Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Бақылау сұрақтар және есептер



бет47/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Бақылау сұрақтар және есептер.
1.Комплементарлық әсер деген не?
2.Гендердің комплементарлық әсері кезінде қандай белгілер түзіледі? Мысалдар келтіріңдер.
3. Егер F2 ұрпақта белгілердің ажырауы 9:6:1 қатынасында және 9:7 қатынасында болса гендердің комплементарлық әсерін қалай түсіндіруге болады.
4.Гендердің комлементарлық әсері кезінде белгілер 9:3:3:1 сан қатынасында ажырайтын болса қанша гаметалар түзіледі.

1-есеп. Жаңғақ тәрізді айдарлы тауықпен қоразды шағылыстырғанда, 279 жаңғақ тәрізді айдарлы, 115 – бұршақ тәрізді айдарлы, 106 – роза тәрізді айдарлы және 35 – жай айдарлы балапандар алынған. Алынған нәтижелерді түсіндіріп, тауықпен қораздың генотипін анықтаңдар.


Ғ2ұрпақта роза тәрізді айдарлы ұрпақтың қанша бөлігі гомозиготалы
Берілгені: Тауық айдарының пішінінің тұқым қуалауы.
Р ♀ бұршақ тәрізді айдарлы Х ♂ роза тәрізді айдарлы

Ғ1 ♀ х ♂ жаңғақ тәрізді айдарлы

Ғ2 279 жаңғақ тәрізді
115 бұршақ тәрізді
106 роза тәрізді
35 жай айдарлы
───
535
Шешуі: 1. Ғ1 – ұрпақтың біркелкі болуы және айдардың көрінуі, олар гомозигота. Белгілер бір жұп белгілердің аллельдерімен анықталмайды.
2. Ғ2 – ұрпақта белгілердің ажырауы моногенді типті емес, 4 фенотиптік класс түзіледі. Белгілер екі жұп белгілермен бақыланады: Бір гаметаның үйлесу мөлшеріне анықтаймыз: 535 : 16 = 33,4. Тәжірибедегі ажырау: 279 : 33,4= 8,4; 115 : 33,4 = 3,5; 106 : 33,4 = 3,0; 35 : 33,4 = 1,0 немесе 9 : 3 : 3 : 1 қатынасында. Х2 – әдісімен (х2 = 4,14 ,р › 0,02) тексергенде 9 : 3 : 3 : 1 қатынасқа сәйкес. Сонымен белгілер екі геннің комплементарлық әсері арқылы анықталады. А – В – жаңғақ тәрізді, А – вв бұршақ тәрізді, ааВ – роза тәрізді және аавв – жай айдарлы. Ажырау сипаты А және В гендерінің тәуелсіз тұқым қуалауымен көрсетеді.
Р генотиптері. ААВВ – бұршақ тәрізді, ааВВ – роза тәрізді, Ғ1 ұрпақтың генотипі АаВв.
3. Генотипі аавв жай айдарлы тауықты генотипі ааВВ роза тәрізді айдарлы қоразбен шағылыстырғанда балапандарының барлығы роза тәрізді айдарлы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет