Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


ҮІІІ. 1960-80 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ



бет66/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

ҮІІІ. 1960-80 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ 

§ 1. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің тарылу себептері 

1957 жылы жеке адамның басына табыну қалдықтарын


жою туралы Орталық партия комитетінің қаулысынан соң жұрт
қоғамда біраз жаңалықтар болар деп күткен еді. Идеологиялық
шылбыр едәуір босаңсып, еркіндік белгілері нышан берді. Бұл
әдебиет пен өнердің, мәдениет пен ғылымның дамуына біраз оң
ықпалын тигізді.
1960 жылдардағы, одан кейінгі әдебиетте өткен дәуірдегі
халық өмірін, оның бостандықты аңсаған үміт-арманын көрсету
үлкен орын алды. Бұл тақырыпта І.Есенберлиннің “Қаһар”,
Х.Есенжановтың “Ақ жайық”, Ғ. Мұстафиннің “Көз көрген”,
“Дауылдан кейін” т.б. көптеген романдар жарық көрді.
Көп ақындардың өлең-жырларында Отан келбеті, бейбіт
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



167
өмірдің жарқын істері, еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, ерлік


пен еңбек табыстары негізгі тақырып болды.
Әдебиет зерттеушілері “Жаңғыру кезеңі” деп айдар таққан
60-70-жылдарда халқымыздың бастан өткерген кезеңдерін
суреттеу кең орын алды. Соғыстан кейінгі жылдары “Абай жолы”
эпопеясынан бастау алған аталмыш бағыт өркен жая дамыды.
І.Есенберлин,
Ә.
Нүрпейісов,
Ә.Кекілбаев,
М.Мағауин,
Ш. Мұртаза бастаған прозада халықтың тарихы мен оның дара
тұлғалы ұлдарының өмір жолын бейнелеуде жаңаша әдіс-
тәсілдер қолданып, адам жанының ішкі психологиялық
иірімдерін ашуға талпыныс жасады.
Соғыстан соңғы кезеңде қазақ басылымдарының, оның
ішінде газет-журналдардың саны біртіндеп өсуімен бірге
оқырмандар саны көбейді. Мәселен, 1940 жылы Қазақстанда әр
тілде 36 газет, 26 журнал шықса, 1974 жылы тек қазақ тілінде 148
газет, 20 журнал шығып тұрды. Сол жылғы мәлімет
бойынша,”Мәдениет және тұрмыс” журналының таралымы 345,5
мың болса, “Қазақстан әйелдері” 331,5 мың, “Жұлдыз” 200 мың
таралыммен шыққан. 1950-60 жылдары аудандық газеттер көптеп
шыға бастады.
Осы жылдары миллиондаған таралыммен М.Әуезов,
С.Мұқанов,
Ғ.Мүсірепов,
Ғ.Мұстафин,
Х.Есенжанов,
Ә.Нүрпейісов, Т.Ахтанов, т.б. жазушылар шығармалары
оқушыларына жол тартты.
Саяси-қоғамдық
әдебиет
стилінің
дамып,
тілінің
шыңдалуына марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын
қазақ тіліне аударудың едәуір ықпалы болды. Мысалы,
В.И.Лениннің 45 томдық шығармалар жинағы милионнан астам
таралыммен
жарияланса,
К.Маркс
пен
Ф.Энгельстің
шығармалары, өзге де саяси әдебиеттер жүздеген мың
таралыммен ел арасына сатылды. Бұл әдебиеттердің таралуына
олардың халық сұранысына ие болудан гөрі, партия
ұйымдарының мәжбүрлеп таратуы себепші болды. Оны
халықтың саяси сауаты мен белсенділігінің артуының көрсеткіші
деп түсіндірді. Жоғары, орта дәрежелі сауаттылар және кітап
оқырмандарының саны көбеюімен байланысты баспасөз және
кітап оқырманарының саны мен сапасы бірдей артты.
Мұның бәрі халықтың рухани дәрежесінің өсуі мен қазақ
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



168
әдеби тілінің қоғамдық қызметінің кеңеюін анық көрсетті.


Мерзімді баспасөз бетінде қоғамдық өмірдің сан саласын
қамтитын жадығаттар, әсіресе, саяси-әлеуметтік, экономикалық
тақырыптағы, мәдениет пен өнерге, ғылым жаңалықтарына
қатысты мақалалар жиі жарық көрді. Сондай-ақ мерзімді
баспасөз қазақ тілі мен оның жай-күйі, негізгі мәселелері
жайында да жиі жазды. Әсіресе, алфавит, емле, терминология, тіл
мәдениеті тәрізді қазақ тілінің аса маңызды проблемалары
баспасөз бетінде жарық көріп, сол арқылы жұртшылық
талқысына түсіп, шешімін тауып жатты.
Бұл жылдары баспасөздің жалпы сауаты артып, шеберлігі
шыңдалды, жазу мәдениеті өсті. Өмірде болып жатқан өзгеріс,
жаңалықтарды сипаттауда жаңа сөз, жаңа тіркестер туып, тілде
бар қарапайым сөздерді термин дәрежесіне дейін көтеріп,
грамматикалық тұлғаларды жүйелі жұмсайтын болды.
1960 жылдардан бастап ұлтжанды қазақ зиялылары
арасында қазақ тілінің болашағына алаңдаушылық байқала
бастады. Сол кездерде “Қазақ әдебиеті”, “Жұлдыз” сияқты қазақ
баспасөзі беттерінде қазақ тілінің қызмет өрісінің тарыла
бастағаны, қазақ мектептерінің жабылып жатқаны, қазақ ата-
аналарының өз балаларын орыс мектебіне беру тәжірибесінің
көбейіп келе жатқандығы, қазақ басылымдары мен қазақша
кітаптардың таралымының азайып кеткендігі, ақырында,
тіліміздегі ғылыми-техникалық, саяси терминдердің орысша
нұсқасының аударылмай алынуы үрдіске айналып бара
жатқандығы сияқты мәселелер сөз бола бастады. Мұндай
қиғаштықтардың бір себебі балаларды жас кезінен өз ана тілінде
тәрбиелейтін балабақшалардың жоқтығынан, ірі қалалардағы
қазақ мектептерінің тым аздығынан деп түсіндірілді.
Шынында, біз келтірген демографиялық, құрылымдық, саяси
себептерді ашып айту ол тұста мүмкін емес те еді, сондықтан
мақала авторлары сол құбылыстардың тек салдарын ғана айтуға
мәжбүр болды. Бұл тұрғыда бір миллионға жуық тұрғыны бар,
қазақ атын алған республиканың астанасы – Алматыда бір қазақ
орта мектебі болмай, жаңадан мектеп ашу мәселесінің
қаншалықты қиынға түскені нақтылы мысал бола алады. Бұрын
жабылып қалған №12 қазақ орта мектебін қайта ашуда қазақтың
бір топ зиялылары (жазушылар, ғалымдар, техникалық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



169
интеллигенция өкілдері) талай есікті тоздырды, ақырында, КПСС


Орталық Комитетінің араласуымен ғана оны ашуға рұқсат етілді.
Бірақ мектеп ашу үшін оған қажетті оқушылар санын толтыру
керек еді. Мектептің оқушылар контингентін толтыруда олардың
қазақ тұрғындары арасында жүргізген үгіт-насихат жұмысының
өзі бір алуан. Соның нәтижесінде мектеп ашуға мүмкіндік
беретін оқушылар саны толық қамтамасыз етілгені өз алдына,
бірер жыл өтпей-ақ мектепте сынып саны көбейгендіктен, ол екі
ауысымға көшірілді. Жүре келе бұл мектептен бірнеше қазақ
сыныптары тұрған ауданына қарай басқа аралас мектептерге
ауыстырылып, кейін осы сынып оқушылары негізінде бірнеше
қазақ мектептері ашылды. Мұның өзі сол кездегі қазақтардың ана
тіліне деген құлшынысын байқатса керек.
Нақ осы жылдары (1961 жылдың бас кезінде) Тіл білімі
институты бөлек шаңырақ көтеріп, қазақ тіл білімінің сала-
саласы бойынша зерттеулер жүргізе бастады.
Әдеби тіліміздің кейбір проблемалық мәселелерін көтеруде,
оның даму дәрежесін, бағытын айқындауда 1962 жылы Алматыда
өткен “ССРО халықтары әдеби тілдерінің совет дәуірінде дамуы”
мәселесіне арналған бүкілодақтық конференциясының зор
маңызы болды.
Әрине, конференцияны ұйымдастырушылардың мақсаты
Кеңес Одағындағы халықтардың ұлттық әдеби тілдерінің жан-
жақты дамуына қолдау көрсету емес еді, қайта сол жылдары
көтерілген саяси бағыт – ұлттарды өзара жақындастыру арқылы
ұлттық ерекшеліктерді жойып, біртұтас “совет халқы” деген жаңа
қоғамдық бірлестікке айналдырудың жолдарын іздестіру еді.
Конференция
1950
жылдары
И.Сталин
ұсынған
“Социализм” дүние жүзі көлемінде жеңгенде дүние жүзі тілдері
кірігіп, бір ортақ тілге көшу мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. Ол
тілдің қай тіл болатыны айтпаса да түсінікті еді. Нақ осы
конференцияда орыс тіліне ерекше мән берілуі, орыс тілінің бір
жақты “игілікті әсерін” баға көрсету, орталық лексикалық қор
жасау, ғылыми терминологияны, алфавитті бірдейлестіру
(унификация) туралы сөз болуы – соның айғағы іспетті еді.
Конференциядағы “Орыс тілі және кеңес қоғамы” деген
баяндаманың қойылуы да осы мақсатты көздегендігі белгілі.
Ұлттық тілдерді болашағы бар (перспективалы), болашағы
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



170
жоқ деп бөлу, сондай-ақ оларды көне жазулы немесе жазуы жас


(младописьменный) деп ажырату да осы конференциядан бастау
алды.
Негізгі
баяндамада
да
Кеңес
үкіметінің
алғашқы
жылдарындағы қиыр шығыстағы этникалық топтар мен кейбір
түркі, финноугор және кавказдағы саны аз халықтар үшін
олардың бас-басына өз жазуын жасауға көмектесудің өзі қате
болды, олардың барлық әдебиетті өз тілдеріне аударуы белгілі
дәрежеде пуризм элементін туғызды –деп ашық айтылды.
Тілдердің бір-біріне тигізетін әсерін айтқанда, орыс тілінің
ұлт тілдеріне тигізіп отырған әсері игілікті (благотворительный)
болады да, керісінше, ұлт тілдерінің орыс тіліне тигізетін әсері
жағымсыз (отрицательный) болып шығады екен. Орыс тілі ұлт
аралық тіл ретінде басқа тілдердің баю көзі деп көрсетіліп, оның
ұлттық тілдердің әлеуметтік қызметін тежеп отырғандығы, ол
тілдердің фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылысын
бұзып, лексикасын шұбарлап отырғандығы туралы бір де ауыз
сөз айтылмады.
Мәселен, академик В.В.Виноградовтың жетекшілігімен
жасалған ұжымдық баяндамада былай деп көрсетілді: “Для
народов Советского союза русский язык имеет особенно важное
значение как средство сближения и единения этих народов...как
один из основых источников обогащения и развития других
национальных языков Советского союза”.
Конференция ұсыныстары, негізінен, тілдердің өзара
байланысын, бір-біріне тигізетін әсерін зерттеуге, ұлт тілдері
үшін орыс тілін екінші ана тілі ретінде пайдаланып, қостілділікті
дамыту проблемасын енгізуге бағытталды.
Дегенмен конференция ұсыныстарында тіл мәдениетін,
ұлттық әдеби тілдердің тарихын зерттеу мәселелері де ұсынылды,
сонымен қатар, әр жүйедегі тілдерді салыстыра зерттеу, туыстас
тілдерді
зерттеуде
тарихи-салыстырмалы
әдісті
кеңінен
пайдалану да күн тәртібіне қойылды.
Аталған конференциядан кейін қазақ тілі дамуының
көкейтесті мәселелері әр түрлі деңгейде көтеріліп, қазақ тілінің
зерттелуіне өз әсерін тигізді. Осы жылдары Тіл білімі
институтында салыстырмалы грамматика, тіл мәдениеті,
түркология және қазақ тілі тарихы, ономастика бөлімдері
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



171
құрылып, аталған салаларда жоспарлы зерттеулер жолға


қойылды. Екі томдық ғылыми грамматика, түсіндірме сөздіктің 2
кітабы, қазақ әдеби тілі тарихы тәрізді ұжымдық жұмыстар мен
бірнеше монографиялар, ғылыми жинақтар жарық көрді.
1968 жылы баспасөздегі тіл мәдениетіне арналған
республикалық ғылыми-практикалық конференция, 1973 жылы
диалектология мәселелерін сөз еткен бүкілодақтық конференция,
1973 жылы диалектология мәселелерін сөз еткен бүкілодақтық
конференция, 1976 жылы алғашқы түркологиялық съездің
(Баку,1926) 50 жылдығына орайластырылған түркологтардың
бүкілодақтық конференциясы т.б. өтті. Мұның бәрі қазақ тілінің
әлеуметтік қызметін бірақ көтеріп, тіл білімінің дамуына үлкен
әсер етті.
Қазақ тілі дамуындағы келелі мәселелер, әсіресе, тіл
мәдениетіне арналған республикалық конференцияда кеңінен сөз
болды. Конференцияда тіл мәдениетімен байланысты мерзімді
баспасөзде, көркем әдебиетте кездесетін дублет, диалектизммен
шектен тыс әуестену, термин қабылдаудағы ала-құлалық,
орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарды сақтамау, аударма
мәселесіндегі
кемшіліктер
қатаң
сынға
алынды.
Бұл
кемшіліктерді жою мақсатында, конференцияның ұсыныстарына
сай, 1970 жылдары Тіл білімі институтының тарапынан
орфографиялық, орфоэпиялық, әр түрлі ғылым салалары
бойынша
терминологиялық,
екі
тілді,
синонимдік,
диалектологиялық
сөздіктер
шығарылды,
терминология,
стилистика, тіл мәдениеті, диалектология салалары бойынша
зерттеу еңбектері мен ғылыми жинақтар жарық көрді.
Бұл жұмыстар 80-жылдары одан әрі жалғасты. Қазақ тілінің
он томдық түсіндірме сөздігінің жарық көруі, Қазақ тілінің
академиялық грамматикасының алғашқы кітабының (фонетика)
жарияланып,
қалған
бөлімдерінің
аяқталуы,
3
томды
диалектологиялық сөздіктің жасалып бітуі, әдеби тіл тарихы мен
ономастикаға қатысты оқу құралдары мен монографиялардың, екі
тілді (орысша-қазақша), терминологиялық сөздіктердің жарық
көруі – осы жылдардың жемісі. Сондай-ақ осы жылдары орыс
тілінен, орыс тілі арқылы шет тілдерінен енген бірсыпыра
терминдерге ана тілінен балама іздеу, қазақ тілінде оқытатын
мектеп, сыныптар ашу жұмысы жалғастырылды. Дегенмен ана
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



172
тіліміздің күннен-күнге өрісінің, қоғамдық қызметінің тарыла


бастауы қазақ зиялыларының, ұлт жанашырларының тіл
тағдырына деген алаңдатушылығын күшейте түсті. Орыс тілі
өміріміздің барлық саласына дерлік дендеп еніп, олардан
біртіндеп қазақ тілін ығыстырып шығарды. Мәселен, жан-жақты
жетілген әдеби тілдің 50 шақты қоғамдық қызметі болатын
болса, қазақ тілінде соның он шақтысы ғана қалды. Ғылым
толығымен орыс тілінде жазылды, қазақ тіліндегі терминдердің
70-80% орыс сөздері не орыс тілі арқылы енген сөздер болды,
ресми іс-қағаздары толықтай орыс тілінде жүргізілді,
республиканы айтпағанда, қалалар мен аудан орталықтарындағы
үлкенді-кішілі жиындар орыс тілінде өтті. Әсіресе, жас ұрпақ
бөбекханалар мен балабақшаларда орысша тәрбиеленді. Бұл
жағдайлар ұлтаралық (орыс) тілдің ұлт тілдерін мүлде
ығыстырып шығаруына әкелетін алғышарттар еді.
Мұны түсінген қазақ зиялыларының бір бөлігі 80-
жылдардың аяғында ана тілінің мүшкіл жағдайын тілге тиек етіп,
оны мүлдем құрып кетуден сақтап қалу ұранын көтеріп, бұған
қалың көпшілікті жұмылдыра білді. Міне, дәл осы кезде ұлттық
ұранды ту қылған желтоқсан оқиғасы халық санасына үлкен
сілкініс туғызды. Бұған, екінші жағынан, сол кезде үкімет басына
келген М.С.Горбачевтың қайта құру және демократиялық
бостандық жайындағы пікірлері де белгілі дәрежеде өз себін
тигізгені белгілі. Әсіресе, оның: “Мы, конечно не можем
допускать, чтобы самый маленький народ исчез, чтобы был
потерян язык самого маленького народа, мы не можем допустить
нигилизм по отношению к культуре, традициям, истории и
больших и маленьких народов” – деген сияқты ұлт мүддесі
жайында айтқан сөздері ана тілімізді сақтап қалу күресінде үлкен
демеу болды. Халықтың жаппай белсенділік көрсетуінен
сескенген республика басшылығы тіл саясатында белгілі бір
“шаралар” жасауға мәжбүр болды. Ең алдымен, республика
үкіметі мен Орталық партия комитеті 1987 жылдың 5
наурызында “Республикада қазақ тілін үйренуді жақсарту
туралы” және “Республикада орыс тілін үйренуді жақсарту
туралы” деген екі қаулы қабылдады. Бұл қаулылардың
алғашқысында “қазақ тілінің қоғамдағы рөлінің төмендеп
кеткені, қала жастарының өз ана тілін жоғалтып бара жатқаны”
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



173
мойындалса да, оның себебін “қазақ тілін оқытудың өз


дәрежесінде
жүргізілмейтіндігінен,
оқу
құралдары
мен
бағдарламалардың жетілмегендігінен” деп тапты. Ал бұл
қиғаштықты жоюдың нақтылы жолдары көрсетілмеді, бұл
жағдайға келтірген негізгі себеп ашылмады. Бар ұсынғаны –
оқулықтарды жетілдіру, қазақ тілін оқытуды жақсарту, қазақ
тілін үйренемін деп тілек білдірушілерге ақылы үйірмелер ашу
сияқты жалпылама “шаралар” болды. Ал қазақ тілін өзге тілді
мектептерде, орта, жоғары оқу орындарында оқыту бұрынғыша
ерікті күйінде қала берді. Бұл қаулының бар жаңалығы – “ұлт
республикасында қостілділік өмір заңы (нормасы)” деген
тармағы болды. Қазақ тілін дамыту туралы айта отырып, орыс
тілін қосақтауды да ұмытпады. Ал “Республикада орыс тілін
еркін меңгеру орта мектеп жастары үшін нормаға, жас адамның
азаматтық парызына айналуына жетуді нақты міндет етіп қойды.
Бұдан қазақ тілін үйренсең де, үйренбесең де – өз еркің, ал орыс
тілін үйрену “азаматтық парызың” деген тұжырым шығып
тұрғаны айдан анық еді.
Бұл қаулының қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, өрісін
кеңейтуге септігін тигзбейтінін жүре келе түсіндік, ал қостілділік
идеясының екі тілді қатар қойып, жарыстырып, ақыр соңында
оның қазақ тілін құм қаптырып кететінін де кеш ұқтық.
Қостілділік идеясын алғашқыда жабыла қолдап, кең насихаттай
бастаған зиялыларымыз оның астарын тез түсінді. Бұл тек орыс
тілінің беделін арттырып, өрісін одан әрі кеңейтуден өзге ештеңе
бермейтін еді. Сондықтан ана тілін сақтап, оның әлеуметтік
қызметін кеңейтуге бағытталған күрес тоқтамады. Ақырында,
жұртшылықтың ана тілін дамытуға деген ықыласының нәтижесі
ретінде 1986 жылы республикалық “Қазақ тілі” қоғамы өмірге
келді.
Аталған қоғам жаппай көпшіліктің қолдауымен алғашқы
жылдары біраз жұмыстар тындырды. Ана тілінде балабақшалар
ашу, таза қазақ мектептерінің санын көбейту, жоғары
мектептерде қазақ тілі кафедраларын ашып, қазақ тілін үйретуді
қолға алу, қазақ тілін үйретуге қажетті бағдарламалар, оқулықтар,
сөздіктер, тілашарлар жасауды жолға қою сияқты мәселелерді
күн тәртібіне шығаруға ұйытқы болды. Ақырында, мемлекеттік
тіл мәртебесін беретін Қазақ ССР-нің “Тіл туралы заңын”
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



174
қабылдаттыруға қол жеткізді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет