9.2. Нотариустың басқа мемлекеттердің құқық нормаларын
қолдануы халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде
нотариус басқа мемлекеттердің құқық нормаларына сəйкес
нотариаттық əрекеттер жасайды. Басқа мемлекеттердің құқық нор-
малары олар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары-
на қайшы келмеген жағдайда нотариаттық əрекеттер жасау кезінде
қолданылады.
Шетелдік заңды жəне жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ
адамдар Қазақстан Республикасының заңды жəне жеке тұлғалары
үшін белгіленген тəртіпте жəне шарттарда нотариаттық əрекеттер
жасауға жүгінуге құқылы.
Шетел азаматының азаматтық əрекет қабілетсіздігі ол азаматы
91
болып табылатын елдің заңы бойынша айқындалады. Азаматтығы
жоқ адамның азаматтық əрекет қабілетсіздігі ол тұрақты тұратын
елдің заңы бойынша айқындалады. Шетел заңды тұлғаларының
азаматтық құқық қабілеттілігі аталған заңды тұлға белгіленген
тəртіпте тіркелген елдің заңы бойынша айқындалады.
Қазақстан Республикасы аумағында жасалатын мəмілелерге
қатысты шетел заңды тұлғаларының азаматтық құқық қабілеттілігі
жəне шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық
əрекет қабілетсіздігі Қазақстан Республикасының заңдары бойынша
айқындалады.
Егер шетел құқығы талаптарына сəйкес жасалған құжат көрсеткен
тұлға, немесе шетелде қолдануға арналған құжатты нотариалды
куəландыруды қажет ететін адам нотариаттық əрекет жасатуға кел-
се, шетел мемлекетінің құқық нормаларын қолдану қажеттігі пай-
да болады. Шетел құқығы оның шетел мемлекетінде қалыптасқан
түсіндірілу жəне қолданылу практикасына сəйкес қолданылады.
Шетел құқық нормасының мазмұнын айқындау кезінде нотари-
ус Қазақстан Республикасы Əділет министрлігіне сұрау салуға не-
месе тиісті ұйымға (соның ішінде ұйымға) түсіндіруді сұрап келуге
құқылы. Нотариус нотариаттық əрекет жасауға жүгінген мүдделі
адамнан немесе оның өкілінен қажетті мағлұматтарды, сондай-
ақ тиісті құқық қатынастарын реттейтін нормативтік актілердің
мəтіндерін талап етуге құқылы.
Нотариус Қазақстан Республикасының халықаралық шарт-
тарының талаптарына сəйкес жасалған құжаттарды қабылдайды.
Шетелде қолданылатын құжаттар нысаны, мазмұны жəне ата-
уы бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын құжат-
тардан айтарлықтай ерекшелене алады, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарына белгісіз бірқатар ерекшеліктері бо-
лады. Кейбір мəмілелердің шарттары мен нысандары Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес келмеуі немесе қайшы келуі,
бірақ халықаралық-құқықтық нормаларға сəйкес келуі мүмкін.
Атап айтқанда, шетелде куəландырылған немесе шетелде қолдануға
арналған сенімхатта оның қолданылу мерзімі болмауы мүмкін,
мұндай сенімхат жойылғанға дейін қолданылады, немесе сенімхат
мəтіні өкілеттік беру нысанында баяндалуы мүмкін. Бұған қоса,
сыйға беру шарты мүліктің меншік иесінің біржақты декларациясы
түрінде жасалуы мүмкін.
Шетелде қолдануға арналған құжаттарды куəландыру кезінде
92
нотариус Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекіткен
нысанда куəландыру жазуын жазады. Қазақстан Республикасы
бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайда, нотариус
басқа мемлекет заңдары белгілеген нысанда куəландыру жазуын
жасауға құқылы. Шетел азаматының қайтыс болуынан соң қалған,
Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті немесе
Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болуынан соң шетел
азаматына тиесілі мүлікті қорғауға, сондай-ақ мүлікке қатысты
мұраға деген құқық туралы куəлік беруге байланысты əрекеттер
Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жүзеге асырылады.
Егер мұралық мүлікті қорғауға шаралар қабылдау кезінде мұрагерлер
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын шетел азаматтары
екендігі анықталса, нотариус Қазақстан Республикасының əділет
органдары мен Сыртқы істер министрлігі арқылы оларға мұраның
ашылу уақыты мен орны туралы хабар жолдайды. Хабар нысанын
Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі дайындайды жəне
бекітеді əрі оны нотариустардың назарына ұсынады.
Егер Қазақстан Республикасы мен азаматы мұра алып отырған
басқа мемлекет арасында халықаралық шарт жасалса, нотариус
осы шарт нормаларын басшылыққа ала отырып, мұралық мүлік
құрамы мен құнын белгілейді, мұрагерлер шеңберін анықтайды,
мұра қалдырушы өсиетінің барын не жоқтығын тексереді, қажет
болған реттерде мұралық мүлікті қорғауға шаралар қабылдайды
жəне мұраның ашылуы мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты
Қазақстан Республикасының аумағындағы тиісті мемлекеттің
дипломатиялық немесе өзге де шетелдік өкіліне хабарлайды.
Заң (өсиет) бойынша мұраға құқық туралы куəлік, егер Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес беріледі.
Өсиет бойынша мұраға құқық куəлік берген кезде, нотариус
өсиет (жəне оны жою) нысаны өсиет жасаған немесе оны жойған
сəтте өсиет қалдырушы тұрақты тұрғын елдің құқығы бойынша
айқындалатынын ескеруге тиіс.
Нотариус құжаттарды төмендегілер оларға апостиль қойған
не ресмилендірген жағдайда, шетел мемлекетінің құзыретті
органдарының лауазымды адамдарының қатысуымен шетелде
жасалған немесе олардан жолданған құжаттарды қабылдайды.
Консулдық ресмилендіру тиісті құжаттардың олар шыққан
мемлекеттің заңдарына сəйкестігін тексеруден тұрады жəне,
93
əдет те, оларды өзге мемлекетте пайдалану мақсатында осындай
құжаттардағы лауазымды адам қолының жəне өкілетті мемлекеттік
орган мөрінің дұрыстығын куəландыру болып табылады. Нота-
риус шетелде шетел мемлекетінің құзыретті органдарының лауа-
зымды адамдарының қатысуымен жасалған немесе олардың аты-
нан берілген құжаттарды, бұл Қазақстан Республикасы бекіткен
халықаралық шарттарда немесе осындай құжаттардың белгілі
түрлерін ресмилендіруді өзара жоюды көздейтін Қазақстан Ре-
спубликасы заңдарында көзделген жағдайда, ресмилендірусіз
қабылдайды.
Азаматтық, отбасылық жəне қылмыстық істер бойынша құ-
қықтық көмек жəне құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенци-
ясына, Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Шартқа,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республика-
сы арасындағы азаматтық жəне қылмыстық істер бойынша өзара
құқықтық көмек туралы Шартқа сəйкес, Қазақстан Республикасы
аумағында мына мемлекеттердің елтаңба мөрімен бекітілген жəне
мекеме немесе оған арнайы өкілеттенген орган өз құзыреті шегінде
дайындаған немесе куəландырған құжаттар ресмилендірусіз
қабылданады: Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Армения Ре-
спубликасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Мол-
дова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тəжікстан Республикасы,
Түркменстан, Өзбекстан Республикасы, Украина.
Нотариус өзге мемлекеттер органдарына (сотта, аралық немесе
төрелік сот, сондай-ақ өзге əкімшілік, қаржылық, валюталық, кеден
жəне т.б. органдарда) іс жүргізу үшін қажетті дəлелдерді қамтамасыз
етеді.
Дəлелді қамтамасыз етуді нотариус мүдделі тұлғаның өтініші
бойынша, бұл адамның кейін дəлелді алуы мүмкін болмайды немесе
қиын болады деп қауіптенуіне негіздің барына немесе жоқтығына
қарамастан, бірақ ол аталған нотариаттық əрекетті жасау шетел
мемлекеті органында іс жүргізу үшін қажет деген дəлел берген
жағдайда, жүргізеді.
Нотариус дəлелді қамтамасыз ету жөніндегі əрекеттерді істің кез
келген дəрежесінде, ол қозғалғанға дейін де, ол қаралып жатқан кез-
де де, сондай-ақ кассациялық немесе апелляциялық қарау сатысын-
да да жүргізуге құқылы.
Нотариус басқа мемлекеттердің органдарында іс жүргізу үшін
талап етілетін дəлелдемелерді қамтамасыз ету үшін жазбаша жəне
94
айғақты заттарды қарап, сараптама белгілейді. Аталған нотариаттық
іс-əрекеттер, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық
шартпен өзгеше белгіленбесе, белгіленген ретпен жүргізіледі.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта но-
тариус құзыретіне Қазақстан Республикасы заңдарында көзделмеген
нотариаттық əрекет жасау жатқызылса, онда нотариус нотариаттық
əрекетті Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі белгілеген
тəртіпте жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңында көзделмеген, бірақ
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта көзделген
нотариаттық əрекеттерді нотариус тек Қазақстан Республикасының
Əділет министрлігі белгіленген тəртіппен жүзеге асыруға құқылы.
Осы құжат ресми жариялау дереккөзі болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |