Атомның күрделі бөлшек екендігін осы тәжірибелер жүзінде дәлелденді. Атом электрон (теріс зарядты бөлшек), протон (оң зарядты бөлшек) және нейтрон ( зарядсыз бөлшек) тұрады. Ядро протон мен нейтроннан тұрады, ал электрондар ядроны белгілі бір реттілікпен айналады. Протон, электрон, нейтрон элементар бөлшек деп аталады, және олардың көлемдері мен массалары өте кішкентай болғандықтан, атомның көп бөлігі бос кеңістік болып табылады. Элементар бөлшектердің қасиеттерін оқулықтың 6 бетіндегі 1 кестеден көруге болады. Атом электробейтарап бөлшек, себебі ядрода қанша оң зарядты протон болса, ядроны сонша теріс зарядты электрон айналады. Атомдағы протондар Z, нейтрондар N, атомдық масса (нуклондық сан) А деп белгіленеді. A=N+Z Мысалы, көміртектің атомдық массасы 12, реттік номері 6, ол атомдағы электрондар мен протондар санын көрсетеді. Ал, енді нейтрондарды есептейік: N=A-Z=12-6=6. Осылайша нейтрондарды есептеуге болады. Электрондардың қозғалысы өте күрделі болып келеді. Ядро маңындағы электрон қозғалатын кеңістік электрондық бұлт, ал электронның болу аймағы атомдық орбиталь деп аталады. Атомның электрондық қауызы қабаттардан тұрады. Әр орбитальға электрондық бұлт сәйкес келеді және қозбаған күйде 4 түрлі типі бар: s, p, d, f. Бір орбитальда спиндері әртүрлі электрондар орналасады. Бір орбитальда тек 2 электрон сияды. Әр бір электрон бұлты өзіне тән пішіндерге ие. Мысалы: s шар тәрізді болса, p гантель тәрізді, ал қалған екеуі өте күрделі пішінге ие. Оқулықтың 8 бетіндегі 2 суретке қараңыз. Атомдар электрондарын беріп жіберіп оң ионға, ал электрондарын қосып алып, теріс зарядқа айналады. Бейтарап атомның зарядты бөлшекке айналуын иондану үдерісі деп аталады. Изотоп дегеніміз электрондар мен протондар саны бірдей, ал нейтрондар саны әртүрлі болатын элементтер. Мысалы көміртектің 12 () және 13 () деген изотоптары белгілі.