Оқулық «Нотариат туралы»


-тақырып. Құжаттарды нотариаттық куəландыру



бет97/106
Дата16.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#116298
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   106
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

7-тақырып. Құжаттарды нотариаттық куəландыру 
Нотариус заңдармен бекітілген міндетті нотариаттық нысанда
мəмілелерді куəландырады. Тараптардың тілегі заңмен міндетті
нотариаттық нысан белгіленбеген мəмілелер мен басқа да мəмілелер
куəландырылуы мүмкін. Нотариус тараптарға олар табыс еткен
мəмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіруге жəне
оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сəйкес келетінін жəне
заң талаптарына қайшы келмейтінін тексеруге міндетті. Егер мəміле
жасау сəтінде əрекет етуге қабілетті жеке тұлға алкогольдік немесе
есірткілік масаю халінде болса нотариус мəмілені куəландырудан
бас тартуға тиіс. 14 жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың аты-
нан мəмілелерді олардың ата-аналары, ал əрекет қабілеттілігі жоқ
азаматтардың атынан-қамқоршылары жасайды. 14-тен 18 жасқа





168
дейінгі кəмелетке толмағандар мəмілелерді ата-аналарының,
ал əрекет қабілеттілігі шектелген адамдар- қорғаншыларының
келісімімен жасайды.
Өз арыздарында кемелердің капитандары жүзу кезінде болған
оқиғалар (апат, жүктің бүлінуі жəне т.с.с.) туралы хабарлайды. Теңіз
наразылығы туралы арызда оқиға жағдайларының жəне капитанға
сеніп берілген мүлікті сақтау үшін ол қабылдаған шаралардың си-
паттамасы болуға тиіс. Егер теңіз наразылығын мəлімдеу қажеттігін
тудырған оқиға айлақта болған болса, наразылық оқиға сəттен ба-
стап жиырма төрт сағат ішінде мəлімденуі тиіс.
Наразылықты белгіленген мерзім ішінде мəлімдеу мүмкін
болмаған ретте, теңіз наразылығы туралы арызда мерзімді өткізіп
алу себебі көрсетілуге тиіс. Теңіз наразылығы туралы арызда
баяндалған жағдайларды растау үшін кеме капитаны сауда теңіз
қатынасын реттейтін заңдарға сəйкес арыз берумен қатар, бірақ
кеме айлаққа кірген сəттен бастап жеті күннен кешіктірмей (неме-
се егер оқиға айлақта болса, ол болған сəттен бастап) нотариусқа
қарауға кеме журналын жəне капитан куəландырған кеме журналы-
нан алынған көшірмені беруге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет