Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Практикум тәжірибелері қалай дайындалады?



бет30/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Практикум тәжірибелері қалай дайындалады? Жасалатын тәжірибенің бәріне де бақылау хаттамасы қажет, онда тәжірибенің нөмірі, зерттеудің мақсаты, нысан, әдіс, бақылаудың уақыттары, тәжірибелердің қойылған күні болады.
Генетиктің жұмысы белгіні зерттеумен байланысты болғандықтан және тәжірибенің бас кезінде ол белгілердің генетикалық табиғатын білмейтіндіктен (оны анықтау зерттеудің мақсатына кіреді) зерттеудің бастапқы жазылуы төмендегідей жүргізіледі: ата-аналарының ♀ және ♂ таңбаларын жазған кезде, тұқымқуалаушылығы зерттелмекші болып отырған олардың белгісінде (немесе белгілерінде) қоса жазады.
Дрозофиламен тәжірибе хаттаманың үлгісі:
Нысан: Дрозофила
Тәжірибенің мақсаты: бір жұп белгілердің (сұр, қара дене) тұқым қуалаушылығын зерттеу.
1-шағылыстыру: ♀ сұр дене Х ♂ қара дене (тура шағылыстыру)
2-шағылыстыру: ♀ қара дене Х ♂ сұр дене (кері шағылыстыру)
Шағылыстыруды қою уақыты:
Тек ажыраулар негізінде белгінің генетикалық бақылануы туралы, оны бақылайтын гендердің саны туралы мәселелер шешілгеннен кейін ғана гендердің тиісті әріптік бейнелері кіргізіледі де, особьтардың генотиптері мен шағылыстыру сызбанұсқасы жазылады.
Бақылау сұрақтары:

    1. Дрозофила шыбынының басқа нысандармен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар?

    2. Дрозофила шыбынының даму циклі туралы мәлімет бер.

    3. Дрозофила шыбынында қанша хромосома бар?

    4. Гибридологиялық талдау әдісінің ерекшеліктері.

    5. Моногибридті шағылыстырудағы тұқым қуалау заңдылықтары.

    6. Моногибридті шағылыстыру нәтижелерін талдау кезінде Мендель ашқан тұқым қуалау заңдары.

    7. Гаметалардың тазалығы гипотезасының цитологиялық негіздері. Ажыраудың цитологиялық негіздері.

    8. Аллельдер, олардың өзара әрекеттесу типтері: доминанттылық, толық емес доминанттылық, кодоминанттылық, көптеген аллелизм.

    9. Талдаушы шағылыстыру және оның генетикалық анализ үшін маңызы.

    10. Адамдағы қан топтарының тұқым қуалауы. Генетикалық есептер шығару.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет