СОТТЫҚ-ПСИХИАТРИЯЛЫҚ САРАПТАМА Соттык-психиатриялык сараптама реактивті психоз жағдайы заң бұзушылык
сәтінде ғана емес, одан кейін пайда болғанда да жүргізіледі. Реактивті психоз
жағдайында заң бұзушылык орын алғанда, біркатар факторлар ескеріледі:
психикалык бұзылыс деңгейі, психикалык жаракат сипаты, патологиялык негіз
рөлі және т.б. Кейде кылмыс жасалғаннан кейін, жауапкершілік каупіне бай
ланысты реактивті жағдай пайда болады. Реактивті жағдай кезеңінде бұл адам
сот немесе тергеу алдында жауап беруге кабілетсіз, жазасын өтей алмайды. Бұл
шаралар наукас реакгивті психоз жағдайынан шыккан соң колданылуы мүмкін.
Созылмалы реактивті психоз жағдайларында тактика аздап баскаша. Наукаста
психотикалы к бұзылыстардың ұзак уакыт сакталуына байланысты ол
психиатриялык ауруханаға емге жолданады, сауыккан соң сот алдында жауапка
тартылып, жазасын өтеуі керек.