125
Бұл сол кездегі жазба әдебиетке ауызекі сөйлеу тілінің тигізген
әсері екендігі сөзсіз.
ХХ ғасырдың басындағы мерзімді баспасөз беттерінде де
деп-ке аяқталатын сөйлемдерді кездестіруге болады.
Акад. І.Кеңесбаев бұл құбылысты ауыз әдебиет пен ауызекі
сөйлеу тілі ықпалымен байланыстырса, Р.Сыздықованың пікі-
рінше: "Сөйлемнің
деп дәнекеріне аяқталуы Абай тұсындағы
күллі қазақ прозасы тіліне тән: бұл тәсіл көркем әдебиет стиліне
жататын Ыбырай әңгімелерінде де, қоғамдық публицистикаға да
жататын баспасөз тілінде де, қазақша қарасөзбен жазылған өзге
үлгілерде де (тіпті христиан дінін уағыздаған миссионерлік
әдебиетте де) - барлығында қолданылған
32
.
Мерзімді баспасөзден мысал келтірейік:
Отырықшы норма қазақ сонымен күн көреді деп көзі жет-
кендіктен шығарған норма емес, қазақтың жерін көбірек алу
үшін шығарған һәм көбірек алғанда қазақтың ырзалығымен
алдық деп көрсету ұшін шығарған норма деп /Қазақ, 1913, №19/.
Сібірде, Степной облыстарда һәм Түркістанда мал бағамын
десе, отыз алты жылға торгсыз арендаға мал бағатын жер
берілсін деп /Қазақ, 1913, № 37/. Адам туған жеріне барып
тұрып, жұртына қызмет істеймін десе, сонан соң кіріссін деп
/Айқап, 1914, №1/. Біз ойлаймыз, бұл жақыннан болжағандық деп
/Айқап, 1914, № 1/.
Бұл фактілерден
деп-ке аяқталған сөйлем түрлерінің ХХ ға-
сырдың басындағы қазақ жазбаларына да тән нормативтік
құбылыс болғандығын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: