Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері.
71
себебінен олардың бірінен ажырау, жаңа тұрғылықты орынға көшуге байла-
нысты достарынан ажырау. Бұл кезде бала тамақтан, қарым-қатынастардан,
ойыннан және т.б. бас тартады.
Оппозициялық реакция отбасында іні немесе қарындас пайда болуына бай-
ланысты шамадан тыс жүктемеден немесе жасөспірім өзіне бөлінетін көңілдің
азаюынан пайда болады, анасының күйеуге шығуы және басқа да себептерге
байланысты дамиды. Суицидальды әрекеттердің, үйден қашудың, бұзақылық
істердің мотиві болып өзіне көңіл аударту, өзін басқа жауыз адамдардың
ықпалымен болған ситуация құрбаны етіп көрсету болып табылады.
Имитация реакциясы өзге тұлғаға немесе бейнеге — кино жұлдызына,
тәрбиешіге, құрдасына еліктеумен көрініс береді. Имитация реакциясы егер
еліктеу объектісі антисоциалды тұлға болса социалдық нормалардың бұзылуына
себеп болады. Теріс имитация реакциясы өзін қандай да бір бейнеге қарама-
қарсы ұстауға талпынысымен көрініс береді: маскүнем баласының спиртті
ішімдік ішпеуі; пайдақор отбасында өскен жасөспірім немесе қыз-жігіттердің
материалдық көмектен бас тартуы. Имитацияның теріс реакциясы шеңберінде
эмансипация реакциясы пайда болуы мүмкін, ол — жасөспірімнің өз құқығы
мен еріктілігі үшін күресі.
Компенсация реакциясы — кейбір жетіспеушіліктерді толықтыруға бағытталған:
физикалық әлсіз жасөспірім өз қатарына ой еңбегі арқылы теңесуге тырысады,
үздік оқиды, өзінің энциклопедиялық білімімен таң қалдырады.
Гиперкомпенсация реакциясы жасөспірімнің әлсіздік танытқан саласында
табанды дайындалып, аса жоғары нәтижелерге жетуімен көрініс береді. Бала
лар мен жасөспірімдерге ортақ аталған реакциялардан өзге жасөспірім шақ
үшін арнайы реакция түрлері бөлінеді: эмансипация реакциясы, құрдастарымен
топталу реакциясы, әуестену реакциясы (хобби-реакция), сексуалды әуестікке
байланысты реакциялар. Эмансипация реакциясы туралы жоғарыда айтылды.
Күрдастарымен топ құру реакциясы белгілі бір деңгейде инстинкт түрінде
детерминирленген; өз лидері бар жасөспірімдік топтардың құрылуымен, топ
ішінде рөлдердің бөлінуімен, өздерінің нақты территорияларын бөлумен си-
патталады. Көптеген қылмыстарды осындай топ жасөспірімдері жасайды.
Әуестену реакциясы балалардың ойыны тәрізді жасөспірім шаққа тән қасиет.
Әуестіктің әр түрі болады: құмар ойындары, байлық жинауға құмарлық, лидер
болуға құмарлық ж әне интеллектуалды-эстетикалық ж әне т.с.с. Әуестік
жасөспірімдердің бар ой-санасын билеп алған кезде жүріс-тұрыстық бұзылыстар
дамиды, оқуға және еңбекке қарсы қояды, әлеуметтік нормалардың бұзылуымен
байланысты.
Сексуалды әуестік реакциялары — тікелей жыныстық қозудың іске асыры-
луына бағытталған (онанизм, өтпелі гомосексуализм) немесе терең жасырын
сексуалды күйді білдіреді (суицидальды әрекет, агрессия актілері). Ж асөс-
пірімдердің сексуалдылығы әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен пайда болады,
тұрақсыз, аса сезімтал және патологиялық түрге оңай ауысады.
Барлық суреттелген реакциялар қалыпты жағдайлармен қатар патологиялық
психикалық реакцияның да көрінісі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: