265
«Афиналық Тимон» (1608) трагедиясында Шекспир өз
дәуіріндегі ақшаның апатшылыққа алып барушы әсерін терең
бейнелейді. Байлыққа құмарлық адамдар ортасындағы барлық
қатынастарды жояды. Тимон ауыр жағдайға түсіп қалғанында,
алтынға бас ұрған достары оны ұмытады. Феодалдық қоғамның
орнына келе жатқан және алтын мен ақша билеп бара жатқан жаңа
қоғам, оның назарында ежелгі Афинаға өте ұқсайды. Соның үшін
ол сатқындық өршіген бұл қаладан шығып кетеді және орманда
жалғыз жасағанды абзал көреді.
Осылайша, Шекспир шығармашылығының екінші дәуіріндегі
трагедияларында ортағасырлық феодалдық озбырлықтан, шіркеу
әсерінен құтылып, енді өз бойын тіктей бастаған адамның ақша
билігі өршіген қоғам қарсылығына душар болуын суреттегенмен,
сол адамның болашағына, ақыл-санасына, арман-тілегінің жеңісіне
сенеді. Шекспир гуманизмінің терең халықшылдығы да міне
осынысында.
Достарыңызбен бөлісу: