Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет110/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Бақылау сұрақтары:

  1. Талдаушы және қайыра шағылыстырулардың генетикалық маңызы.

  2. Белгілердің ажырауын түсіндіріңдер.



22-жұмыс


Тақырыбы: Дигибридті шағылыстыру кезіндегі белгілердің тұқым қуалауы
Мақсаты: Дигибридті шағылыстыру кезіндегі белгілердің тұқым қуалауының негізгі заңдылықтарымен таныстыру.
Құрал-жабдықтар: Бидайдың сорттары.

Тапсырмалар:


1. Екі жұп белгілері алынған аталық және аналық өсімдіктерді зерттеу.
2. Бірінші ұрпақ буданының фенотипін, Ғ2 ұрпақтағы белгілердің ажырауын талдау.
3. Пеннет торын сызып, оған тәжірибеде алынған нәтижелерді жазу.
4. Алынған нәтиже теориялық күтілуге дәл екенін Хи-квадрат тәсілі бойынша анықтау.


Тапсырмаларды орындау
Дигибридті шағылыстыру деп баламалы (қарама-қарсы) 2 жұп белгі бойынша ерекшеленетін ата-аналық формаларды шағылыстыруды айтады. Дигибридті шағылыстыру – баламалы көп жұп тәуелсіз тұқым қуалайтын белгілері бойынша айқындалатын полигибридті шағылыстырудың қарапайым түрі.
Дигибридті шағылыстыру кезінде белгілердің жеке жұптары (биік, аласа; дәні қызыл, сары) тұқым қуалау жөнінде біріне-бірі тәуелсіз жүреді және мүмкін болатын барлық комбинацияларда өзара еркін үйлеседі де, комбинативті өзгергіштік байқалады.
Шағылыстыру кезінде жұп белгілер тәуелсіз тұқым қуалайды немесе белгілер жұбы еркін комбинацияланады. Бұл Мендельдің үшінші заңы деп аталады. Бұл заңның цитологиялық негізгі жыныс гаметаларының түзілу кезінде де мейоздық бөлінудің – анафазасында хромосомалардың сіңлілі клеткаға кездейсоқ ажырауында. Бұл құбылыстың селекция үшін үлкен маңызы бар, себебі шағылыстыру үдерісінде, ата-анасынан өзгеше, ауыл шаруашылығына пайдалы, құнды белгілері бар будан алуға болады.
Дигибридті шағылыстыру кезінде, буданның бірінші ұрпағында ата-анасының екі белгісі ғана басым болады. Егер бірінші ұрпақ будандары өздігінен тозаңданса, онда екінші ұрпағында ата-аналық екеуінде және жаңа белгілері бар формалар пайда болады. Екінші ұрпақта белгілердің фенотипі бойынша ажырауы 9:3:3:1 қатынасында болып, генотипі бойынша 1:2:1 :2:4:2:1:2:1 сан қатынасында ажырайды.

5-үлгі.
Аласа, қызыл биік, сары


Р ♀ АА вв х ♂ ааВВ фенотипі
↑ генотипі
♀ ♂ гаметалар А в а В
Ғ1 АаВв - фенотипі - аласа сары
генотипі- дигетерозигота
РҒ1 ♀ АаВв х ♂ АаВв
♀ ♂ гаметалар АВ Ав аВ ав АВ Ав аВ ав

Бұл жағдайда екінші ұрпақтағы белгілердің ажырауын Пеннет торы арқылы көрсеткен ұтымды; Пеннет торы ұрықтану кезінде аталық және аналық гаметалардың барлық үйлесу мүмкіндіктерін анықтауға, Ғ2 ұрпақ организмдердің фенотиптерімен генотиптерін және олардың кездесу жиілігін анықтауға мүмкіндік береді.


Ғ1 – ұрпақтың гаметалары Пеннет торы





♀ ♂

АВ

Ав

аВ

ав

АВ

ААВВ

ААВв

АаВв

АаВв

Ав

ААВв

ААвв

АаВв

АаВа

аВ

АаВВ

АаВв

ааВВ

ааВв



ав

АаВв

Аавв

ааВв

аавв

Белгілердің екінші ұрпақта фенотипі бойынша теориялық ажырауы:
А-В – аласа сары; А-вв – аласа қызыл; ааВ – биік сары;
аавв – биік қызыл немесе 9:3:3:1 қатынасында болады.
Генотипі бойынша ажырауы:
ААВВ; ААвв; ааВВ; аавв; -АаВВ; -Аавв; -ААВв; -ааВв; -АаВв болады.
Төменгі кестеде дигибридті шағылыстыру кезінде бидайдың бойының және дән түсінің тұқым қуалауының анализі берілген.


20-кесте

Ата-аналық сорттар
және будандар

Зерттелген дәннің саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет