90
ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы,
соғысты насихаттауға тыйым салу көрініс таппаған. Декларацияда
жарияланған адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттердің
сақтау міндеттеріне нұсқау берілмеген, кепілдіктер көрсетілмеген,
жарияланған адам құқықтарын жүзеге асыру жолдары мен құралдары
айтылмаған. Алайда əлемдік қауымдастық əрқашан əлемдегі соғыс
пен зорлыққа тыйым салуға ұмтылады. Адам құқықтарының жалпыға
бірдей Декларациясынан басқа адам құқықтары туралы халықаралық
пактілер бар. Олар — экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени
құқықтар туралы халықаралық пакті, 1966 жылғы 19 желтоқсандағы
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакті.
Оларда мынадай ережелер мазмұндалған: халықтар мен
ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы, еңбек
ету құқығы, кəсіподақтық бірлестіктер құру құқығы, білім алу, ер-
лер мен əйелдердің теңдігі туралы жалпылама тең жəне құпия дауыс
беру туралы құқықтар жəне т.б.
Халықаралық шарт – (ағылш. international treaty; нем. inter-
nationaler Vertrag) Халықаралық құқықтар мен міндеттерді, оның
қатысушылары үшін бекітетін олардың өзара жəне халықаралық
қатынастарының түрлі мəселелері бойынша, мемлекеттер мен басқа
халықаралық құқық субъектілері арасындағы келісім; халықаралық
құқықтың негізгі көзі. Халықаралық шарттарды жасайтын
органдарға қатысты түрде, оларды: мемлекетаралық, үкіметаралық,
ведомствоаралық шарттар деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: