Оқулық «Нотариат туралы»



Pdf көрінісі
бет42/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105
89
9-ТАРАУ
НОТАРИУСТЫҢ НОТАРИАЛДЫҚ ІС-ƏРЕКТЕР 
ЖАСАУЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ 
ҚОЛДАНУ
9.1 Адам құқықтарын реттейтін халықаралық актілер мен 
шарттар
9.2 Нотариустың басқа мемлекеттердің құқық нормаларын 
қолдануы халықаралық шарттар
9.1 Адам құқықтарын реттейтін халықаралық 
актілер мен шарттар
XXI ғасыр адамның құқықтары мен бостандығын бірінші 
орын ға койды. Əрбір демократиялық мемлекет адам құқықтарын 
құрметтеуге, оларды қамтамасыз етуге жəне бұзбауға міндеттенеді.
1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Адам 
құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын қабылдады, онда 
адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу барлық мем-
лекеттер мен қоғамның аса маңызды міндеті екендігі жария етілді. 
Бұл Декларацияда өмір сүру құқығы, барлық адамдардың теңдігі, 
бостандық пен жеке басқа қолсұғылмаушылық құқығы, тұрғын 
үйді қорғау құқығы, азаматтық жəне саяси құқықтар алғаш рет 
айқындалды. Оның үлкен халықаралық маңызы да осында. Бұл 
Декларация 30 баптан түрады. Олардың кейбіреулеріне жеке-жеке 
тоқталып өтейік.
1-бап. Барлық адам өзінің абыройы мен құқығы жөнінен бір-
бірімен тең əрі азат болып туады. Оларға ақыл-ой мен ар-ождан 
берілген, ендеше бір-бірімен бауырмалдық рухында ғана қарым-
қатынас жасауға тиісті.
3-бап. Əрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке жəне 
қолсұғылмайтын дербестікке құқығы бар.
7-бап. Барлық адам заң алдында тең жəне ешқандай айырмасыз 
заңды түрде теңдей қорғалуға құқылы.
29-бап. Əрбір адам өзінің еркін əрі толық кемелденуіне мүмкіндік 
бере алатын қоғам алдында борышты.
Өкінішке орай, жалпыға бірдей Декларацияда халықтар мен 


90
ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы, 
соғысты насихаттауға тыйым салу көрініс таппаған. Декларацияда 
жарияланған адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттердің 
сақтау міндеттеріне нұсқау берілмеген, кепілдіктер көрсетілмеген
жарияланған адам құқықтарын жүзеге асыру жолдары мен құралдары 
айтылмаған. Алайда əлемдік қауымдастық əрқашан əлемдегі соғыс 
пен зорлыққа тыйым салуға ұмтылады. Адам құқықтарының жалпыға 
бірдей Декларациясынан басқа адам құқықтары туралы халықаралық 
пактілер бар. Олар — экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени 
құқықтар туралы халықаралық пакті, 1966 жылғы 19 желтоқсандағы 
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакті.
Оларда мынадай ережелер мазмұндалған: халықтар мен 
ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы, еңбек 
ету құқығы, кəсіподақтық бірлестіктер құру құқығы, білім алу, ер-
лер мен əйелдердің теңдігі туралы жалпылама тең жəне құпия дауыс 
беру туралы құқықтар жəне т.б. 
Халықаралық шарт – (ағылш. international treaty; нем. inter-
nationaler Vertrag) Халықаралық құқықтар мен міндеттерді, оның 
қатысушылары үшін бекітетін олардың өзара жəне халықаралық 
қатынастарының түрлі мəселелері бойынша, мемлекеттер мен басқа 
халықаралық құқық субъектілері арасындағы келісім; халықаралық 
құқықтың негізгі көзі. Халықаралық шарттарды жасайтын 
органдарға қатысты түрде, оларды: мемлекетаралық, үкіметаралық, 
ведомствоаралық шарттар деп бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет