Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет111/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   120
 
Жұмысқа түсініктеме 
Жалпақ жапырақты ормандар негізінен Ресей еуропа бөлігінде 
таралған, Қиыр шығыста да шамалы алаңдарды алып отыр. Жалпақ 
жапырақта ағаштар жылуды сүйгіш. Жалпақ жапырақты ормандардың 
топырағы – шымдыкүлденген, сұр орманды, қара топырақтың кейбір 
түрі. Олардың құрамында көптеген қоректендіргіш заттар бар
Жалпақ жапырақты ормандар ең алдымен ағаш тұқымдасының 
көптігімен сипатталады: сағақты емен, ұсақ жапырақты жөке, сүйір 
жапырақты үйеңкі, кәдімгі шаған, шегіршін, жабайы алма, жабайы 
алмұрт. 
Бқталар арасында танымалдары: қабыржық сүйелді, бөріжидек 
орманды, итшомырт сынғақ, итмұрын және т.б. жалпақ жапырақты 
орманда әдетте шөп қабаты жақсы дамыған. Көптеген өсімдіктер азды 
көпті ірі, жалпақ жапырақты пластинадан тұрады, сондықтан оларды 
жапырақты жалпақ шөп деп атайды. Кейбір өсімдіктер тегіс шөп 
қабатынан тұрады: кәдімгі бежір, жіптесін қияқ, сары зеленчук.
Қылқанды ормандар күңгіртқылқанды (шырша, майқарағай, 
самырсын қарағай) және ақшылқылқанды (кәдімгі қарағай, балқарағай) 
болуы мүмкін. Шыршалы орман – көлеңкелі, ылғалды. Шырша өте 
қатты көлеңкелеуді жасайды, және оның астында көлеңкеге төзімді 
өсімдіктер ғана өмір сүре алады. Шыршалы орманда әдетте бұталар өте 
аз, жер қыртысында – тегіс жасыл мүктердің кілемі, оның фонында 
шамалы тайга өсімдіктері және бұталар өседі. Топырағы шамалы 
учаскелерде қаражидекті (шырша-қаражидек), топырағы бай жерлерде 
– саумалдықты (шырша-саумалдық) кездестіруге болады.
Шыршалы орман өсімдері көлеңкеге төзімді, топырақтың 
салыстырмалы қоректі заттарының аз болуын және оның жоғары 
қышқылдылығын жақсы көтереді. Сонымен қатар шырша орманың 
көптеген өсімдіктері ылғалдылыққа талапты. Шыршалы орманның 
барлық шөпті өсімдіктері көпжылдық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет