7.8. Құжаттардың көрсетілу уақытын куəландыру Нотариус құжаттардың көрсетілу уақытын жеке немесе заңды
тұлғаның жазбаша арызы негізінде куəландырады. Көрсетілу
уақытын куəландыру жүзеге асырылатын құжаттар əртүрлі бо-
луы мүмкін – өнертабысты сипаттау, басқа ғылыми жəне əдеби
шығармалар, іссапар куəліктері жəне т.б. Құжаттарды көрсетілу
уақытын куəландыру кезінде нотариус жеке тұлғаның жеке басын,
не құжатты ұсынған заңды тұлға өкілінің өкілеттіктері мен жеке ба-
сын анықтайды.
Көрсетілген уақытын куəландыру қажет құжат нотариусқа
кемінде үш данадан беріледі. Егер үш түпнұсқа дананы беру мүмкін
болмаса, онда нотариус осы құжаттың көшірмесінің дұрыстығын
куəландырады (нотариатты түрде немесе жай қол қою арқылы) жəне
əрбір данада берілген уақыты туралы куəландыру жазуын жазады.
Мұнда түпнұсқаны қоса отырып екі дананы, қажет болған жағдайда
бір дананы тиісті адресатқа жолдау мүмкіндігі болу үшін мүдделі
адамға береді, бір данасы нотариаттық органның (нотариустың)
істерінде қалады. Егер нотариусқа бір мезгілде бірнеше құжат
берілсе, куəландыру жазуы олардың əрқайсысына жазылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары 1) Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты қалай
рəсімделеді?
2) Жылжымайтын мүлікті айырбастау шартын куəландыруда
нотариус қандай мəн-жайларды ескеруі тиіс?
3) Сыйға тарту шартының нотариаттық куəландырудың мəні
неде?
4) Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы мəміле қандай
негізгі талаптарға сүйеніп орындалады?
5) Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын куəландыруда
нотариус тарапынан қандай негізгі мəн-жайлар ескерілуі тиіс?
77 6) Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтіндігін растаушы
қандай құжаттарды білесіз?
7) Қандай жағдайларда бір жылдан асатын мерзімге пайдалану
құқығында ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға
мүмкіндік бар?
8) Рента ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті иеліктен алу
туралы шарт нотариус тарапынан қандай жағдайларда куəландыруы
мүмкін?
9) Бірлескен немесе үлестік меншіктегі мүлікті нотариаттық
куəландыруда қандай мəн-жайлар ескерілуі тиіс?
10) Жер заңнамасына сəйкес нотариус қандай мүліктік
қатынастарды иеліктен алу шарттарын куəландыруға құқылы?