз поэзиясын
мақтан тұтқан Дю Белле оны антик поэзиямен бәсекеге түсе алатын
дәрежеге көтеріледі деп сенеді.
Дю Белленің «Олива» атты сонеттер жинағы, «Өкініш», «Көне
Рим» дейтін өлең жинақтарында нәзік лиризм, сұлу табиғатқа
сүйсіну, отанға деген махаббат, дін озбырлығына жиіркеніш
сезімдері айқын сезіледі.
«Плеяда» ақындары мен сарай ақындары арасындағы күреске
Генрих II араласып, жас ақындар үйірмесіне көп қамқорлық жасайды.
Нәтижесінде плеядашылар жеңіске жетеді. Дегенмен, корольдің осы
іске араласуы, қыспақтың күшеюі ақындар шығармашылығының
гүлденуіне кері әсерін тигізбей қоймады.
Дю Белле, Ронсар мен «Плеяданың» басқа да мүшелерінің
дүниетанымы белгілі дәрежеде шектелген болса да, олар XVI
ғасырда француз Қайта өрлеу әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан
болатын. Олардың пікіріндегі шектелгендік Карл IX мен жылпос
Екатерина Медичилерді «Францияны апаттан құтқарушылар» деген
алдамшы түсінікке алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: