Зерттеу әдістері Қабылдау бұзылыстары клиникалық, экспериментальды-психологиялық
әдістермен анықталады.
Сұрау әдісі науқастағы қандай да бұзылысты мақсатты анықтауға негізделген.
Мысалы: «Сізде денеңіз ұлғайып немесе кішірейген, ауырлаған немесе
жеңілдеген тәрізді сезім болады ма?» Бақылау әдістері науқастың жүріс-тұрысын
бақылаудан тұрады, жүріс-тұрысқа аффективті және вербальды иллюзиялар,
парейдолиялар, галлюцинациялар әсер етуі мүмкін. Қауіп төндіруші, кінәлаушы
галлюцинациялары бар науқас палатадағы науқастардан «олар менің соңыма
неге түсіп жүр, менен кек алғысы келеді ме?» деп сұрауы мүмкін. Императивті
галлюцинациясы сырқаты бар науқас тағамнан мүлдем бас тартуы мүмкін,
өйткені, «дауыстар солай бұйыруда».