Оқулық «Нотариат туралы»


-тақырып. Азаматтардың жеке бастарына жəне жеке



Pdf көрінісі
бет97/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105
8-тақырып. Азаматтардың жеке бастарына жəне жеке 
мүлікіне тиісті іс-əрекеттерді жасау тəртіптері
Нотариус құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға жеке немесе 
заңды тұлғаның жазбаша арызы негізінде қабылдайды. Нотариустар 
сақтауға тапсырылатын құжаттар мен бағалы қағаздарды олардың 
мазмұнына, сондай-ақ белгілі адамға (адамдарға) тиесілігіне 
қарамастан қабылдайды. Мұндай нотариус құжаттар мен бағалы 
қағаздарды сақтау нəтижесінде үшінші адамдарға келтірілген зиян 
үшін жауап бермейді. Құжаттар немесе бағалы қағаздар тізімдеме 
бойынша тапсырылады, тізімдеме екі данада жасалады жəне оған 
құжаттарды сақтауға тапсырған адам, сондай-ақ нотариус мөрін 
басып қол қояды. Егер тізімдеме бір беттен артық бетке жазылса, 
тізімдеме беттері нөмірленуге, баулануға жəне нотариус қолымен 
жəне мөрімен бекітілуге тиіс.
9-тақырып. Нотариустың нотариалдық іс-əректер жасауын-
да халықаралық шарттарды қолдану
Қазақстан Республикасы аумағында жасалатын мəмілелерге 
қатысты шетел заңды тұлғаларының азаматтық құқық қабілеттілігі 


169
жəне шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық 
əрекет қабілетсіздігі Қазақстан Республикасының заңдары бойын-
ша айқындалады. Егер шетел құқығы талаптарына сəйкес жасалған 
құжат көрсеткен тұлға, немесе шетелде қолдануға арналған құжатты 
нотариалды куəландыруды қажет ететін адам нотариаттық əрекет 
жасатуға келсе, шетел мемлекетінің құқық нормаларын қолдану 
қажеттігі пайда болады. Шетел құқығы оның шетел мемлекетінде 
қалыптасқан түсіндірілу жəне қолданылу практикасына сəйкес 
қолданылады.


170
Қазақстан Республикасының нотариаты пəні бойынша 
емтихан сұрақтар
1. Азаматтық заңнамаға сəйкес жеке тұлға деген ұғым.
2. Азаматтың құқық қабілеттігі қай уақыттан пайда болады?
3. Басқа адам атынан құқықтар мен міндеттерге ие болуға жол 
беріле ме? 
4. Қай кезден бастап азаматтың əрекет қабілеттілігі толық 
көлемде пайда болады?
5. Кəмелеттік жасқа толмағандар банктерге салымдар салуға 
жəне салған салымдарына дербес иелік етуге құқылы ма?
6. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қандай 
нысанда құрылуы мүмкiн? 
7. Коммерциялық емес ұйым кəсiпкерлiк қызметпен айналыса 
алады ма?
8. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын жəне мем-
лекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға қандай ны-
санында құрылуы мүмкiн? 
9. Заңды тұлғаның филиалы деген ұғым қандай?
10. Заңды тұлға таратылған кезде кредиторлардың қандай тала-
бы бірінші кезекте қанағаттандырылады?
11. Банкроттық ұғымы.
12. Заңды тұлғаның өкілдігі деген ұғым қандай?
13. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қандай ұйымдық-
құқықтық нысанда қайта ұйымдастырылуы мүмкін?
14. Қандай құжаттар акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары 
болып табылады?
15. Өндірістік кооперативтің ең аз мүше саны қандай болуы 
тиіс? 
16. Заңды тұлға таратылған кезде əрбір кезектегі кредиторлардың 
талаптарын қанағаттандыру тəртібі.
17. Қандай тəртіпте банкроттықты тануға болады?
18. Шаруашылық серіктестігінің жоғарғы органы.
19. Толық серіктестік ұғымы?
20. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының 
міндеттемелері бойынша жауапкершілігі?
21. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының 
саны.
22. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату комиссиясын 


171
тағайындау жəне тарату балансын бекіту кімнің айрықша құзыретіне 
жатады?
23. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушының өз 
үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi адамдарға беруiне бола ма?
24. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысын қандай орган бекітеді?
25. Қандай орган мемлекеттік кəсіпорынды басқаратын орган 
болып табылады?
26. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кəсіпорын 
өзінің міндеттемелері бойынша қалай жауап береді?
27. Қандай органның шешімі бойынша қазыналық кəсіпорын 
құрылады?
28. Мекеме ұғымы. 
29. Кəсіптік одақтың құқықтық мəртебесі?
30. Съездің (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың 
шешімі бойынша таратылатын қоғамдық бірлестіктің мүліктері 
қандай тəртіппен бөлінеді?
31. Қоғамдық қор ұғымы.
32. Мəмілелердің түрлері (тараптардың саны бойынша).
33. Мəмілелер жасау нысандары.
34. Мəміленің нысанына, мазмұнына жəне қатысушыларына, 
сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар-
ды бұзудың салдарлары.
35. Меншік құқығы деген не?
36. Заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi 
кімге көшедi?
37. Мемлекеттік меншіктің түрлері.
38. Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл 
мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе 
одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) 
мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр 
немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн жəне серiктестiктiң 
кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк қалай 
аталады? 
39. Мəміле ұғымы.
40. Жалған мəміле ұғымы.
41. Қулықпен жасалған мəміле ұғымы.
42. Сенімхат қолданысының ең ұзақ мерзімі.
43. Сенімхат берген тұлға сенімхатты немесе басқаға сенім 
білдіруді жоя ала ма?


172
44. Сенімхат берілген тұлға одан бас тарта ала ма?
45. Талап қою мерзімінің жалпы мерзімі.
46. Талап қою мерзімінің уақыты қай кезден басталады? 
47. Шарт ұғымы.
48. Шарт қай кезде күшіне енеді жəне тараптар үшін міндетті 
болып табылады?
49. Шарт қай кезден бастап жасалынған болып есептеледі?
50. Сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауар өзіне берілген 
кезден бастап қанша күн ішінде, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім 
жарияламаған болса, сатып алынған тауарды сату орнында немесе 
сатушы хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған 
жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, 
нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жинақтылығы жəне т.б. бойынша 
соған ұқсас тауармен алмастырып алуға құқылы?
51. Егер шартта жеткізуді қолдану мерзімі белгіленбеген болса 
жəне міндеттемелерден пайда болмайтын болса, ол қанша мерзімге 
жасалынған болып танылады?
52. Айырбас шарты деген ұғым?
53. Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта 
одан бас тартуға құқылы ма?
54. Жылжымалы мүлікті сыйға беру шарты қай кезде жазбаша 
нысанды жасалуы тиіс?
55. Сыйға беру шарты қандай жағдайда өкілі жарамсыз деп та-
ниды?
56. Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы 
мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса 
не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы не 
жасауға құқылы?
57. Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға уəде берiлген сый 
алушының құқықтары оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) 
ауысады ма?
58. Сыйға тартуға уəде берген сыйға тартушының мiндеттерi 
оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауыса ма?
59. Қайырмалдық деген не?
60. Рента шарты нотариаттық куəландырылуы тиіс пе?
61. Тұрақты рентаны төлеу мерзімі?
62. Тұрақты рента төлемi ретiнде тегiн берiлген мүлiктiң 
кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупін кім мойнына ала-
ды?


173
63. Тұрақты рента төлемi ретiнде төлеу үшiн берiлген мүлiк 
кездейсоқ жойылған немесе кездейсоқ бүлiнген кезде төлеушi 
тиiсiнше рента төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн тоқтатуды немесе 
оны төлеу талаптарын өзгертудi талап етуге құқылы ма?
64. Ғұмырлық рентаны төлеу мерзімі.
65. Азаматтар арасындағы ауызша түрде жасалатын мүлiк жал-
дау шарты қанша мерзімге жасалуы мүмкiн?
66. Мүлiкке меншiк құқығының кейiннен жалға алушыға ауысу-
ын көздейтiн мүлiк жалдау шарты қандай нысанда жасалады?
67. Лизингінің нысанасы не бола алады?
68. Лизинг берушi лизинг алушы үшiн мүлiк сатып ала отырып, 
мүлiктiң белгiлi бiр тұлғаға лизинг ретiнде беруге арналғандығы ту-
ралы сатушыны хабардар етуі тиіс пе?
69. Кəсiпорынды жалдау шартының нысанын сақтамау шарттың 
жарамсыздығына əкеп соға ма?
70. Прокат шарты қандай нысанда жасалады?
71. Прокат шарты бойынша жалға берiлген мүлiктi күрделi 
жəне ағымдағы жөндеу кімнің мiндетi болып табылады?
72. Тұрғын үйдi жалдау шарты қандай нысанда жасалады?
73. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау 
шарты ненің негiзiнде жасалады?
74. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау талапта-
рын кім белгiлейдi?
75. Оны тапсырысшыға тапсырғанға дейiн жəне оған төлем 
жасалғанға дейiн аяқталмаған құрылыстың иесi кім болып табыла-
ды?
76. Қандай жағдайда атқарушы өтелмелi қызмет көрсету шарты 
бойынша мiндеттерді орындаудан бас тарта алады?
77. Заем шарты қай кезден бастап жасалынған болып есептеледі?
78. Қай кезден бастап тіркеуге жататын мəмілелер жасалынған 
болып есептеледі?
79. Мəмілелердің қарапайым жазбаша нысандарын сақтамау 
қандай құқықтық салдарларға əкеп соқтырады?
80. Сыртқы экономикалық мəмілелердің қарапайым жаз-
баша нысандарын сақтамау қандай құқықтық салдарларға əкеп 
соқтырады?
81. Мəмілелерді жасаған кезде қолтаңбаның факсимелік 
көшірмелерін, электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалануға 
бола ма? 


174
82. Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе 
сауатсыздығы салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойын-
ша мəмiлеге басқа азамат қол қоя ала ма?
83. Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, 
электрондық құжаттар немесе субъектiлердi жəне олардың ерiк 
бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу жазба-
ша түрде жасалған мəмiлеге теңестiрiле ме?
84. Екiжақты мəмiлелер əрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол 
қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн бе?
85. Əрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мəмiле 
жарамсыз деп таныла ма?
86. Он төрт жасқа толмаған адам (жас бала) жасаған мəмiле жа-
рамды бола ма?
87. Он төрт жасқа толған кəмелетке толмаған адамның заңды 
өкілдерінің келісімінсіз жасаған мəмілесі жарамсыз деп танылуы 
мүмкін бе?
88. Кіріптарлық мəміле ұғымы.
89. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мəмiленi 
жəне бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi 
нəтижесiнде жасалған мəмiлелер бойынша талап арыз мерзімі 
қандай?
90. Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның 
(өкiлдiң) сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не əкiмшiлiк құжатқа 
негiзделген өкiлеттiгi күшiмен жасаған мəмiлесi кімнің азаматтық 
құқықтары мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi жəне 
тоқтатады?
91. Өкіл жеке өзіне қатысты да, сонымен бірге өзі өкілі бо-
лып табылатын басқа адамға қатысты да өкілдік берушінің атынан 
мəмілелер жасай алма ма?
92. Сипаты жөнiнен тек жеке өзi ғана жасауға болатын мəмiленi 
өкiл арқылы жасауға жол берiле ме?
93. Əрекет қабiлеттiгi жоқ азаматтардың атынан мəмiлелердi 
жасауға кімнің құқығы бар?
94. Мəмiле жасауға уəкiлдiк берiлмеген адамның басқа адам 
атынан немесе өкiлеттiгiн асыра пайдаланып жасаған мəмiлесi 
қандай жағдайларда ол үшiн азаматтық құқықтар мен мiндеттердi 
туғызады, өзгертедi жəне тоқтатады?
95. Қандай сенімхаттар міндетті тəртіппен нотариаттық 
куəландырылуы тиіс?


175
96. Міндеттемедегі тұлғалар ауысқан кезде талап қою мерзімі 
өзгереді ме?
97. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты бұзылған 
құқықты қорғау туралы талапты сот қабылдамай тастай ма?
98. Екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға 
қандай меншiк құқығымен тиесiлi болады?
99. Жылжымайтын мүлік бойынша иелену мерзiмi қандай?
100. Жылжымалы мүлік бойынша иелену мерзiмi қандай?
101. Тəркілеудің реквизициялаудан қандай айырмашылығы бар? 
102. Регресс деген не?
103. Айыпты төлету туралы келісім нысаны қандай?
104. Егер тараптар келісімде оны төлеу міндетін қарастырмаған 
болса, кредитор айыпты төлетуді талап етуге құқылы ма? 
105. Ипотека деген не?
106. Кепілзат деген не?
107. Ортақ меншік болып табылатын мүлікті кепілге беруге бола 
ма? 
108. Мүлікті қайта кепілге салуға бола ма?
109. Консорциумға қатысушылары консорциумның қызметіне 
қатысты міндеттемелері бойынша қандай жауапкершілікте болады?
110. Міндеттемелердің тараптары кімдер?
111. Міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартуға жəне 
оның шарттарын біржақты өзгертуге жол беріле ме?
112. Міндеттемелерді атқаруды толығымен немесе жартылай 
үшінші тұлғаға жүктеуге бола ма?
113. Ақша сомасын немесе бағалы қағаздарды депозит шарт-
тарында салу немесе нотариустың немесе соттың атына сақтау 
мiндеттеменiң орындалғаны болып есептеле ме? 
114. Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше 
орындамаған ретте заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша со-
масы қалай аталады?
115. Болашақта пайда болатын талаптарға қатысты кепіл 
белгіленуі мүмкін бе?
116. Ортақ мүліктегі үлеске құқық кепілдің дербес құралы бола 
ала ма? 
117. Кепілдегі шарттың нысаны.
118. Кепіл құралының өзгеруі тіркеуден өтуі тиіс пе?
119. Кепіл мен кепіл болушылық шарттарының нысандары.
120. Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен 


176
алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа жəне шарт жасау мен 
орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге 
берiлетiн ақшалай сома қалай аталады? 
121. Кепілпұл туралы келісім нысаны.
122. Қандай құқықтардың басқа тұлғаға ауысуына жол 
берілмейді? 
123. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi болып табылмайтын 
азаматқа жарнаны (оның бiр бөлiгiн) беруге бола ма? 
124. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi қайтыс болған жағдайда 
оның мұрагерлерi кооператив мүшесi етiп қабылдана ма?
125. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң жарнасынан оның жеке бо-
рышын өндiрiп алуға жол берiле ме? 
126. Мемлекеттiк кəсiпорынның мүлкiн салымдар (үлестер, жар-
налар) бойынша бөлуге бола ма?
127. Мемлекеттiк кəсiпорындардың фирмалық атауында нелер 
көрсетiлуге тиiс?
128. Мемлекеттік кəсіпорын қалай құрылады, таратылады жəне 
қайта ұйымдастырылады? 
129. Қазыналық кəсіпорын ұғымы?
130. Қазыналық кəсіпорынның құрылтай құжаттары болып табы-
лады.
131. Жедел басқару құқығына негізделген кəсіпорынның 
фирмалық атауында не көрсетілуі тиіс?
132. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кəсіпорынның 
құрылтай құжаттары не болып табылады?
133. Қандай ұйымдық құқықтық нысанда саяси партиялар
кəсiптiк одақтар жəне азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, 
өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа 
да бiрлестiктерi құрылуы мүмкін?
134. Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) 
осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке құқықтары бар ма? 
135. Съездiң (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың 
шешiмi 
бойынша 
таратылған 
қоғамдық 
бiрлестiктiң 
мүлкi қалай жұмсалады? 
136. Азаматтар жəне (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк 
жарналар негiзiнде құрған, əлеуметтiк, қайырымдылық, мəдени, 
бiлiм беру жəне өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн 
мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қандай ұйымдық құқықтық 
нысанда құрылуы мүмкін? 


177
137. Қоғамдық қордың қаржылық көзі не болып табылады?
138. Қандай заңды тұлға өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы 
есептерiн ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап 
отыруға мiндеттi? 
139. Қатысушылардың материалдық жəне өзге қажеттерiн қана-
ғаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын 
бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi 
қандай ұйымдық құқықтық нысанда құрылуы мүмкін?
140. Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстары қалай бөлінеді?
141. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең аз 
мөлшері қандай? 
142. Заңды тұлғалардың түрлері қандай?
143. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына не са-
лым бола алады?
144. Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi 
өз үлесiн салып қоюға жəне сатуға құқылы ма? 
145. Азамат адам өлдi деп жарияланғаннан кейiн сол адамға тегiн 
көшiп, сақталып қалған мүлкiн қайтарып берудi қанша уақыт ішінде 
талап ете алады?
146. Азамат туралы мəлімет болмаған кезде, мүдделі тұлғалардың 
өтініші бойынша қанша уақыт ішінде сот оны қайтыс болды деп та-
нуы мүмкін? 
147. Қайтыс болды деп жарияланған адамның қайтыс болған күні 
қай күн болып есептеледі?
148. Қанша уақыт бойы азаматтың тұрғылықты жерiнде ол тура-
лы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны 
хабар-ошарсыз кеттi деп таниды?
149. Қандай жағдайларда сот азаматты əрекетке қабілетсіз деп 
тануы мүмкін?
150. Қандай жағдайларда азаматты əрекетке қабілетсіз деп тану 
туралы шектеу қойылуы мүмкін?
151. Нотариат – юрисдикциялық орган.
152. Нотариат құқық қорғау органдары жүйесінде.
153. Қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі нотариаттың рөлі.
154. Нотариат тарихы жəне нотариат туралы заңнама.
155. Нотариат реформасы – объективтілік қажеттілік.
156. Нотариалдық заңнама қайнар көздерінің жүйесі.
157. Құқық жүйесіндегі нотариат туралы заңдардың алатын орны.
158. Нотариаттық қызметтің түсінігі.
12–221


178
159. Нотариаттық қызметтің негізгі белгілері.
160. Нотариаттық іс жүргізудің сатылары.
161. Нотариаттық қызмет жасауға уəкілетті субъектілер.
162. Нотариаттық əрекеттердің жүйесі.
163. Нотариаттық қызметтің қағидаларының түсінігі мен жүйесі.
164. Нотариус қызметін бақылау.
165. Нотариус қызметінің аумағы.
166. Нотариаттық қызметті жүзеге асыру орны.
167. Нотариаттық қызметтің қағидаларының кепілдіктері.
168. ҚР нотариатының жүйесі.
169. Нотариаттың құрылымы.
170. Нотариаттық округ.
171. Нотариус қызметінің аумағы.
172. Нотариаттық əрекеттерді жүзеге асыру орны.
173. Мемлекеттік нотариат.
174. Мемлекеттік нотариат кеңсесі.
175. Мемлекеттік нотариус.
176. Мемлекеттік нотариат кеңсесі.
177. Мемлекеттік нотариус.
178. Мемлекеттік нотариустарды аттестациялау.
179. Жекеше нотариат.
180. Нотариаттық палата.
181. Тəжірибеден өту ережелері.
182. Жеке практикамен айналысатын нотариусқа қойылатын та-
лаптар.
183. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.
184. Көмекшілер мен сынақтан өтуші нотариустар.
185. Нотариустардың жəне нотариаттық əрекеттер жасауға 
уəкілетті тұлғалардың жауапкершілігі.
186. Нотариаттық əрекеттерді жүзеге асырудың құпиялылығы.
187. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге 
асыруға көмектесу.
188. Лауазымды тұлғаларды аттестациялау.
189. Нотариаттық əрекеттер жасау субъектілерінің жауап-
кершілігі. 
190. Нотариаттық қызмет субъектілерінің пəндік жəне аумақтық 
құзіретінің түсінігі.
191. Мемлекеттік 
жəне жеке практикамен айналысатын 
нотариустардың құзіреті.


179
192. Консулдық мекемелердің лауазымды тұлғаларының құзіреті.
193. Консулдық легализация.
194. Нотариаттық əрекеттерді жасау орны.
195. Нотариус қызметінің аумағын шектеу.
196. Нотариаттық əрекеттерді жасау мерзімдері.
197. Нотариаттық əрекеттерді кейінге қалдыру.
198. Кейінге қалдырудың негіздері мен мерзімдері.
199. Кейінге қалдыру туралы қаулы.
200. Нотариаттық əрекеттерді жасауды тоқтата тұру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет