Қолданылатын оқулық .М.Қ.Оспанова; Қ.С.Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019.
10 сынып. 1-бөлім
Сабақтың нөмірі: 7
Сабақтың тақырыбы: Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан. Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі. Атомның тотығу дәрежесі. Негізгі топшада және периодта элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі
1.Оқу мақсаты: 10.2.1.3 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;
2. Конспект
Атомдардың электрондық қауызына орай анықталатын элементтердің барлық қасиеттері периодттық жүйенің периоды мен тобы бойынша заңды өзгереді, себебі ұқсас элементтердің электрондық құрылымы ұқсас, бірақ бірдей емес, сондықтан топта және топшада бір элементтен екіншісіне ауысқан кезде қасиеттердің жай қайталануы емес олардың заңды өзгеруі байқалады.
Электрондық конфигурацияға байланысты атомдардың келесі қасиеттері : атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электротерістілік, тотығу дәрежесі периодты өзгереді.
Атом радиусы. Атом радиусы элементтің қасиетіне әсер етеді. Радиус неғұрлым үлкен болса, сыртқы деңгейдің электрондары соғұрлым әлсіз тартылады. Керісінше атом радиусы кемігенде электрондар ядроға күшті тартылады.Период бойынша атом радиусы солдан оңға қарай кемиді. Мұны ядро заряды артқанда электрондардың тартылу күшінің өсуімен түсіндіреді. Топшада жоғырыдан төмен қарай атом радиусы артады, өйткені қосымша электрондық қабаттың қосылуы нәтижесінде атомның көлемі ұлғаяды. Сонымен ядро заряды артқанда атом радиусының өзгеруі анық периодтық сипатта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |