Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет114/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Бақылау сұрақтары:

  1. Мутагендердің қандай түрлері бар?

  2. Химиялық мутагендердің мутация туғызуда қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

  3. Дақылдарда полиплоидия құбылысын тудыру және оның маңызы.


25-жұмыс


Тақырыбы: Ақ жоңышқаның жапырағындағы суреттерді анықтайтын көпшілік аллельдер сериясы және олардың гетерозигота күйіндегі өзара әсері
Мақсаты: Далалық жағдайда көпжылдық ақ жоңышқа жапырағындағы суреттерді пайдалана отырып, аллельдердің өзара әрекеттесуін анықтау.
Құрал-жабдықтар: 24 бетті дәптер, қайшы, скотч, қарындаш.
Тапсырмалар:

  1. Зерттелетін аймақтан (сазды жер) ақ жоңышқаны тауып, жапырағы ірілерін таңдап, ондағы суреттері барын қайшымен сабағынан қырқып алып дәптерге скотчпен жапсырады.

  2. Жапырақтағы суреттердің саны 22 болуы және қайталанбауы қажет. Жапырақтағы суреттерді бір-бірімен салыстыра отырып, қайсысы гомозиготалар, қайсысы гетерозиготалар екенін анықтау қажет.



36-сурет. Жол жоңышқадағы көпшілік аллелизм


Тапсырмаларға түсініктеме:
Көпшілік аллелизм құбылысы табиғатта көп тараған. Өсімдіктерде, саңырауқұлақтарда, жануарлардың жүнінің түсін, дрозофила шыбынының көзінің түсін, ақ жоңышқаның жапырағындағы өрнек суреттердің әртүрлілігін аллельдердің өзара әсерінен туындайтын белгілерді бір геннің аллельдері анықтайды.
Мысалы, қан топтарының тұқым қуалауы көпшілік аллелизмнің көрінісі. J – геннің үш түрлі аллельдері бар. Олар зиготада жұп түзіп, комбинацияланады. Көптеген жағдайда аллельдер сериясы өзара жұп болып әрекеттескенде зерттеліп отырған белгі гомозиготалы ата-анасымен салыстырғанда өзгеше болады.
Тапсырмаларды орындау.
Далалық практика көпшілік аллелизмге мысал ретінде ақ жоңышқаның жапырағындағы суреттерді алады. Ол суреттер көпшілік аллельдердің гетерозигота күйіндегі өзара әсерінен туындайтынын анықтайды (35-сурет). Суретте V генінің әртүрлі аллельдерінің гомозиготалы күйіндегі формалары және осы аллельдердің әртүрлілігінің үйлескен түрлері берілген (вертикаль бойынша).
Аллельдердің өзара әсерінің әр типін қарап отырып, барлық жағдайда басымдылық белгі байқалған уақытта бір аллельді белсенді деп атайды да, ал екінші аллельді белсенсіз дейді. Сондықтан белгілердің басымдылық – рецессивті қасиеті ал-лельдердің өздеріне емес, белгілерге қатынасы бар. У.Бэтсонның пікірі бойынша рецессивті аллельдер дегеніміз – басымдылық қасиетін жоғалтқан аллельдер.
Рецессивті аллельдерді тудыратын мутациялар қалыпты жұмыс істейтін құрылымының жоғалуынан туындайтыны қазір белгілі.
Аллельдердің өзара әсерінің механизмі қанша күрделі болғанымен, олар Мендельдің бірінші заңына – бірінші ұрпақ буданының біркелкілік заңына бағынады.
Сонымен ақ жоңышқаның жапырағындағы сурет-өрнектерді дәптерге енгізіп, астына генотипінің формуласын жазады, суретінің мәтінін түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет