Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§ 5 Әдеби тілдің стильдік жүйесі



бет6/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

§ 5 Әдеби тілдің стильдік жүйесі 
Әдеби тілдің, әсіресе, оның жазба түрінің жетілген шағында
қоғамдық қызметі артып, жұмсалу аясы кеңейе түседі. Ол өзі
қызмет етіп отырған қоғамның ресми тіліне айналып, оның
өмірінің барлық саласында қолданылады, ресми-іс қағаздарының,
көркем әдебиеттің, баспасөздің, оқу-ағарту жұмысының,
ғылымның тілі болып қызмет атқарады. Әдебиеттің әр түрлі
жанрлық түрлерінің тууына орай олардың әрқайсысының өзіндік
тіл өрнектері қалыптаса бастайды. Тілдің стильдік саралануы
дегеніміз де, міне, осы. Сөйтіп, стиль дегеніміз өмірдің белгілі бір
саласында қарым-қатынастың мақсатына қарай таңдап, талғап
алынған сөздердің, сөз тіркестерінің, басқа да тілдік тәсілдердің
жиынтығы деуге болды. Дегенмен стильдің үш түрі бар:
1) функционалдық немесе тілдік стиль
2) жазушының өзіндік сөз саптау стилі
3) көркемдеу тәсілдерінің немесе экспрессивті әсер ету
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



25
жағынан бөлінетін стиль.


Сөйлеу тілінде де стильдердің түрлері бар (шешендік,
әңгімелесу, хат стилі т.т.).
Біздің қарастыратынымыз – функционалдық стиль.
Функционалдық стильдің өзін орыс тіл білімінде әр автор әр
түрлі бөледі. Мәселен, А.Н. Гвоздев ресми стиль, көркем әдебиет
стилі, публицистикалық стиль, ғылыми-көпшілік әдебиет стилі
деп 4-ке бөлсе, А.Н.Ефимов осыған қоса профессионалды-
техникалық стиль, эпистолярлық стиль деп 6-ға жеткізеді.
Р.А. Будагов екіге ғана бөледі: көркем стиль және ғылыми
баяндау стилі.
Қазақ әдеби тілін зерттеушілердің арасында, негізінен,
стильді 4-ке бөліп қарау қалыптасқан. Олар: көркем әдебиет
стилі, газет-журнал стилі, ғылыми әдебиеттер стилі, ресми іс
қағаздар стилі (М.Балақаев бұған оқу-педагогикалық стилін
қосады).
«Қазақ әдеби тілінің тарихы» деген оқулығында С.Исаев
әдеби тілдің 3 түрлі стильдік тармағын көрсетеді, олар: көркем
стиль, ресми стиль, бейтарап (нейтралды) стиль
10
.
Функционалдық стильдерді бұлай топтастыру тілдің
қоғамдық-әлеуметтік қызметімен тығыз байланысты. Ондай
қызметтер қарым-қатынас (ауызекі сөйлеу тілі), хабар, ақпарат
беру (ресми және ғылыми стиль) ықпал ету, әсер беру
(публицистика мен көркем әдебиет стилі) мақсаттарымен тығыз
байланысты.
Әрбір тілдік стильдің пайда болып, қалыптасуы әдеби тілді
байытады, жаңа сөздермен синтаксистік конструкциялардың
өмірге келуіне жағдай жасайды, кейбір грамматикалық
тұлғалардың тұрақталуына, ал кейбіреуінің жоғалуына септігін
тигізеді.
Әдеби тіл стилінің бір түрінде, мысалы, көркем шығармада
көп мағыналы қасиеті бар, экспрессивті мәні бар тілдік
элементтер көбірек қолданылса, екінші түрінде, мәселен ғылыми
әдебиетте, керісінше, мағынасы екіұшты емес, нақтылы
мағынасы бар тілдік элементтер жүйесі қолданылып отырады.
Мұндай саралану әдебиет тілінің грамматикалық құрылысынан
10
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы: Мектеп, 1989. –Б.21.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



26
да, сөз тудыру жүйесінен де көрініп отырады.


Көркем шығарма стилі әр түрлі көркемдік тәсілдерді, көркем
образдар жасауды мақсат етеді. Көркем әдебиет тілін әдеби тілдің
бір саласы деп қарағанда, оның ішінде қолданылатын барлық
сөздерді, синтаксистік құбылыстарды түгелдей әдеби тілге тән
құбылыстар деген ұғым тумауға тиіс. Көркем әдебиеттің стильдік
ерекшеліктерінің бірі – онда жалпы халық тілінде кездесетін
фактілердің барлығын да керектілігіне қарай қолдана беруге
болатындығы. Сондықтан көркем әдебиет туындыларында әдеби
нормамен қатар ауызекі тіл элементтері де, диалектизмдер мен
архаизмдер де, неологизмдер мен варваризмдер де кездесуі
ықтимал. Көркем әдебиет тілі өзінің даму барысында жалпы
әдеби тілге ықпалын тигізіп, оның құрамында жаңа сөздер мен
сөз
орамдарының
қалыптасуына,
белгілі
бір
стильдік
заңдылықтардың тууына үлкен әсер етіп отырады. Қазіргі әдеби
тілімізден бұған көп мысал келтіруге болар еді. Мысалы асау 
жүрек, үріп ауызға салғандай, жұлдыздар жымың қағады 
тәрізді соз оралымдары тек қана көркем әдебиет аясында пайда
болып, сол арқылы әдеби тіл нормасына айналды. Қара алтын, 
ақ алтын сияқтылар қазір публицистикада көп қолданылады.
Қазақ әдеби тілінің о бастағы дамуы халықтық поэзия
үлгісінде болғаны ешбір дау туғызбасқа тиіс. Онан кейінгі
дәуірлерде, жазба проза шыққан дәуірде де сол прозаның өзі де
поэзия үлгісіне құрылғаны мәлім. Сөйтіп жалпы көркем
әдебиеттің, онан қалса, жеке жазушы шығармашылығының әдеби
тілге тигізер әсері үлкен болады.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдік салаларының бірі –
ғылыми әдебиеттер тілі. Ғылыми әдебиет тілінің қалыптасып,
кемеліне келген кезеңі – Қазан төңкерісінен кейінгі дәуір.
Ғылыми әдебиеттер тілінің бастапқы көрініс беруі XIX ғ. екінші
жартысында аударма әдебиет негізінде болды.
Ғылыми еңбектер тілі де, оқулық тілі де, сондай-ақ көпшілік
қолды ғылыми әдебиеттер тілі де стильдік айқындылық пен
ықшамдылыққа құрылады да, әдеби тілдің қалыптасқан
нормаларын қатаң сақтап отырады. Ғылыми әдебиеттердің
алдына қойылатын негізгі мақсаты ойды ықшам, айқын түсіндіру
болып табылады. Бұларда көркем әдебиеттегідей сөздің
эстетикалық мәнінен гөрі ойдың айқындылығы мен түсініктілігі
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



27
көзделеді де, сөз қолдану заңдылықтары да осы мақсаттарға


бағындырылып отырады. Сондықтан ғылыми әдебиеттер тілінде
диалектизмдер мен варваризмдер, ауызекі сөйлеу тіліне тән
элементтер т.б. жалпы әдеби нормаға жатпайтындар кездеспейді
немесе өте аз қолданылады. Оның есесіне ғылыми әдебиеттер
тілінде термин сөздер мен неологизмдер көп қолданылады. Олар
бұл стильде көп қолданылуы арқылы әдеби тілдік нормаға
айналып отырады. Ғылыми әдебиеттер тілінің жалпы әдеби тіл
нормасына қатысты бір ерекшелігі – оның синтаксистік
құрылысында болмақ. Сөз тіркесінің, сөйлем құрау тәсілдерінің
мінсіз айқындығы, жеке сөздер мен грамматикалық тұлғалардың
қолданылуы жағынан ғылыми әдебиеттер тілі әдеби тілдің қай
саласына да үлгі болады. Ғылыми тіл негізінен аргументті
ойларға,
қорытындылар
мен
пайымдауларға
құрылады.
Сондықтан оның тілінде эстетикалық әсемділіктен гөрі
логикалық байымдылық, дәлелділік басым болып отырады. Соған
лайық осы мағынаны бере алатындай сөздер мен сөз тіркестері,
грамматикалық тұлғалар жиі қолданылады.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің мол да үлкен саласының бірі –
газет-журнал, яғни мерзімді бапасөз тілі. Мерзімді баспасөз
тілінде жазба әдеби тіл заңдылықтарымен қатар ауызекі сөйлеу
тілінің нормалары да, көркем әдебиет тіліне тән әсерлілік те,
ғылыми тілге тән баяндау үлгілері де ұшырасып отырады. Ал
сөздік құрамы тұрғысынан мерзімді баспасөз тілі көп саладан
құралады. Мұнда қарапайым сөздермен бірге терминдер де,
эмоциялық мәнді сөздермен қатар неологизмдер де, кәсіби
сөздер де т.б. кездеседі. Мұндай көп түрлілік оның негізгі
мазмұнымен ұштасып жатады. Өйткені күнделікті баспасөз
қоғамдағы алуан түрлі өзгерістер мен жаңалықты, барлық
шаруашылық, мәдени өмірді түгелдей қамтып жазуға, оны бар
әлінше көрсетуге міндетті. Сондықтан ол бұл орайда халық әдеби
тілінің бар қоры мен жазу дағдыларын пайдалануға ұмтылады.
Газет-журнал,
күнделікті
баспасөз
тілінің
басты
ерекшеліктерінің қатарына біршама қалыптасқан дайын сөз
тіркестері мен сөйлемдердің қолданылуын да жатқызуға болады.
Мысалы: әкелік қамқорлық, жасөспірім, ұлы Отан, сара жол, 
сара басшылық т.т.
Әдеби тілдің стильдік салаларының қатарына іс қағаздары
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



28
мен ресми қаулы-қарарлар тілін жатқызуға болады. Ол әдеби


тілдің басқа салаларынан өзінің бірыңғайлығымен ерекшеленеді.
Іс қағаздары (анықтама, куәлік, шағым хат, қолхат, шарт-шағым
т.б.) мен қаулы-қарарлар бірыңғай стильмен жазылады да, оның
сөздік құрамы да ресми сөздер мен терминдерге, дайын үлгілерге
сай болады. Іс қағаздары мен қаулы-қарар стилі артық сөз, басы
артық «әдемілік» атауларды керек етпейді. Бұлардың тілі,
негізінен, логикалық айқындылыққа құрылады. Іс қағаздары мен
ресми қаулы-қарар тілі – қазақ әдеби тілі тарихында көп замандар
бойы қалыптасып келе жатқан сала. Оның алғашқы үлгілері бізге
XVIII ғасырдан бастап мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет