Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет39/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Тапсырмаларды орындау

  1. Шағылыстыру үлгісін құрастыру және белгілер ажырауының теориялық күтілімін анықтау.

Дигибридті шағылыстырудың үлгісі

Хромосомдар: ′′ ′′′ ′′ ′′′


Формуласы: Р х ♂
Гаметалар: ♀ ♂
Ғ1

Ғ1 Р ♀ х ♂


Гаметалар: ♀ ♂





5 а-кесте
Ғ2 ұрпақтың түзілуі























































  1. Шағылыстыруға 2 – 3 шағылыспаған аналық шыбындар мен 3 – 5 аталық шыбындар жаңа тамақтың ортасы бар пробиркаға салынады.

  2. 10–12 тәуліктен кейін, Ғ1 ұрпақ шыбындарын ұйықтатып, қанатының пішінін, денесінің түсін анықтаймыз. Олар тура және кері шағылыстыруда да бірдей, денесі сұр, қалыпты қанаты болады. Алынған мәліметтерді 6-кестеге енгіземіз.

6-кесте
ebony х ♂ vestigіal дигибридті шағылыстырудағы
гибридологиялық анализдің мәліметтері



Линиялар
және будандар

барлығы

Алынған шыбындар

Ажырау

Normal



ebony



vestigіal

ebony vestigіal

Теориялық күтілім

Тәжірибеден алынған

ebony

3

-

3

-

-

-

-

vestigіal

5

-

-

5

-

-

-

Ғ1 ebony
х vestigіal

104

104

0

0

0

Біркелкі

Біркелкі

Ғ2
ebony vestigіal

466

260

90

87

29

9:3:3:1

8,9:3,1:3:1




  1. Ғ1 ұрпақтағы әрбір комбинациядан 2-3 аналық және 5-6 аталық шыбындары Ғ2 ұрпақ алу үшін, тамақтық ортасы бар пробиркаға саламыз. Әр студентке әр комбинациядан 2-3-4 пробирка болу керек.

  2. 10-12 тәуліктен кейін шыққан Ғ2 ұрпақтағы шыбындарды ұйықтатып, белгілердің (фенотип) ажырауын талқылаймыз.

Алдымен сұр денелі жетілген қанатты шыбындарды санайды, содан соң жетілген қанатты қара денелі, жетілмеген қанат сұр денелі және жетілмеген қанат қара денелерді санап кестеге енгізеді.

14-сурет. Дрозофила шыбындағы дигибридті шағылыстыру

Ғ1 ұрпақта барлық шыбындар сұр денелі жетілген қанатты болады. Бұл қара дене жетілмеген қанат белгілерінің рецессивті екенін көрсетеді. Олар генотипі жағынан гетерозиготалы. Ал Ғ2 белгілер ажырағанда, теориялық күтілуге сәйкес.


Normal , ebony, vestigial, ebony-vestigial (14-сурет).
Тапсырмаларды орындау:
1. Бұршақ өсімдігінің Батыр сортының тұқымын санап, тұқымның түсі сары, бұдыр екенін білу.
2. Бұршақ өсімдігінің Жетісу сортының тұқымын санап, тұқымның түсі жасыл, тұқымның пішіні тегіс екенін анықтау.
3. Ғ1 ұрпақ будандарының тұқымының түсі сары, пішіні тегіс екенін анықтап, дәптерге басым және рецессивті белгілерді жазу.
4. Ғ2 ұрпақта алынған өсімдіктердің барлық тұқымын пішіні және түсі бойынша 4 топқа бөліңдер. Олар: сары тегіс, сары бұдыр, жасыл тегіс, жасыл бұдыр.
5. Әр топтағы тұқымды санап, тұқымдардың әр топтағы сан қатынасын білу. Алынған мәліметтерді 8-кестеге енгізіңдер.
Дигибридті шағылыстыруда жұп белгілерінің тұқым қуалауын зерттегенде, әр жұп белгілерінің тұқым қуалауын қарастыру керек. Ғ2 ұрпақта әр жұп белгілер 3:1 қатынасында ажырайды. Сонда Ғ2 ұрпақтың тұқымның сары тегіс, сары бұдыр, жасыл тегіс, жасыл бұдыр болады. Сондықтан тәжірибеден алынған мәліметтер теориялық күтілімге, яғни 9:3:3:1 қатынасына жақын.
6. Бұршақ тұқымының сары түсі А жасыл түсі а-ға қарағанда доминантты, ал тегіс пішіні в-дан басым.
8-кесте
Дигибридті шағылыстырудағы гибридологиялық талдау



Ата-аналық сорттар және будан-дары

Зерттелген
өсімдіктер

Алынған тұқымдардың сандары





ажырау


оның ішінде

барлығы

Сары тегіс

Сары бұдыр

Жасыл тегіс

Жасыл бұдыр

Теория-лық күтілу

Тәжі-рибеден алынған



5

120

0

1 20

0

0

-

-



5

100

0

0

1 00

0

-

-

Ғ1

5

70

0

0

0

0

-

-

Ғ2

60

112

60

24

20

8

9:3:3:1

7,5:3:
2,5:1

Есептердің шығару жолдары
1. Қызан өсімдігінде сабағының қызыл-қоңыр түсі сабағының жасыл түсінен басым ал жапырағының шетінің тілімді болуы жапырақ тақтасының бүтін болуынан басым. Жұп белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды. Төменгі кестеде үш шағылыстырудың әрқайсысында ата-аналық өсімдіктердің мүмкін болатын генотиптерінің ықтималдығын анықтаңдар (7-кесте).


7-кесте
Үш шағылыстыруда белгілердің ажырауы



Ата-аналық


өсімдіктердің белгілері

Ұрпақтағы өсімдіктер саны





Қызыл-қоңыр жапырағының шеті тілінген

Қызыл-қоңыр жапырағыны шеті бүтін

Жасыл, жапырағының шеті тілінген

Жасыл, жапырағының шеті бүтін

♀ қызыл-қоңыр, тілінген х ♂ қызыл-қоңыр тілінген

258




95


100


28


♀ қызыл-қоңыр, бүтін х ♂ жасыл, тілінген

117


122


126


119


♀қызыл-қоңыр, тілінген х ♂ жасыл, бүтін

98


-


-


-


Берілгені: Қызан. Қызан өсімдік түсінің және жапырақ пішінінің тұқым қуалауы
Шешуі. Есептің шарты бойынша А – қызыл-қоңыр, а – сабағының жасыл түсі, В – жапырағы тілінген, в – жапырағы бүтін.
Бірінші шағылыстыруда: ата және аналық өсімдіктерде А және В аллельдері болғандықтан екі белгілері бойынша доминантты. Ғ1 ұрпақта белгілерінің ажырауынан, ата-аналық өсімдіктер гетерозиготалы – АаВв. Жұп белгілер тәуелсіз тұқым қуалайтындықтан, белгілердің ажырауы 9 : 3 : 3 : 1 қатынасында. Х2 әдісімен тексергенде (Х2 = 2,04, Р > 0,50) белгілердің ажырауы қатынасқа сай келеді.
Екінші шағылыстыру. Есептің шарты бойынша өсімдіктің сабағы қызыл-қоңыр, жапырағы бүтін – Аавв, жасыл сабақ жапырағы тілінген – ааВв, Ғ1- ұрпақта белгілердің ажырауы 2 белгі бойынша жүретіндіктен, ата-аналық өсімдіктердің генотипі әртүрлі гендер бойынша гетерозигота. Аавв және ааВв. Белгілердің ажырауы 1 : 1 : 1 : 1 қатынасында болуы қажет, себебі екі жұп белгілер бойынша талдаушы шағылыстыру жүреді. Х2-әдісімен тексергенде (Х2 = 0,30, Р > 0,95) белгілердің ажырауы қатынасына сай болады.
Үшінші шағылыстыруда. Есептің шарты бойынша қызыл-қоңыр және жапырағы тілінген өсімдіктер генотипінде А және В аллельдері бар, жасыл, жапырағы бүтін өсімдіктердің генотипі – аавв. Ғ1 ұрпақта алынған өсімдіктер жеткілікті болғанмен, белгілердің ажырауы болмағандықтан, түсі қызыл-қоңыр, жапырағы тілінген өсімдіктердің генотипі екі ген бойынша гомозиготалы ААВВ екендігін білдіреді.
Жауабы: 1. Бірінші шағылыстыруда аталық және аналық өсімдіктердің генотипі гетерозигота – АаВв
2. Екінші шағылыстыруда аналық өсімдіктің генотипі Аавв, аталықта – ааВв. Олар гетерозигота.
3. Үшінші шағылыстыруда аталықтың және аналықтың ААВВ х аавв екі ген бойынша гомозигота.


Есептерді шығару жолдары
1. Сұлы өсімдігінің қалыптысы, аса биігінен доминанты, ал ерте пісетін белгісі, кеш пісетін түрінен доминантты. Тұқым қуалайтын жұп гендер әр хромосомада орналасқан.
А. Гомозиготалы қалыпты, кеш пісетін өсімдікпен аса биік ерте пісетін өсімдіктерді будандастырғанда, қанша пайыз қалыпты, ерте пісетен өсімдіктер алуға болады?
Ә. Екі жұп белгілері бойынша гетерозиготалы өсімдіктерді будандастырғанда, қанша пайыз қалыпта ерте пісетін өсімдіктер алуға болады?
Б. Қалыпты ерте пісетін сұлы өсімдіктерін бір-бірімен будандастырғанда 32377 өсімдік алынған. Оның ішінде 15598 аса биік және осындай өсімдік кеш пісетін болған. Аса биік, кеш пісетін өсімдіктердің санын анықтау қажет.
2. Асқабақ өсімдігінің жемісінің ақ түсін А ген, сары түсін а гені, дөңгелек тәрізді пішінін В гені, шар тәрізді пішінін в гені айқындайды. Екі жұп белгілері бойынша гетерозиготалы екі асқабақ өсімдігін бір-бірімен будандастырғанда, жемісінің түсі және пішіні жағынан қанша әртүрлі генотипті өсімдіктер алынады? Осы генотиптерге қанша фенотиптер сай келеді?
3. Адамда қара көзді белгі, көк көздіге қарағанда доминантты, ал оңқайлық белгі солақайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Бұл аталған жұп гендер әртүрлі хромосомаларда орналасқан. Қой көзді оңқай қыз, көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шығады. Олардың екі баласы болған, біріншісі – көк көзді оңқай, екіншісі – көк көзді солақай. Анасының генотипін анықтау керек.
4. Көк көзді оңқай еркек, қара көзді солақай әйелге үйленеді. Олардың бір баласы бар. Ол көк көзді солақай. Ата-анасының генотипін анықтау керек.
5. Әкесі солақай көк көзді оңқай жігіт, қой көзді солақай қызға үйленеді.Қыздың отбасындағы кісілер бірнеше ұрпақ бойы көздері қара көзді болған. Осы некеден туған балалардың фенотипін анықтау керек.
7. Мына төмендегідей жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтар тұқымдарының сыртқы көрінісін анықтау керек
а) ааВв хааВВ; ә) Аавв х Аавв; б) АаВВ х АаВв;
в) ААВв х ааВВ; г) ААвв х аавв; ғ) ааВв х ааВв;
д) ААВв х ААВв.
8. Жасыл тегіс тұқымнан алынған бұршақ өсімдігі сары бұдырлы өсімдіктің тозаңымен тозаңдандырылған. Олардан алынған гибрид ұрпақтың 1/4 сары тегіс; ¼ жасыл тегіс және ¼ жасыл бұдырлы болып шыққан. Ата-аналарының генотиптерін анықтау керек.
9. Дрозофилада денесінің сұр түсі мен қанаттарының қалыпты болуын доминантты В және V гендері, ал қара түсі мен қысқа қанаттылығын рецессивті в және ВвVv гендері анықтайды. Мына будандастырудағы ата-анасымен олардың ұрпақтарының сыртқы көрінісін анықтау керек: а) ВВVV x Bbvv;
ә) ВвVv х ВВvv; б) ВвVv х ввvv; в) ВВVv х ВВVv.
10. Қанаттары қалыпты, түстері қара екі шыбынды будандастырғанда алынған ұрпақтың барлығының денелері қара, бірақ олардың 3/4-нің қанаттары ұзын, ал ¼-нің қанаттары қысқа болған. Ата-анасының генотиптерін анықтау керек.
11. Біреуінің қанаты қалыпты, ал екіншісінікі қысқа қанатты екі қара шыбынды будандастырғанда алынған ұрпақтың барлығының денелері қара, бірақ жартысының қанаттары қалыпты, ал жартысы қысқа болып шыққан. Ата-аналарының генотиптерін анықтау керек.
12. Біреуінің денесі сұр, екіншісінікі қысқа қанатты шыбынды будандастырғанда сұр түсті қанаттары қысқа ұрпақ алынған. Ата-аналарының генотиптерін анықтау керек.
13. Төрт жұп белгілерінде айырмашылығы бар гомозиготалы өсімдіктер будандастырылған: а) Ғ2-дегі будан даралардың фенотип бойынша саны мен кластарының арақатынасын; ә) Ғ2-дегі гибрид даралардың генотип бойынша кластарының санын анықтау керек.
14. Генотипі гетерозиготалы АаВвСсДд өсімдігі рецессивті гомозиготалы өсімдікпен будандастырылған: а) алынған ұрпақтағы генотип бойынша кластар санын; б) ұрпақтың қанша бөлігінде төрт доминантты геннің төртеуінің де бар екендігін; б) ұрпақтың қанша бөлігінде төрт түрлі рецессивті геннің бар екендігін анықтау керек.
15. Гексагибридті будандастыру жүргізілген: Ғ2-дегі генотип және фенотип бойынша кластар санын анықтау керек.
16. Тұқымның түсі мен пішіні бойынша гетеризиготалы ақ гүлді бұршақ өсімдігін өздігінен тозаңдандырғанда болатын фенотиптік ажырауды анықтау керек.
17. Тұқымның түсі мен пішіні, сол сияқты гүлінің де түсі бойынша гетерозиготалы бұршақ өсімдігі рецессивті гомозиготалымен будандастырылған. Ғ1-дегі фенотип бойынша ажырауды анықтау керек.
18. Адамда алты саусақты (полидактилия), жақыннан көру және кіші азу тістің болмауы аутосомдық доминантты белгілер. Ата-аналары осы аталған үш белгі бойынша гетерозиготалы болса, олардың балаларының фенотиптері жөнінде не айтуға болады?
19. Нағашы жағынан әжесі алты саусақты, атасы жақыннан көретін, ал үшінші жұп белгі бойынша екеуі де сау. Шешесінде ата-аналарынан қабылдаған екі патологиялық ген бар. Әке жағынан әжесінің кіші азу тістері жоқ. Осы отбасында туылған балалардың генотиптері мен фенотиптері жөнінде не айтуға болады?
20. Адамда катаракта мен саңырау-мылқаулықтың кейбір формалары аутосомды-рецессивті, бір-бірмен тіркес емес белгілер ретінде тұқым қуалайды. Сондай-ақ үстіңгі жақ сүйегінде күрек тіс пен сойдақ тістің болмауы да катаракта мен саңырау-мылқаулыққа тіркес емес тұқым қуалайтын рецессивті белгі болып табылады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі катарактасы бар саңырау-мылқау, ал үшінші жұп белгі бойынша гетерозиготалы, екіншісі – катаркта мен саңырау-мылқаулық жөнінен гетерозиготалы, бірақ күрек тіс пен сойдақ тістері жоқ болса, осы отбасында үш кемістігі бар балалардың дүниеге келуі мүмкін бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет