Оқулық ретінде пайдаланылуы


) С.Көбеевтің балаларға арналған аудармалары



бет2/2
Дата31.12.2021
өлшемі26,28 Kb.
#21410
түріОқулық
1   2
Байланысты:
С.Көбеевтің шығармашылығы

2) С.Көбеевтің балаларға арналған аудармалары.

Педагог – жазушы. «Пионер» 1953 ж. 7 – 12 бет Өткен жылы қазақтың оқу – педагогикалық баспасы қарт жазушы, көрнекті педагог Спандияр Көбеевтің «Орындалмаған арман» атты жаңа кітабын басып шығарды. Жазушы өзінің ұзақ жылдық педагогикалық қызметі жайын шығармаға өзек ете отырып, бұл кітапта қазақ халқының өткендегі өмірі мен қазіргі кеңестік дәуірді әңгіме етті. С.Көбеев 1901 жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеп келеді. Өзінің оқытушылық қызметінің алғашқы кезінен бастап – ақ ол артта қалған қазақ ауылына «мәдениеттің шамшырағын жағуды» арман етті. Бұл жолы да ол бұқара халықпен тығыз байланыс жасайды. Жергілікті әкімдер Спандиярдың бұл қызметіне қарсы болды. Оған өкімдік, зорлық көсетті. Өзінің аға оқытушылық қызметіне орыстың классикалық әдебиетін пайдаланды. Ол елге А.С.Пушкиннің «Дубробский» мен Н.В.Гогольдің «өлі жандарын» әңгімелеп айтып беріп таратты. Ел ішіндегі бай, молда, ұлықтарды әшкерелеу мақсатымен Крыловтың мысалдарын аударды. Оның Крыловтан аударған 40 шақты мысалдары «үлгілі тәржіме» деген атпен 1910 жылы Қазақ қаласында басылып шығады. Бұдан кейін С.Көбеев Ы.Алтынсариннің үлгісімен қазақ балаларына арналған оқу кітабын құрастырады. Ол үлгілі бала деген атпен 1912 жылы басылады. Оған жазушы өз жазғандарын, орыс әдебиетінен үзінділер ауыз әдебиеті нұсқаларын кіргізді. 1913 жылы С.Көбеевтің «Қалың мал» романы басылып басылып шағады. Романның негізгі тақырыбы – революциядан бұрынғы қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік, қазақ әйелінің бас бостандығы мәселесі. «Қалың мал» – қазақ әдебиеті тарихындағы прозалық тұңғыш кесек еңбек, алғашқы роман. Сондықтан да ХХ ғасырдың бас кезінде демократиялық әдебиеттің өкілі есебінде С.Көбеевтің орны бар. С.Көбеевтің ұлы арманы кеңес өкіметі тұсында іске асты. Ол мәдениетті халықты гүл жайнаған отанын көріп шаттанады. 1944 жылы С.Көбеев «Қазақ ССРО – іне еңбегі сіңген оқытушы» атағы берілді. Ол екі рет Ленин орденімен марапатталды. С.Көбеев – қазақ халқының көрнекті педагог – жазушысы.

Мысал – Басня Мысал – қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Тек адамдар ғана емес, хайуанаттар, жәндіктер де, түрлі – түсті нәрселер де мысал қаһарманы болып әрекет жасайды. Мысал шығармада автор жануарларды, құстар мен өсімдіктерді суреттегенде оларға адамға тән қасиеттерді дарытады, сол арқылы адамдар бойындағы кемшілікті, мінді күлкіге айналдырып, жақсылықты, адамгершілікті, әділдікті дәріптейді. Мұндай астарлы, тұспал мәнді суреттеу тәсілі АЛЛЕГОРИЯ деп аталады. Сөйтіп, мысал дегеніміз – өнеге айту сипатындағы шағын аллегориялық шығарма.

“Үлгілі тәржімә” «Күйеу таңдаған сұлу қыз» - «Разборчивая невеста» «Емен ағаша мен талшыбық» – «Дуб и трость» «Үш жігіт пен бір шал» – «Старик и трое молодых» «Шал мен өлім» – «Крестьянин и смерть» «Қасқыр мен тырна» – «Волк и журавль» «Маймыл мен айна» – «Зеркало и обезьяна» «Қасқыр мен мысық» – «Вол и кот» «Ашық шымшық пен көгершін» – «Чиж и голубь» «Маймыл мен көзілдірік» – «Мартышка и очки» «Аққу, шортан һәм шаян» – «Лебедь и щука и рак» «Қарға мен түлкі» – «Ворона и лисица» «Көл бақа мен өгіз» – «Лягушка и волк» «Аңға шыққан арыстан» – «Лев на ловле» «Маймылдар» – «Обезьяны» «Аю мен мүсәпір шал» – «Пустынник и медведь» «Қасқыр мен қозы» – «В–олк и ягненок» «Құмырсқа мен шегіртке» – «Стрекоза и муравей» «Түлкі мен жүзім жемісі» – «Лисица и виноград» «Екі көгершін» – «Два голубья»



«Әтеш пен меруерт тас» – «Петух и жемчужное зерно» «Арыстан мен сары масалар» – «Лев и комар» «Арыстан мен кісі» – «Лев и человек» «Есек пен сандуғаш» – «Осел и соловей» «Ағаштың тамыры мен жапырағы» – «Листы и корни» «Етікші мен бір бай кісі» – «Откупшик и сапожник» «Қарға» – «Вороненок» «Пәлеге ұшыраған қара шекпен» – «Крестянин в беде» «Маймыл» – «Обезьяна» «Шортан мен мысық» – «Щука и кот» «Екі төбет» – «Собачья дружба» «Үш қатынды бір кісі» – «Трое женец» «қара шекпен һәм жылан» – «Крестьянин и змея» «Әкім тілеген көлбақалар» – «Лягушки, простьяшие царья» «Көлбақа мен Юпитер» – «Лягушка и Юпитер» «Бүркіт һәм ара» – «Орел и пчела» «Аң ауласқан қоян» – «Заяц на ловле» «Арыстан мен тышқан» – «Лев и мышь»

Аққу, шортан, Һәм шаян Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады аққу көкке, шаян кейін, Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмысы орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Асылы жүк орнынан қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. * * * Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет