Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет53/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

6-есеп. Тұқымдары сұр түсті екі өсімдікті будандастырғанда алынған барлық ұрпақтың да түстері сондай болған. Ата-аналық генотиптерін анықтаңыздар.
7-есеп. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті өздігінен тозаңдандырғанда 12:3:1 қатынасындай болып қара, сұр және ақ түсті алынған. Бастапқы өсімдіктің генотипін анықтаңыздар.
8-есеп. Қолда өсірілетін тауықтардың қолтұқымдарында (плимутрок, виандот) А гені түсті қауырсынды бақылайды, ал оның аллелі ақ, леггорн тұқымдарында А гені болғанның өзінде пигментті басып кететін эпистаздық І ген (ингибитор) бар. Оның аллелі і генінің А геніне өзін көрсетуіне мүмкіндік жасайды. ААII генотипі бар леггорндар І генінің эпистаздық әсерінен ақ қауырсынға айналады. Ааіі генотипі бар виандоттар А – пигменттеуінің доминантты аллелі болмағандықтан, ақ қауырсынға ие болады. ААІІ генотипі бар ақ леггорн ақ виандотпен (ааіі) шағылыстырылған. Бірінші және екінші ұрпақтағы қауырсындардың түсі бойынша ажырауды анықтаңдар.
9-есеп. Пияз өсімдігі жуашығының түссіз (ақ) және түсті түрлері кездеседі. Жуашығы түссіз екі өсімдікті будандастырғанда алынған барлық ұрпақтар түссіз болған. Бірінші ұрпақты өздігінен тозаңдандырғанда Ғ2 кезінде белгілердің ажырауы мынадай болады: 13 өсімдіктің жуашығы түссіз, 3 өсімдік түсті. Бастапқы өсімдіктердің генотипін анықтау керек.
10-есеп. Сұлы өсімдігінің қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін доминантты В гені анықтайды. Масағы қара түсті сұлы өсімдігін, сұр түсті өсімдікпен будандастырғанда, бірінші ұрпақ буданында, қара геннің де, сұр геннің қасиеттері білінген. Бірақ зерттеу барысында қара белгі сұр белгіден басым екендігі анықталған, яғни эпистаздық құбылыс байқалған. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы: 12/16 қара, 3/16 сұр, 1/16 немесе 12:3:1 қатынаста ақ өсімдік болды. Ата-аналарының генотипін анықтаңдар.
11-есеп. Жүнінің түсі ақ иттерді қара иттермен шағылыстырғанда бірінші ұрпақта күшіктер ақ түсті болады, ал Ғ2 кезінде 12/16 ақ түске, 3/16 қара түске және 1/16 қоңыр түске ажырайды. Бастапқы форманың және буданның генотипін анықтаңдар. А – қара түсті, а – қоңыр, І – жүнінің түсі бояуын тұншықтырушы; і – жүн түсінің бояуы тұншықтырылмайды.
12-есеп. Жылқыларда сұр белгіні анықтайтын ген С қара түсті генге В эпистазды, ал күрең белгіні в гені бақылайды. Дигетерозиготалы СсВв жылқыны шағылыстырғанда алыңған құлындардың фенотипін анықтаңдар.
13-есеп. Асқабақ өсімдігінің жемісі сары А және а түсті болады. Сары түс доминантты ингибитор геннің әсерінен тұншығуының нәтижесінде ақ түске айналады. Ақ жемісті асқабақ өсімдігін жасыл түсті асқабақ өсімдігімен будандастырғанда бірінші ұрпақта барлық өсімдіктер ақ жемісті болған. Ғ2-де белгілер қалай ажырайды? Бастапқы өсімдіктердің генотипін анықтаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет