Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет91/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

Санчо Панса образы 
Дон Кихот «Серіліктің ауыр істеріне өз өмірін бағыштап», 
«озбырлық көргендерге жәрдем беру, дұшпандарды, жәдігөйлерді 
жеңумен» даңқын шығару ойымен жүрсе, Санчо Пансаның ойы 
мүлдем басқаша. Ол бай болуды армандайды. Уәде қылынған 
«губернаторлықты атқара алмайды» деген пікірге қарсылық білдіріп: 
«Мен бір нәрсені жақсы түсінемін,- дейді Панса, - графтықты қолға 
түсірсем болды, оны қалай басқаруды білемін. Басқаларда қанша 


279
жан болса, менде де сонша жан бар, денем тіпті олардан ірілеу, өз 
мүлкімді корольден жаман басқармаймын», дейді. [106.34]
Жазушы көрсеткендей, «олардың екеуі де (Дон Кихот пен Санчо 
Панса) тіпті бір қалыпта құйылғандай, қожайынның тентектігі, 
қызметкердің аңғалдығы болмағанда, шынашаққа да татымас еді».
[107.453]
Олардың бірінде бар қасиет екіншісінде жоқ, біріншісінде жоқ 
қасиет екіншісінде бар. Сондықтан да Санчо Панса Дон Кихоттың 
мағынасыз әрекеттерін байқайды. Пайда келтірмейтін азапты, 
көңілсіз көп оқиғалардан соң атқосшылықтан бас тартып, үйіне
қайтпақшы болады, бірақ аңғалдығы мен адалдығы нәтижесінде 
Дон Кихотты жалғыз тастап кетуге дәті жетпейді.
«...Бірақ көрініп тұр ғой, менің тағдырым осы. Оны күзетіп 
жүруім керек. Барлық әңгіме мынада, біз онымен бір қыстақтанбыз, 
ол мені бақты, мен оны сүйемін, мұны ол қадірлей біледі. Тіпті, 
маған сыйлықтар сыйлайды, ең маңыздысы, мен дұрыс адаммын, 
соның үшін өлімнен басқа ешнәрсе бізді айыра алмайды». [107.281]
Баратария аралына губернатор болып тағайындалған атқосшы 
өзін «дон Санчо Панса» деп атауға жол бермейді, өйткені ол 
дворяндар әулетінен емес, қарапайым шаруалар арасынан шыққан, 
соның үшін ол мұндай дабыралы атақтардан құтылу жолын іздейді. 
Губернатор алдына арызбен келгендердің жұмысын (тігінші мен
шаруа, екі шал, шопан мен күнаһар әйел дауын) әділ шешеді. 
Ол «аралды әр қандай алаяқтар, еріншектер мен тоғышарлардан 
тазартуды», құмарханаларды жабуды, арсыз саудагерлерді қууды 
және мемлекет құрылысын жақсартуды мақсат етеді. Бірақ, бұл 
жерде Санчо жалғыз өзі таңертеңнен кешке дейін жұмыс істесе де, 
дұрыс тамақтанбайды. Губернатор болудан алдын ол «ыстық тамақ 
жеймін, салқын ішімдіктер ішемін» деген армандаған еді. Соның 
үшін Санчо, «губернаторлық мансап оны атқарып отырған адамды 
асырай алмаса, онда ол екі дана бұршаққа да татымайды екен», 
дейді ызаланып, губернаторлықты тастап өз қыстағына қайтады.
Санчоның «...губернаторлық міндетіне көк тиынсыз келдім, 
әдеттегі герцогтардың кетуіне мүлдем ұқсамай, одан және көк 
тиынсыз кетіп барамын», деген сөздерінде терең мағына жатыр. 
Феодалдарға тән болған қанағатсыздық,, жемқорлық, әділетсіздік 
пен басқа да көп жаман қасиеттер оған жат болатын. Губернатор 
Санчо мен феодал– губернаторлар арасында өзгешелік бар. Санчо 


280
Пансаның бұл мақсатқа ұмтылудағы ойы - өз тұрмысын жақсарту 
мен мемлекеттің қалай басқарылуын өз көзімен көру еді. Мұндай 
қызметті орындауға тура келгенде, ол бұл істі данышпандықпен 
атқарады.
Санчо Панса образында Сервантес «атқосшының барлық 
жақсы қасиеттерін жинақтайды». Серілік романдарда атқосшының 
характері өте аз, әрі жеткіліксіз суреттелетін. «Дон Кихот» 
романында болса, ауыр сынақтарға төтеп берген Санчо Панса 
қожайнының тентектік әрекеттерінен тиісті қорытынды шығарып, 
оған сын көзбен қарай бастайды. Санчо - халық даналығын 
бейнелеген қарапайым адам образы.
Роман персонаждарының құрамына кірген қарапайым жандар – 
шаруа мен шопан, студент пен сарбаз, арбакеш пен кәсіпқой, майда 
дворян мен керуен сарай қожайындары. Олардың алдына қойған 
мақсат пен әрекеттері жазушының негізгі идеясын ашуда маңызды 
орынды алады. Әсіресе, әйел-қыздар образы – Дон Кихоттың 
жиені Антония Кихано, қызметші әйел мен Тереса Панса образы 
назарға лайық. Тереса ерінің губернаторлыққа ұмтылуы мен қызын 
бай адамға ұзату туралы кеңесіне қарсы болады. Қызының шаруа 
жігітпен тұрмыс құруын қалайды.
«Ол графиня болған күні, - деп қарсылық білдіреді Тереса, - мен 
оны көрге көмдім деп санаймын. Бірақ, мен тағы да қайталаймын: 
қалай қаласаң, солай істе, біз әйелдердің басына түскен тауқымет 
осы, мүлде ақылы жоқ болса да, еріңе бағынуың керек».
Сервантес орта ғасыр жағдайында жасаған шаруа әйелдің 
тұрмысы мен арман-тілектерін шынайы көріністер арқылы суреттеп 
береді. «Бақытты болу байлықта емес, теңдік пен өзара құрметте», 
деп көрсетті ол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет