Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


Еске түсірудің сандық бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет68/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Еске түсірудің сандық бұзылыстары
Еске түсірудің сандық бұзылыстары гипермнезия және гипомнезия  болып 
бөлінеді.
Гипермнезия жоғарыда аталып өткендерден басқа маниакальды және гипо- 
маниакальды  жағдайлардағы  ассоциативті  тежеусіздік  кезінде  бақыланады. 
Гипомнезия  жалпы  (тотальды)  ж әне  аралшықты  (лакунарлы)  амнезияларға 
бөлінеді.  Тотальды гипомнезияны әріптері өшкен,  оқуға қиын  көне кітаппен 
салыстырады,  амнезия — жыртылып тасталған кітап беттері сияқты.


Ес  бүзылысы
127
Гипомнезия  кезінде  Рибо  заңына  тәуелді дамитын  жалпы  еске  түсірудің 
жетіспеушілігі байқалады.  Гипомнезияның ауыр жағдайында соңғы жылдарда 
және онжылдықтарда болған жағдайларды еске түсіру мүмкін болмай қалады. 
Бұл уақыттың кеш  кезеңінен ерте кезеңіне қарай ес  ыдырауы үдемелі амнезия 
деп аталады.
Аурудың зақымдаушы әсеріне ертеде қабылданған жүйелі ғана емес, неғұрлым 
автоматтандырылған  тәжірибе  қарсы  тұра  алады:  есту және  көру жадысына 
қарағанда моторлы және эмоциялық жады тұрақтырақ болады.  Бұл симптома­
тика кәрілік ақыл кемдігі,  Пик және Альцгеймер ауруларында көрінеді.
Амнезия  ішінде  антеро  ж әне  ретрогродты  амнезияны  бөлеміз.  Бас-ми 
ж арақаты на  дейін  бірнеше  минут,  күн,  апта  ішінде  болған  (инсульт, 
эпилепсиялық ұстама, улану және т.б.) оқиғалардың естен жоғалуы клиникалық 
тәжірибеде ретроградты  амнезия  деп  аталады.  Бас-ми  жарақатынан  кейінгі 
болған оқиғалардың естен жоғалуы антероградты амнезияға тән.  Ретроградты 
немесе ретроантероградты амнезия Корсаков синдромының бір белгісі болып 
табылады.
Бір  кісі  мотоциклмен  келе жатып,  оны  қаладан  78  км  қашықтықта  жүк 
машинасы қағып кетеді.  Бас-ми жарақатынан кейін ол 64 км-ге дейінгі болған 
жағдайды және жарақаттан  кейінгі  бірнеше  сағатта  болған жағдайларды ғана 
есіне  түсіре  алды.  Жарақаттан  кейін  мидың  функциялық  қабілеті  өзгерген, 
сондықтан адам өз-өзіне келіп,  сыртқы ортада өзін дұрыс ұстаған жағдайда да 
ақпарат біраз уақыт аралығында  мимен бекітілмеуі мүмкін.
Бірақ,  естен  14  км  жол  оқиғасының  шығып  кетуі,  бұл  —  кезең  ізі  есте 
мығымдалып  үлгермегендігінің  дәлелі,  сондықтан  жарақат  әсерінен  өшіп 
қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет