Талдаушы будандастыру. Организмнің фенотипіне қарап, оның генотипін айыру қиын. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлардың генотипін анықтау үшін талдаушы будандастыру жүргізіледі. Бұл будандастырудың селекциялық зерттеулерде маңызы зор. Талдаушы будандастыру деп бірінші ұрпақ буданын рецессивті гомозиготалы аталығымен будандастыруды айтады. Талдаушы будандастыру арқылы шыққан тегі белгісіз организмнің генотипін тексеріп анықтайды. Егер будандастыру нәтижесінде екінші ұрпаққа доминантты және рецессивті белгілер бойынша ажырау 1:1 қатынасында болса, онда тексерілетін организмнің генотипі гетерозиготалы болғаны. Ал будандастыру нәтижесінде екінші ұрпақта белгілердің ажырауы байқалмай, алынған ұрпақтың барлығы біркелкі бір аналық белгіні көрсетсе, онда генотипі гомозиготалы екенін көрсетеді. Мысалы, қан қызыл гүлді бұршақ өсімдігінің генотипін анықтау қажет. Қан қызыл белгі басым болғандықтан, оның генотипі АА және Аа болуы мүмкін. Ол үшін қан қызыл гүлді бұршақ өсімдігін, рецессивті гомозиготалы ақ гүлді өсімдіктің тозаңымен тозаңдандырады.
Генотип бойынша: 2Аа : 2аа = 1:1.
Фенотип бойынша: 2 қан қызыл : 2 ақ = 1 : 1.
Сонда Ғ2-де алынған ұрпақтардың белгілері 1:1 қатынасында ажырайды. Ұрпақтың тең жартысында доминантты белгі, екінші жартысында рецессивті белгі көрінеді. Бұл жағдай аналық организмнің генотипі гетерозиготалы (Аа) болғанын көрсетеді.
Дигибридті шағылыстыруға алынған ата-аналық шыбындар жұп гендері бойынша әртүрлі хромосоманың локусында орналасуы қажет. Бұл үшін шағылыстыруға жетілмеген қанат vestigal (Vg гені ІІ хромосоманың локусында орналасқан) Бұл мутанттың денесі сұр ( Normal). Ал екінші алынатын шыбын-ның мутанттың түрі денесі қара, жетілген қанатты – ebony. Қара түсті анықтайтын е гені ІІІ хромосомада орналасқан. Бұдан басқа дигибридті шағылыстыруға басқа да комбинацияларды алуға болады
♀ Normal х ♂ ebony = vestigіal
♀ cinnabar х ♂ ebony
♀ blac х ♂ cur
Шағылстыру үлгісін:
♀ х ♂
деп жазамыз: