Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ  ҚАУІП  ФАКТОРЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет31/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ  ҚАУІП  ФАКТОРЛАРЫ 
ЖӘНЕ  ПСИХОПРОФИЛАКТИКА
Өндірісте психипрофилактика міндеті — психикалық патология, оның ішінде 
кәсіби патологияны болдырмауға бағытталған жұмыстар жүргізу болып табы­
лады.  Кәсіби  аурулар  өндірістің зиянды  әсерінен дамиды.  Зиянды  өндірістік 
факторлар туралы айтқан кезде, өндірістік ортаның немесе еңбек үрдісінің адам 
организміне зиянды әсер тигізуі туралы айтылады.
Кәсіби  аурулар  спецификалы  ж әне  спецификалы  емес  болып  бөлінеді. 
Абсолютті  специф икалы қ  аурулар  тұрмыста  кездеспейтін,  тек  өндірістік 
жағдайда дамитын аурулар болып табылады. Айқын психопатологиялық сим- 
птомдармен сипатталатын абсолютті спецификалы кәсіби аурулардың арасын­
да вибрациялық ауру мен  мырышпен созылмалы улануды  атап  өтуге  болады. 
Салыстырмалы спецификалы аурулар деп өндірісте жиі кездесетін,  бірақ кей 
жағдайда  тұрмыстық жағдайда  диагностика  жасалатын  ауруларды  айтамыз. 
Психикалық бұзылыстармен сипатталатын салыстырмалы спецификалы кәсіби 
ауруларға сәуле ауруын, қорғасынмен, сынаппен, мышьякпен, пестицидтермен 
және басқа да заттармен улануды жатқызуға болады.
Спецификалы  емес  ауруларға  мысалы,  невроздар,  жүйкелік-психикалық 
бұзылыстармен  сипатталатын  гипертониялық  ауру ж әне  басқа  да  мысалы,


Өндіріс жағдайларындағы  қауіп  факторлары және  психопрофилактика
61
конвейерде жұмыс істейтін, қалалық транспортта қызмет істейтін, жолаушы- 
лар  тасымалдайты н  электропоездарда  м аш инист  болып  істейтін,  яғни, 
эм оциялы қ  жүктеме  көп  түсетін  орындарда  жұмыс  істейтін  адамдарда 
кездесетін  ауруларды  айтады.  Мұндай  нозологиялық формалар  кәсіби  фак- 
торлардан тыс жерлерде де  кездеседі.  Кәсіби  ауру деп атау үшін олар  белгілі 
бір өндіріс жағдайында нақты өндірістің зиянды әсерлерінен дамыған болуы 
керек.
Кәсіби аурулармен ауыратын азаматтарға заң жүзінде арнайы көңіл бөлініп, 
жеңілдіктер көрсетіледі.
Қолайсыз  өндірістік жағдайлардың  әсерінен  асқынулар  немесе  алғашқы 
рет кәсіби емес аурулар пайда болуы мүмкін.  Өндірістік зияндылықтан туатын 
биохимиялық, тамырлық, вегетативтік және басқа да патологиялық өзгерістер 
(вибрациялық ауру, улану және басқа да тізімде аталған кәсіби аурулар кезінде) 
атеросклероз, жүрек ишемиялық ауруы,  миокард инфарктісінің ерте дамуына 
ықпал етеді, бұл жағдайда олар кәсіби ауруларға теңестіріледі.  Шығу тегі кәсіби 
қызметке байланыссыз айқын немесе жасырын патология организмнің кәсіби 
зияндылықтарға сезімталдығын жоғарылатып,  оны жайсыз өндірістік ортаға 
төзімсіз  етеді.  Осылайша,  кәсіби  патологияны  ауырлататын,  оның  ағымын 
ж әне  нәтиж есін  наш арлататын,  психоорганикалы қ  синдром  ж ән е  ақыл 
кемістігі  сияқты   психикалық  бұзылыстардың  пайда  болуын  жеңілдететін 
аурудың  бірі  —  алкоголизм.  Сонымен  қатар,  бұрын  ми  шайқалуы  сияқты 
жарақат алған дені сау адамдарда, жүргізуші мамандығын ерте алған жағдайда 
бірнеше  айдан  кейін  (2 -3   айдан  кейін)  оптика-вестибулярлы  бұзылыстар 
пайда  болады,  бұл  бұзылыстар  осы  қызметті  тастағаннан  кейін  жойылып 
кетеді.  Осындай өзгерістер эндокриндік бұзылыстармен,  эмоциялық қозғыш 
адамдарда да кездеседі. Осы тәріздес мәліметтер жүргізуші мамандығын алуға 
қарсы  көрсеткіштер  қатарына  анамнезінде  бас-ми  ж арақаты ны ң  немесе 
эмоциялық  тұрақсыз  эндокринді-вегетативтік  патологияның  болуы  болып 
табылады.
Кәсіби  зияндылықтар  физикалық,  химиялық ж әне  биологиялық  болуы 
мүмкін. Қазіргі замандағы күрделі өндірісте жағымсыз өндірістік факторлардың 
біріктірілген әсерлері кездеседі. Айтар болсақ, химиялық заттармен жоғарғы 
температура жағдайында жұмыс  істеу тек организм  қызуының  көтерілуімен 
ғана қауіпті емес, сонымен қатар кейбір қосылыстар улылығының жоғарылауы 
да  қауіпті  болып  келеді.  Осылайша,  организм  қызуы  көтерілген  кездегі  ги­
первентиляция  удың  организмге  көп  енуіне  себеп  болады.  Интоксикация 
ауыр физикалық жұмыс жасау үстінде (гипервентиляция,  қан айналымының 
жылдамдауы)  күшейеді,  мысалы,  биік  таудағы  жұмыс.  Осындай  жағдайда 
ауадағы улағыш газдың кішкене мөлшері болсын (мысалы, машинадан шыққан 
газ) сана шатасуымен, психимоторлы қозу немесе кома сияқты улану жағдайын 
тудыруы  мүмкін,  кейде  өліммен  аяқталы п  немесе  дем енцияға  әкеліп 
соқтырады.
Осылайша  психопрофилактикалық жұмыстарды  жоспарлау үшін  оларды 
ұйымдастыру және  іс  жүзіне  асыру үшін  патология туралы,  оның  себептерін 
және оларды  болдырмас үшін жасалатын  шаралар жөнінде жетік білім керек.


62
V Тарау.  Психопрофилактика
Өндірісте  психопрофилактика  кәсіби  аурулардың  жалпы  профилактикасы 
негізінде дамиды,  ол үш  бағытта  болады:
1) заңды шаралар;
2) санитарлық-техникалық жұмыстар;
3) кәсіби  зияндылықтарға  организмнің  тұрақтылығын  жоғарылату  үшін 
жүргізілетін жұмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет