Психикалық ауруларды зерттеудің негізгі аспектілері
19
зерттеу болып табылады. Бұл факторларды анықтау психикалық аурудың эти-
ологиясы мен патогенезі мәселелерін анықтауға көмектеседі. Сол себептен
психикалық ауруларды зерттеу және психикалық аурулардың жағдайына баға
беру әр түрлі әдістер көмегімен жүргізіледі. Осы тексерулердің нәтижесін
түсіндіруде соңғы жаңалықтар, ғылы мньщ әр саласындағы жетістіктер
қолданылады.
Психикалық бұзылыстардың болмысын зерттеу — күрделі мәселенің бірі.
Соңғы жылдары психикалық аурудың биологиялық негізін зерттеу психикалық
бұзылыстардың патогенезінің механизмін анықгауда үлкен жетістікке жеткізді.
Бірақ, мәселе толығынан шешілген жоқ деуге болды. Бұл тек этиологиясы
белгісіз ауруларға ғана қатысты емес, тіпті, этиологиясы белгілі психикалық
ауруларға да қатысты. Соңғы жағдайда жауабы белгісіз сұрақ туындайды:
этиологиялық фактор болып табылатын біртекті зияндылық (мысалы, инфек
ция, токсикалы қ зиянды зат) кейбір адамдарда психикалық бұзылыстар
туғызады, ал екіншілерінде туғызбайды. Көптеген шетел психиатрлары
психикалық бұзылыстардың этиологиясы мен патогенезі жөнінде нақты мәлімет
болмағандықтан, психиатрияда нозологиялық принципті қолдану мүмкін емес
деген көзқараста ж әне психикалық ауруларды өмірдің қиын жағдайларына
тұлғаның бейімделу формасының түрлері деп сендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: