Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет32/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   167
Заңды іс-шаралар әр түрлі кәсіби зияндылықтарда қызмет етушілерге арналған 
жұмыс  күнінің,  жұмыс  аптасы ны ң  ұзақты ғыны ң  нормаларынреттейді, 
жеңілдіктерге,  жұмыс  қабілеті  жартылай  немесе  толық жойылған  жағдайда 
компенсацияға  кепілдік  береді,  зейнетақы  тағайындау тәртібін  анықтайды, 
жасөспірімдер мен әйелдер үшін жұмыс нормасы мен жағдайларын анықтайды.
Заңның орындалуы мен нормаларын бақылау санитарлық қадағалау арқылы 
іске асырылады, ол дұрыс ұйымдастырылса, алдын алу шаралары сипатына ие 
болады.
Оның мәні келесі санитарлық-техникалық шаралардан тұрады: пайдалануға 
тапсырылатын өндірістікнысандардың, машиналардың, механизмдердің, жаңа 
жабдықтардың санитарлық жағдайын бақылау; технологиялық үрдістерді және 
хим иялы қ  заттарды  қауіпсіз  түрлеріне  алмастыру;  шығарылған  өніммен 
контактіде болмау және қашықтықтан басқаруды ұйымдастыру, шаңсыздандыруға 
бағытталған жұмыстар жүргізу; жабдықтарды герметизациялау; тиімділігі жоғары 
вентиляция жасау; жұмысшылардың индивидуалды қорғаныш заттарын дұрыс, 
жүйелі түрде пайдалану, оның тәртібін сақтауды бақылау; оларды нұсқаулықпен 
таныстыру және гигиенаны үйрету; токсикалық заттардың ауадағы МДК-сының 
жоғарылауын болдырмайтын жағдайларды бақылау және т.б.
Жалпы профилактикалық жұмыстардың үшінші бағыты — сауықтыру болып 
табылады,  ол  міндетті түрде  алдын  алу және  кезеңдік  медициналық тексеру- 
лерден,  емдік-профилактикалық  қоректендіру,  витаминизация,  өндірістік 
гимнастика,  шаң  мен  газды  орындарда жұмыс  істейтін  адамдарға  ингаляция, 
массаж,  физио  және  сумен  емдеуден  тұрады.  Өндіріс  жағдайындағы  барлық 
жедел уланулар ерекше тіркеуге алынып, СЭС тексеруінен 24 сағат ішінде өтуі 
керек,  созылмалы  уланулар  СЭС  тексеруінен  хабар  алынған  күннен  бастап 
7  күн ішінде өтуі керек.
Тексеру  нәтижелері  арқылы  алдағы  санитарлық-техникалық және  емдік 
шаралардың мазмұны анықталады.
Арнайы жұмыстар ілкі, салдарлық, үшіншілік психопрофилактикамен бай­
ланысты болуы мүмкін.  Сау адамдардағы жүйкелік-психикалық бұзылыстарды 
ескертуге  бағытталған  жұмыстар  комплексін  мысалға  келтіреміз  (ілкі  психо­
профилактика):
1) цехтарда және белгілі бір өндірісте, оның бөлімдеріндегі жұмыс сипатын 
және жұмыс жағдайынзерттеу;
2)  өндірісте  жұмыс  істейтіндер  арасындағы  жалпы  аурушаңдық  ішінен 
жүйкелік-психикалық ауруларды зерттеу;
3)  медико-санитарлық  бөлімдегі  психоневролог  консультациясы,  жұмыс- 
шыларды кезеңмен тексеру және диспансеризация жүргізу, осы мәлімет- 
терді талдау;


Өндіріс жағдайларындағы  қауіп  факторлары және  психопрофилактика
63
4) ж үйкелік-психикалық  бұзылыстарға  байланысты  жоғары  қауіптегі 
контингентті динамикалық  бақылау,  тіркеу,  егде жастағы  адамдарды, 
жасөспірімдерді, жоғарғы және орта білім беру оқу орнында оқып жүріп 
жұмыс жасайтындарды, жиі және ұзақ ауыратындарды, созылмалы кәсіби 
аурулармен ауыратындарды анықтау және т.б.;
5)  1-4 іс-шаралардың мәліметтерін талдау негізінде психопрофилактикалық 
жұмыстың жоспарын құру және оны медико-санитарлық бөлімнің жал- 
пы кешенді жоспарына енгізу;
6) жұмысқа тұратындарды алдын ала тексеру және психикалық денсаулығына 
байланысты кәсіби  түрде таңдап алу;
7) заңдық нормативтерді және техникалық қауіпсіздік және индивидуалды 
қорғаныш ережелерін сақтауды қатаң бақылау;
8)  профилактикалық ем жүргізу — спецификалы,  нақты кәсіптік зиянды- 
лықтарға бағытталған және қоршаған ортаның зиянды әсеріне ОЖЖ-нің 
және организмнің  қарсылық әсерінің жоғарылауын  қамтамасыз ететін 
спецификалы емес ем;
9) зиянды әдеттермен және алкоголизммен күресу;
10)  арнайы топтарды керекті дағдыларға үйрететін психогигиена бойынша 
жұмыс жүргізу (қажу мен невроздың және т.б. профилактикасы); арнайы 
дайындалған  бағдарлама  бойынша  жұмыстар,  өндірістік-техникалық 
оқыту жүйесіне енгізілуі мүмкін;
11)  кең психогигиеналық үгіттеу,  ағарту жұмыстарын жүргізу.
Осы  мақсатта жергілікті және радиотрансляциялық торап  бойынша  үзіліс 
кезінде мәліметтер беру, стационарлық және көшпелі қабырға газеттерін әдемі 
безендіру, санитарлық бюллетень шығару, жұмыс істейтіндер мен оқитындарға 
психогигиеналық өзекті тақырыптарға нұсқаулар беру, денсаулыққа арналған 
тақырыптық кештер өткізілуі қажет.
Екінш ілік  психопрофилактика  мақсаты  басталған  ж үйке-психикалы қ 
бұзылыстардың ауырлауы  мен рецидивтерін  болдырмау үшін,  сонымен қатар 
оның  асқынуының  алдын  алу  болғандықтан,  оның  негізі  ерте  этиологиялық 
диагностика жүргізу болып табылады.  Бұл ең алдымен, дерттің кәсіби фактор- 
лармен байланысты немесе байланыссыз екенін анықтайды. Бұл үшін диагно­
стика  кезінде  анамнез  мәліметтері  талқыланып,  жиналады,  зертханалық 
көрсеткіштермен  бірге  клиникалық зерттеудің  нәтижелері  салыстырылады 
(соматикалық,  неврологиялық,  психологиялық).
Анамнезінде аурудың жұмысқа  тұруынан  бұрынғы  аралықтағы денсаулық 
жағдайына көңіл бөлінеді, алғашқы медициналық зерттеу нәтижелері ескеріледі. 
Қазіргі  кездегі  патологияның  сол  кезде  байқалмауы  кәсіби  ауру  диагнос- 
тикасының  критерийлерінің  бірі  болып  табылады.  Аурудың  кәсіби  зиянды- 
лықтармен  байланысы  анықталады,  оның  сандық бағасы  беріледі  (ұзақтығы, 
үздіксіздігі,  әсер  интенсивтілігі)  зиянды   факторлардың  сапалы қ  сипаты 
анықталады,  осы  мәліметтердің патологиялық өзгерістердің динамикасымен, 
айқындығымен арасындағы байланыс салыстырылады. Арасында байланыстың 
болуы кәсіби аурулардың пайда болу жиілігін жоғарылатады.  Осылайша, сынап, 
марганец фосфорорганикалық қосылыстармен уланғанда және басқа да кәсіби


64
V Тарау.  Психопрофилактика
патология  түрлері  кезінде  астенизациямен,  интелектуалды-мнестикалық 
төмендеу,  ой жұмысы  кезіндегі жоғары  шаршағыштық,  тұлға  құлдырауымен 
көрініс  беретін  энцефалопатия  дамуы  мүмкін.  Сол  салада  жұмыс  істейтін 
адамдардағы патологияның ұқсастығын және өндіріспен байланысы жоқ ауру 
белгілерінің пайда болуын анықтау маңызды болып табылады.
Жағдайды талдау кезінде психопатологиялық жауаптың сипаты  (экзогенді 
және эндогенді түрдегі реакция), оның соматикалық, неврологиялық өзгерістерге 
және  лабораториялық зерттеу  көрсеткіштеріне  байланыстылығы  ескеріледі. 
Психопатологиялық жауап  берудің  экзогенді  түрінде және  сәйкес  анамнес- 
тикалы қ  мәліметтер  болғанда,  ағзада  улы  заттардың  немесе  зат  алмасу, 
эндокринді  ж әне  басқа  да  бұзылыстар  зияндылықтары  әсерінен  дамыған 
соматопсихикалық параллельдің болуы жүйке-психикалық өзгерістермен кәсіби 
ауру диагнозын айқындай түседі.
Осылай  тітіркенген  әлсіздік  көріністерімен  ж әне  ұйқының  бұзылуымен 
астениялық  симптоматиканың  пайда  болуы,  қорғасынмен  жұмыс  істейтін 
адамда апатияның, жоғары шаршағыштықтың,  ұмытшақтықтың үдеуі созыл- 
малы уланудың болу мүмкіндігін білдіреді.
Қызыл  иек  қырындағы  қорғасындық жиек,  гипохромды  анемия,  қанда 
базофильді-дәнді эритроциттердің көп болуы, ретикулоцитоз, порфиринурия, 
зәрмен қорғасынның бөлінуі, бауырдың функциялық жеткіліксіздігі, полинев­
рит сияқты белгілердің болуы тұжырымның дұрыс екендігін дәлелдейді.
Ауруды анықтау терапияны бастауға мүмкіндік береді, оның шарты — кәсіби 
зияндылықтармен  жұмысты  тоқтату  болып  саналады.  Организмнен  улы 
заттардың  шығарылуына,  жойылуына,  ыдырауына  шаралар  қолданылады, 
патогенетикалық,  синдромальды  терапия  жұмыстары  жүргізіледі,  жалпы 
әлдендіретін шаралар қолданады. Жағдайдың синдромологиялық құр^ілымына 
байланысты  психофармокологиялық  басушы  ж әне  әлдендіретін  терапия 
тағайындалады, витаминдер қолданылады, ноотроптар, тағы басқа психоэнер- 
гетикалық заттар, жеке тұлғалық реакцияларда — психотерапия тағайындалады. 
Егер психиканың патологиялық өнімі психотропты дәрілермен толық және тез 
басылатын болса, кәсіби патология кезіндегі психопатологиялық дефицитарлы 
психопатологиялық симптоматика (психоорганикалық синдром, амнестикалық 
синдром,  ақыл-естің кемдігі)  аса тұрақтылығымен ерекшеленеді.  Емдеу және 
айықтыру жұмыстарының тиімділігін  көтеру үшін  белсенділік  пен жігерлілік 
қажет.  Көбіне курорттарда емделу жақсы нәтиже береді.
Кәсіби  аурулар  кезіндегі  үшіншілік  психопрофилактиканың  өзіндік  ерек- 
шеліктері  бар.  Егер  кәсіби  емес  ауруларда  оның  жоғарғы  тиімділігінің  көр- 
сеткіші — аурудың кәсіби деңгейі төмендемей ем қабылдағаннан кейін бұрынғы 
жұмыс жағдайына қайта оралуы болып табылса, айқын кәсіби патология кезінде 
мұндай мүмкіндік болмайды. Емдеу нәтижесіндегі жетістіктердің тұрақтылығына 
сенім тек адамның бұрын өндірісте ауру туғызған агентпен кездеспейтіндігіне 
кепілдік  болғанда  болады.  Сондықтан  үшіншілік  психопрофилактиканың 
міндеті — адамның кәсіби зиянды әсерлермен байланыста болмайтын өндіріске 
қайта квалификациядан өткеннен кейін өзінің бұрынғы кәсіби деңгейіне жетуі 
болып  табылады.  Квалификация  өзгерту  қиындықтары  кезінде,  кәсіби  емес


Өндіріс жағдайларындағы  қауіп  факторлары және  психопрофилактика
65
аурулармен  салыстырғанда,  науқастың  3-топ  мүгедектікте  болған  кезеңі 
қолданылуы мүмкін. Жас организмнің жоғары бейімделгіштік мүмкіндіктеріне 
байланысты үшіншілік психопрофилактика нәтижесі жастарда, ересек адамдарға 
қарағанда, тиімдірек болады.
Ж алпы  өндірістік  орындарда  кәсіби  аурулармен  ауырмайтын  көптеген 
психикалық  аурулар  қызмет  жасайды  (3,5%,  егер  алкоголизмнен  зардап 
шегетіндерді санамаса).  Сөз созылмалы аурулар жөнінде болып отыр, оның И — 
эндогенді психоздар (шизофрения, эпилепсия, маниакальды-депрессивті пси­
хоз), психопатологиялық симптоматикамен бас-ми жарақатынан кейін болатын 
резидуальды көріністер — И соматогенді, инвалюциялық және басқа психикалық 
аурулар — И құрайды. Арнайы жүргізілген зерттеулер, осы аурулардың жоғарғы 
кәсіби деңгейде жұмыс істеп,  еңбекте алған шағымдары аз екенін дәлелдеген. 
П сихикалық  ауру  пайда  болған  әрбір  жағдайда  олардың  әрқайсы сы ны ң 
клиникалық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жүйелі  белсенді  диспансерлік 
бақылау жақсы  ұйымдастырылса,  ыңғайлы  еңбек  жағдайын  қарастыратын 
болса,  уақыт  өте  психикалық  жағдайының  өзгеруіне  қарай  психикалық 
науқастарды  қарапайым  өндіріс  жағдайына  икемдеуді  кеңінен  қолдануға  бо- 
лады.
Өндіріс  орындарындағы  психопроф илактиканы   ұйымдастыру  ж әне 
психоневрологиялық көмек жергілікті жағдайларға және қажеттіліктерге бай- 
ланысты құралады.  Ыңғайлы нұсқасы — үлкен зауыттарда медико-санитарлық 
бөлімнің  болуы,  психоневрологиялық диспансерде  аудан  кәсіпорындарында 
жұмыс істейтіндерге арнайы көмек көрсететін өнеркәсіптік психиатр кабинетінің 
қызмет  етуі,  ірі  көлемдегі  кәсіпоры нды   немесе  бірнеше  зауыттар  мен 
ф абрикаларға  қы змет  көрсететін  емханадағы  психоневролог  қы зметін 
ұйымдастыру,  ведомстволық  бағынышты  психогигиена,  психопрофилактика 
орталықтарын құру болып табылады. Қарапайым нұсқа құрамына диспансерлік 
бақылау,  элементарлы  психоневрологиялық  көмек  көрсету,  цех дәрігерлік 
бөлімшесінің  арнайы  дайындығынан  өткен  бөлімшелік  терапевт,  медико- 
санитарлық бөлімнің немесе емхана невропатологының тарапынан сауықтыру 
шаралары  мен  медициналық білімді уағыздау,  әр түрлі  мамандардың жұмыс- 
шыларды  жоспарланған  медициналық  тексеруден  өткізуі  кезінде  психонев- 
рологтың кезеңдік тексеруі, психоневрологиялық диспансер дәрігерінің жүйелі 
түрде бақылауы кіреді.
Осы кезге дейін алкоголизмді анықтаумен және емдеумен тек арнайы емдік- 
профилактикалық орындар ғана айналысты.  Қазіргі уақытта ішімдікпен басты 
күресті өндірістік орындарда іске асыру көзделіп отыр, бұл міндет кәсіпорындарға 
қызмет көрсететін жалпы  медициналық емханалар және ведомстволық емха- 
налар, денсаулық сақтау орындары, медико-санитарлық бөлімдердің дәрігерлері 
және орта медициналық қызметкерлер күшін қолданып іске асырылады. Керек 
жағдайларда қалалық немесе аудандық денсаулық сақтау органдарының шешімі 
бойынша құр^ілыс және транспорт ұйымдарына, кәсіпорындарға қызмет ететін 
емханаларда  немесе  медико-санитарлық  бөлімдер  жанынан  наркологиялық 
кабинеттер ұйымдастырылады. Наркологиялық кабинеттердің міндеті алкого­
лизмнен зардап  шегетіндерді  ерте анықтап,  оларды  есепке алып,  кешенді  ем


66
V Тарау.  Психопрофилактика
жүргізу және диспансеризация,  ішімдікке қарсы үгіт және профилактика ша- 
раларын  жүргізу  болып  табылады.  Кабинет  жұмысы  әкімшілікпен,  кадрлар 
бөлімімен,  зауыт  комитетімен,  маскүнемдікпен  күрес  комиссиясымен  тығыз 
байланыста  жүргізіледі.  Наркологиялық  кабинетке  есепке  алу  пациенттің 
тұрғылықты  жеріндегі  психоневрологиялы қ  диспансерді  (егер  болса, 
наркологиялық диспансерді) міндетті түрде хабарландыру арқылы жүргізіледі. 
Есептен шығару үшін ішімдікті толық тыйғаннан  3 жыл өткеннен кейін бола- 
ды,  ол объективті мәліметтермен дәлелденуі керек.  Есепте тұрғандар жылына 
2  рет  наркологтан  тексеруден  өтіп  тұрады,  әрбір  6  айда  бақылау нәтижелері 
туралы  мәліметтер  тұрғылықты  жердегі  диспансерге  жеткізіліп  тұрады. 
Н ауқастарға  көрсетілетін  емдік  көм ек  көлемі  п си хон еврологи ялы қ 
диспансерлердегі наркологиялық кабинеттегідей болады. Белсенді емнен кейін 
қосымша қуаттандыратын терапия тағайындалады.  Кейбір ірі өндіріс орында- 
рында  белсенді ем жүргізу үшін профилакторийлер, күндізгі немесе түнгі ста- 
ционарлар жұмыс  істейді.  Қуаттандырғыш  қосымша  терапияның  мақсаты  — 
ішімдікке деген теріс көзқарасқа жеткізу және спирттік ішімдіктерді пайдалануды 
сенімді  түрде  тоқтату.  Ішімдікке  қарсы  жұмыстардың  маңызды  бөлігі  — 
науқастардың  тұрақты  психотерапиялық ұжымын  құру және  емге  қарсылық 
көрсететін және ішімдік ішу дәстүрін таратушы адамдарды  бөлек емдеу (изо- 
ляциялау)  болып табылады.  Бұндай ауруларға тіпті, қоғамдық-әлеуметтік ша- 
ралардан  бастап,  күштеп  емдеу  шаралары  да  қолданылады.  Наркологиялық 
кабинеттердің  мақсаты  —  ішімдікке  қарсы  белсенді  күрес,  сауыққандарды 
еңбекке  тарту,  орналастыру,  көпшілік  жерлерде  ж әне  өндірісте  жетістікке 
жетулерін қамтамасыз ету, олардың отбасылық бейімделуіне көмек беру болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет