Оқулық «Нотариат туралы»


«Қазақстан Республикасының нотариаты»



бет6/106
Дата16.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#116298
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

1.4. «Қазақстан Республикасының нотариаты» 
курсының пəні жəне жүйесі
«Қазақстан Республикасының нотариаты» курсын оқытудың пəні
болып азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды қамтамасыз ету мақсатында нотариаттық іс-əрекеттерді
заңда көзделген тəртіппен жасау кезінде туындайтын қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқық нормалары табылады. Бұл қоғамдық
қатынастар даусыз құқықтар мен фактілерді куəландырумен,
құжаттарды, олардан алынған үзінділерді куəландырумен жəне
өзге əрекеттермен байланысты пайда болады. Сонымен бірге,
оқу пəніне азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымына тəн құқықтық
ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар кіреді, өйткені
нотариаттың қызметі оның зерттеу объектісі болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының зерттеу объектісіне:
нотариаттық заңнама саласы, оның нормалары мен институтта-
ры, сондай-ақ құқықтық нормаларды қолдану тəжірибесі; нотари-
ат заңнамасының даму тарихы; шетелдердің нотариат құқығы мен
заңнамасының тарихы мен теориясы жатады.
Бұл курстың оқу пəніне нотариат органдары арқылы азаматтар
мен ұйымдардың субъективтік құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау тəртібін реттейтін құқық нормалары кіреді.
«Қазақстан Республикасының нотариаты» курсын оқытудың
мақсаты студенттерге субъективтік құқықтарды нотариат арқылы
қорғау нысанын реттейтін құқық нормаларының маңызын;
азаматтық, шаруашылық жəне басқа қатынастарда заңдылықты





16
нығайтудағы нотариаттың рөлін; нотариаттық іс-əрекеттерді жа-
сау тəртібін, құқық нормалары мен оларды нотариат органдарының
тəжірибеде қолдануының арасындағы тығыз байланысты түсіндіру
болып табылады.
Курстың міндеттеріне: құқықтың қажетті қайнар көздерімен,
нотариаттық құқықтың концептуалды проблемаларымен танысу,
нотариат туралы маңызды нормативтік құқықтық актілерді меңгеру
жəне нақты мəселелерді шешу кезінде оларды дұрыс қолдана білу
жатады. Нотариаттық əрекеттерді тіркеу тізілімдерінің, нотари-
ат куəліктерінің, куəландырылатын құжаттар мен мəмілелердегі
куəландырушы жазбалардың нысандарымен танысуы қажет.
Студенттерде сонымен бірге нотариустардың құқықтары мен
міндеттері, нотариаттық қызметпен айналысу құқығынан үміткердің
жəне нотариаттық практикамен айналысатын нотариустың кəсіби
біліміне, тəжірибесіне жəне жеке қасиеттеріне қойылатын талаптар
туралы нақты түсінік болуы керек.
«Қазақстан Республикасының нотариаты» курсын меңгеру
азаматтық, отбасылық, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, əкімшілік
құқығы тəрізді пəндерден алынған білімдерге негізделеді, өйткені
аталған пəндердің шегінде мемлекеттік органдардың жүйесі,
субъективтік құқықтарды қорғау нысандары, сəйкес құқықтық
қатынастардың мазмұны мен олардың субъектілері, құқықтық
қатынастардың пайда болу, өзгеру жəне тоқтатылу не оларды жа-
рамсыз деп тану негіздемелері туралы мəселелер оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет