Бірақжазудың аты жазу да, істің аты іс (Қазақ, 1916, №
16, 258-б.). Қалада оқыған қазақ балаларының көбінесе көкірек аурулы болып я елге қайтып, я өле беретіндері осыдан екен (Қазақ, 1916, № 1). Талғау мәнді я шылауы йа, йаки түрінде кездеседі:
... орысша оқығандарымыз орыс йаки басқа Европа жұртының тілдерін орынсыз көп кірістірмей, ... (Қазақ, 1913, 18 февраль). Жұмысқа мінген малдарымыз жайылғанда йа болмаса суатқа барарда ағашқа түспей тұра алмайды (Қазақ, 1915, №128). Сонымен бірге осы кезеңдегі мерзімді баспасөз беттерінде
қазіргі тіліміздегі сондықтан шылауының орнына соның үшін, аның үшін шылаулары қолданылған.
Соның үшін онда орысша білгендер ғана сөйлесер де, білме- гендер тілсіз куә болып қарап тұрар, - деп...(Айқап, 1915, 259-б.). "Қазақ" газетінде сондықтан шылауымен қатар сол себепті шылауы да кездеседі:
Сондықтан бюроға кісі жіберу керектігі жазылған еді (Қазақ, 1916). Сол себепті отан қорғау үшін жұмыскер шақырылу жолында күтілмеген аянышты уақиғалар болды (Қазақ, 1916, 328-б.). Қазіргі әдеби тіліміздегі туралы, жайлы, жөнінде, жайын- да қатыстық шылауларының орнына тақырыпты, турасында қолданылған, сонымен бірге туралы, жайлы варианттары да
кездеседі:
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
124
Түркістан жағынан едәуір сома тапсырған hәм бұл жұмыс
тақырыпты басшылық қылып жүрген Қожахмет ақсақал да, Түркістаннан кісі қойылса Мұстафа болуын жөн көрген еді (Қазақ, 1916, 347-348-б.). Сондықтан военный цензура положениесі жүріп тұрған кез- де мемлекеттің соғыс туралы көздеген мақсатына залал кел- тіретін сөзді, хабарды газет-журнал түгіл жай хатқа, телег- раммаға жазса, военный цензура сөз иесін сотқа бермекші (Қазақ, 1914, 111-б.). ХХ ғасыр басындағы мерзімді баспасөз беттерінде де
тіліміздің ең тұрақты, өте баяу өзгеретін саласы – грамматикалық
құрылысында да елеулі ерекшеліктер бар. Мәселен, қазіргі әдеби
тілдің грамматикалық нормасына жатпайтын, ерсі болып
көрінетін, сөйлеу тіліне тән құрылымдар көп кездеседі:
Қазақтың білімді адамдары жамандық істесе де, халық оған сүйінеді, келістіріп істеген себепті (Айқап, 1911, 66-б.). Алыңыз сіз Қытайды, ол патшалы халық тұрғалы менен көп жыл бұрын, ақмақ-надандығына қарасаңыз мың жылғысынан да жаман (Айқап, 1913, №1). Біз ғажапланамыз, мұжықтарға осынша кеңшілік кімнен берілді? (Айқап, 1914, №1, 216). Қазақтарға қалатұғын жердің шамасын анықтап білу үшін, жер министрінің әмірі мен әртүрлі жұмыстар болады. Жердің түрін, түгін, елінің ыңғайын, жігін, жанын, малын, шаруа