Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



бет72/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

қырғылық, басшылық, жаратылыс, үзіліс, көрініс, қорғаныс, 
өнім, түсім, жолшы, тергеуші, зерттеуші, т.б.  жүздеген сөздер
де жаңа ұғым атуларына ие болды. Мұндай өнімділігі артып,
жаңа сөз жасауға белсенді тартылған жұрнақтар санатына хана, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



185
ман-мен, кер-гер және и қосымшаларын айтуға болар еді. Сөйтіп


қоғамдық өмір тәжірибесі, әсіресе, орталықтан орыс тілінде
шығып жатқан ресми материалдарды сөз тудыру амалдарының
кейбір түрлерінің белсенділігін арттырып, нормалану процесін
жеңілдетті.
Дегенмен 60-жылдардың басынан бастап мерзімді баспасөз
бетінде тіл, жазу мәдениетіне қатысты материалдар жарияланып,
қолданылып жүрген емле заңдылықтарындағы олқылықтар,
терминжасамдағы
ала-құлалық,
жарыспалы
сөздердің
сұрыпталмауы, жергілікті сөздерге шектен тыс әуестенушілік, бір
сөзбен айтқанда, әдеби тіл нормасының сақталмауы баспасөздегі
тіл
мәдениетіне
арналған
республикалық
конференция
материалдарында көптеп жарияланды.
Жұртшылықтың мұндай қызу пікірталастары ескеріліп,
Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл білімі институты мен
Қазақстан журналистер Одағы бірігіп, 1968 жылы “Тіл мәдениеті
және баспасөз” атты республикалық ғылыми-практикалық
конференция өткізді. Конференцияға қатысушылар онда
мерзімді баспасөзде көтерілген мәселелерді жан-жақты
талқылады. Мәселен, емле заңдылықтарының бұзылуы біріккен
сөздерді, мекеме, оқу орындарының атауы болатын күрделі
сөздерді жазуда, жер-су, халық аттарының транскрипциясында
байқалса, әдеби тіл нормаларының сақталмауы әдеби тілде
баламасы бола тұрса да, жергілікті элементтерін толғаусыз
енгізуден, жарыспалы сөздерді сұрыптамай қолданудан көрінді.
Сондай-ақ термин қабылдау мен қолдануда бірізділіктің
жоқтығы, яғни аударма үрдісінде ұлттық терминдер жасаудың
орнына шетел терминдерін ала салушылық, терминком бекіткен
терминдерді әркімнің өз бетінше қолдануы секілді фактілердің
белең алып бара жатқаны сөз болды.
Бұл кемшіліктердің негізгі себептері, біріншіден, баспасөз,
баспа орындарының бекітілген орфографиялық ережелер мен
соның негізінде құрастырылған “Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігіне” сүйенбей, әрбір баспа орнының сөздерді өз бетінше
жазуы болса, екіншіден, термин қабылдаудағы 30-жылдары
басшылыққа алынған солақайлық, яғни ұлт тіліндегі терминдерді
қалыптастыру орнына орыс тілі мен шетел сөздерін ала салу
тәжірибесінің етек алуы еді. Үшіншіден, әдеби тіліміз жас,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



186
сондықтан халық қолданысындағы барлық байлығымызды


әдеби тілімізге енгізе беруіміз қажет деген теріс тезисті
басшылыққа алуымыздың да әсері болды.
Осы мәселелерді жан-жақты сарапқа сала отырып,
конференцияға қатысушылар өз ұсыныстарын төмендегіше
тұжырымдады:
1.Мерзімді баспасөз, баспа орындарының назары жоғарыда
сөз болған, басылым беттерінде жиі кездесіп жүрген қателіктер
мен кемшіліктерді жойып, жазу мәдениетін көтеруге аударылсын,
ол үшін олар өздерінің күнделікті жұмыстарында Қазақ ССР
Жоғарғы Советі Президиумының 1957 жылғы жарлығымен
бекітілген “Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері” мен
1963 жылы “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін” басшылыққа
алу ұсынылды.
2. Баспасөз бетінде жарияланып жататын материалдардың
көпшілігі аударма әдебиет екендігі ескеріліп, аударма сапасын
арттыру, ол үшін сөзбе-сөз аудару мен калькалау тәсілінің ана
тілінің стильдік қолданылу аясын тарылтып, қазақ тілінің табиғи
сөз
тіркестіру,
сөйлем
құрау
заңдылықтарын
бұзуға
соқтыратынын ескеріп, аударманың негізгі тәсілі ретінде
баламалы аударманы алу ұсынылды.
3. Мемлекеттік терминкомның өкілетті құқығын кеңейтіп,
оның жұмысы тек терминдерді бекітумен ғана шектелмей, қазақ
тілінің жазу мәдениетін дамытуда кездесетін даулы мәселелерді
шеше алатын мекеме дәрежесіне дейін көтеру жоғарғы өкілетті
орындардан сұралды.
4. Әдеби тілдің нормасын жетілдіруде бейберекет
қолданылып жүрген жарыспалы сөздер мен жергілікті
ерекшеліктердің әдеби нұсқасын негіз етіп, өзгелерін мерзімді
баспасөзде, әсіресе, публицистикалық, ресми, ғылыми
стильдерде орынсыз қолданудан бойды аулақ салу дұрыс деп
табылды.
5. 1953 жылы жарық көрген “Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігінде” кейбір ала-құлалық, кемшіліктер кеткені ескеріліп,
оны түзетіп, қайта бастыру ұсынылды. Сол секілді терминология,
орфография, пунктуация, тіл мәдениетімен байланысты оқу
құралдарын, анықтағыштар, мақала жинақтарын шығарып отыру
қажет деп табылды. Бұлардан басқа да практикалық шаралар
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



187
ұсынылды.


Конференция ұсыныстарын іске асыру мақсатында Ғылым
Академиясы мен басқа да тиісті орындар тарапынан біраз
жұмыстар істелді. Атап айтқанда, 1968 жылы “Қазақ тілінің
орфографиялық сөздігі” толықтырылып, түзетіліп, қайта
бастырылып шығарылды. Тіл білімі институты жанынан
Терминология және Ономастика, Тіл мәдениеті бөлімдері
құрылып, тіл мәдениетіне, терминология теориясына қатысты
зерттеулер жүргізіліп, бірнеше монографиялар жарық көрді.
Қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелерін сөз ететін “Қазақ
тілі мен әдебиеті” журналы дүниеге келді. Қазақ ССР Ғылым
Академиясының Хабарларының филология сериясы қоғамдық
ғылымдардан бөлініп, өз алдына отау тікті. Сөйтіп, баспасөздегі
жазу мәдениетіне арналған конференция әдеби тіліміздің келелі
мәселелерін күн тәртібіне қойып, олардың бірте-бірте
шешілуінде белгілі дәрежеде рөл атқарған, баспасөздегі жазу
мәдениетін арттыруда едәуір үлес қосқан игілікті шара болды.
60-80-жылдардағы
баспасөздің қазақша публицистика
(көсем сөз) стилін жетілдіруде ғана емес, қазақ әдеби тіліміздің
қандай деңгейде екенін көрсетуде де тигізер пайдасы үлкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет