88
беру хабарламасына бұл туралы белгіленген нысанда жазу түсіру
жолымен жүргізіледі. Тыйым салу туралы нотариустың жазуы бар
хабарламаның бір данасы тиісті тіркеу органына, бір данасы – тиісті
банкке немесе заңды тұлғаға, хабарламаның бір данасы нотариаттық
кеңсенің істерінде қалады.
Тіркеуге жататын мүлік кепілдігі
туралы шарт бойынша тый-
ым салу кепіл туралы шартта бұл туралы жазу түсіру
жолымен
жүргізіледі. Кепіл туралы шарт бойынша тыйым салу туралы нота-
риус мүлікті тіркейтін органына хабарлайды.
Барлық жағдайларда тыйым салу
жеке құжат жасау жолымен
жүзеге асады, бұл құжат хабарламаға не кепіл туралы шартқа тігіледі.
Иеліктен алуға тыйым салу нотариаттық əрекеттерді
тіркеуге
арналған тізілімде, тыйым салу тізілімінде тіркеледі, сондай-ақ тый-
ым салуды есепке алудың алфавиттік кітабына енгізіледі. Мүлікке
иелік етуге шектеу салу туралы мəлімет БНАЖ-не енгізіледі. Но-
тариус несие берген ұйымнан несиенің өтелгені немесе кепіл тура-
лы шарттың тоқтағаны туралы хабарлама алған жағдайда мүлікті
иеліктен алуға салынған тыйымды алып тастайды.
Алынған несиенің өтелгендігі туралы банк хабарламасы немесе
кепіл шартының тоқтатылғандығы
туралы кепіл ұстаушының ха-
барламасы алынған соң нотариус иеліктен алуға салынған тыйым-
ды жояды, бұл туралы жылжымалы жəне жылжымайтын мүлікті
тіркеу органдарына жазбаша түрде хабарланады жəне нотариаттық
əрекеттерді тіркеуге арналған тізбеде тыйымды алып тастау туралы
белгі қойылады.